400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ " Абай Құнанбаев"

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс сабақ " Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ғашықтық,құмарлықпен -ол екі жол

Білімділік: оқушылардың қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлы туралы білімдерін толықтыру, махаббат лирикасы туралы түсінік беру. Ғашықтың өлеңдерінің мәнін түсінуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, тіл, сөз байлығын дамыту.

Тәрбиелік: ақын шығармашылығына сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыр; қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін қадірлеуге тәәрбиелеу, сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, жинақтау,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын шығармалары, үлестірмелі қағаздар.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберін құру: оқушылар екі шеңбер құрады: ішінде бір оқушы және сыртында басқалары. Сыртқы шеңбердегі оқушылар қарсы алдындағы сыныптасына жақсы тілек айтып, оң жағына бір қадам жылжиды. Осылайша шеңбер бойымен барлығы бір-біріне жақсы тілек айтумен бастайды.

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.

« Араның ұясы» техникасы арқылы тексеріледі

А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндап беру (ақынға арналға слайдтарын қорғау, өлеңдерінен үзінді жатқа айту) Екі оқушыдан тұратын жұпқа не білгендігі туралы ой бөлісуді, әр жұп кезекпен сұрақтарын қоюды сұрайды.

Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы туралы айтып берсеңіз?/қазақ поэзиясында қысты адам кейіпінде өлеңмен суреттеген /

Абай ел билеу саясатына неше жастан бастап араласқан?13

Абайдың орыс досы кім? Михайлэс

Зорлық-зомбылыты, меірімсіздік пен әділетсіздікті әшкелеп жазған өлеңін атап бер? Сабырсыз, арсыз, еріншек,Қараш, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Болыс болдым мінекей

Табиғат лирикасына қандай өлеңдері жатады?

Қанша қарасөзі бар?

ІІІ Жаңа сабақ: Ғашықтық,құмарлықпен -ол екі жол

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла деп ұлы ақын жырлағандай Абайдың шығармашылығының тағы бір саласы махаббат лирикасымен таныспақпыз. Абай мына жалған дүниеде бес күндік тіршілік үшін айтысып тартыспа бір-біріңнің қадірін біл, алланы сүй алла жаратқан адамды сүй деп анық айтады. Абай поэзиясының өзегі жазба әдебиетінің тарихына көз салсақ сүйіспеншілік, махаббатты жыр еткен бірінші ақын. Абайдың махаббат тақырыбында жазылған өлеңдері эстетикаға толы екенін байқаймыз.Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, әндер шығарып кетті. Бұл тақырыпта кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.

слайд 3

Махаббатсыз- дүние бос,

Айуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар деп келеді. Махаббат тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне, досжарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға хайуанға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

Абай сұл қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жеңешке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.

Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп кетеді.

Слайд№6

Ару жүрек ақырын соғады жай,

Шаршап қалған кеудеме тулай алмай.

Кейде ыстық қан басып кетеді оны,

Дөңбекшіген түндерде тынши алмай деп асыл Тоқжанын армандап қосыла алмайкеткен Абайдың Тоғжанына арналған өлеңі ғой ғашықтық үшін не көрсе де шыдайтынын өлеңмен ашық түрде түсіндіреді.

Слайд№7

Қор болды жаным,

Сенсіз не менің күнім,

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр етсе алла, Не көрмейді пенде? деп тағдырға мойынсұнғандығын айтады.

Слайд№8,9

Ғашықтық , құмарлық пен-ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол,

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Көңілімнің рақаты сен болған соң,

Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.

Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,

Сүйкімді тірі жанға неткен жансың!

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,

Жүдетер безгек ауру сықылданып.

Тұла бой, тоңар суыр үміт үзсе,

Абай ғашықтықты, сүюді, жақсы көруді өз басынан өткізіп тіл шеберлігі мен сөз көркемділігі арқылы жеткізіп айтады. Ғашық жарына - мен не болсам болайын, сен аман бол - деп тұр.

Абай ғашық болды, сүйе білді, сонымен бірге күйінді, сағынды, аңсады махаббаттың жақсы жаманын тартты. Дәмі бұзылмайтын өлең, түсі сарғаймайтын ән қалдырды. Осының бәрін сезініп айта, жаза, ән қыла білген қазақтың бас ақыны Абайдай жаннан айналайын демеске амал жоқ. Қазіргі жазғанымыз Абайдың тек бір қырынан ғана көрінуі...

Слайд 10

Ән « Көзімнің қарасы» деген әнді орындайық бұл ән сендерге бастауыш сыныптан таныс.

Көзімнің қарасы

Көңлімнің санасы

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.

Қазақтың данасы

Жасы үлкен ағасы

Бар демес сендей бір

Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын

Ғашықтық, жастық шағынғын әнге қосады екен

ІV Поэзия минуты /Оқушылар өлеңдерін оқиды/

Слайд №11

«Дана үкілер» ойыны

V Асыл сөздердің жалғасын тап / үлестірме қағаз /

  1. Мәтінмен жұмыс

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

---------------------- (Аздырар адам баласын)

Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

Досы жоқпен сырлас

-------------------------- (Досы көппен сыйлас)

  1. Маңызды өмірлік даналық: бүгінгі тақырыптың негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңдер. / Махаббат сезімі кімде көп болса, ол кісі – шынайы, мейірімге толы адам.

  2. Иллюстрациялық бейнелеу: бүгінгі тақырыптың негізгі ойын сурет, сызба, кесте арқылы бейнелеп көрсетіңдер?

  3. Үлгі боларлық қорытынды:

Абай адам махаббатын осы бір кесек сөзбен сғызып жіберген неткен дана десеңшіІ Өмірді махаббатсыз елестету мүмкін емес. Сонын ішінде сүйген адамыңның арасында. Өмірде әке махаббаты бөлек, ана махаббаты бөлек. Бауыр махаббаты бөлек, дос махаббаты бөлек. Ал өзің ұнатып, өзің сүйген жанның орны тіпті бөлек махаббат. Сондықтан да туыс, дос-жаранымызды,сүйгенімізді ренжітпейік, мына қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізді бағалайық, өмірді сүйейік, біз өмірге күліп қарасақ , өмірде бізеге күліп қарайтын болады.

Слайд №12

VІ Қорытынды баға

VІІ Үйге тапсырма : Өздерің ұнаған бір өлеңді жаттау және махаббат туралы ойтолғау жазу.





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі