400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ 7 сынып "Ғажайып физика

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ғажайып физика» сайыс сабақ


Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілігі: компьютер, слайдтар

Түрі: Ойын. Жарыс.

Барысы: 1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын,

Ағайын тілін табайын.

Бармысыздар бауырлар,

Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.

2-жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар.

Көрермендер аман ба,

Отырған анау, ойланып.

Бірге: Бәріңізге бір сәлем!

2-жүргізуші: Онда кешті бастайық,

Екеуіміз асып-саспайық.

1-жүргізуші: Мінеки мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз.

2-жүргізуші: Физика еді өмірдің

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен

Елімнің өзен, даласы.

1-жүргізуші: Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер, «Ғажайып физика» атты 7-8 сынып оқушылары арасындағы сайыс сабағымызды бастайық.

1-жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар

Сайыстың кезеңдері:

1 - к е з е ң:

І тур. «Сәлем сөздің анасы» (топтардың сәлемдесуі)

ІІ тур.«Физика біздің айналамызда» (физикалық жұмбақтарға жауап беру)

ІІІ тур. «Кім жылдам?» (физикалық жұмбақтарға сұрақтарға жауап беру)

ІV тур.«Бәрін білгім келеді!» (логикалық сұрақтарға жауап беру)

2 - к е з е ң:

V тур. «Ойлан тап» (үй тапсырмасы тәжірибелер көрсету)


2-жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасымен таныс болайық.

1-жүргізуші:  І тур. «Сәлем сөздің анасы» (топтардың сәлемдесуі)

ІІ тур.«Физика біздің айналамызда» (физикалық сұрақтарға жауап беру). Мұнда әр топқа 10 сұрақтан қойылады (1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін ойыншыларға жұлдыздар таратылады, екі тур сайын қортынды жасалып, жұлдыздар саналып, ұпайлар есептеледі.

1-топ.

  1. Табиғат туралы ғылым. (физика)

  2. 10-6 дәрежесі қалай аталады? (микро)

  3. шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады?(пысқан жұмыртқаның айналу жылдамдығы шикіден артық болады)

  4. жылу, электр, жарық, механикалық қозғалыс табиғи құбылыс бола ала ма?(жоқ, олар физикалық құбылыстар)

  5. «Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген?(диффузия)

«Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)

Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)

Дене мен заттың айырмашылығы неде?

Адамға қай кезде көзілдіріктің керегі жоқ? (ұйықтағанда)

Жарық жылдамдығының шамасы неге тең? (3*108 м/с)

2-топ

  1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)

  2. Жердің серігі. (Ай)

  3. Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы... (диффузия)

  4. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы (ақиқат) болжамды ұсынған ғалым. (В.Франклин)

  5. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың. Майшамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)

  1. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)

  2. 1 жұмыртқа 4 минутта пысады. Ал 4 жұмыртқа неше минутта пысады? (4 минутта)

  3. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)

  4. Жәй көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)

  1. Күн шығатын жақ. (шығыс)

Келесі ойыншы: Әбушахма Назгерім

  1. Кемпірқосақта неше түс бар? (7 түс)

  2. Санақ денесінің қозғалыстағы денеден айырмашылығы. (қозғалмайтын дене)

  3. Уранның басқа планеталардан айырмашылығы неде? (өз белдеуіне перпендикуляр бағытта айналады)

  4. Күн бататын жақ. (батыс)

  5. Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)

3-топ

1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2.
Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )
4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )
6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? ( ¾ бөлігі )
10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )

ІІІ-тур. «ІІІ тур. «Кім жылдам?» (логикалық сұрақтарға жауап беру

Бинго ойыны

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

ІV тур.«Бәрін білгім келеді!» (текшелердегі сұрақтарға жауап беру) .Әр дұрыс жауап 5 ұпайдан беріледі.

V тур. «Ойлан тап» (үй тапсырмасы тәжірибелер көрсету).Әр топқа 10 ұпайдан беріледі.

Осымен, сайыс сабағымыз аяқталды.Қазылар алқасына сөз берейік.











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2270
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі