400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ « Мен компьютерді білемін »

Материал туралы қысқаша түсінік
информатик муғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс

іс- шара

Мектеп: «Қайназар ауылындағы №1орта мектеп» КММ


Күні: 06.03.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жуасқан Ж.Ш.

Сынып: 8« А,Ә,Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

« Мен компьютерді білемін »

Сабақтың мақсаты

Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі

Зияткерлік ойын

Сабақтың әдісі

ой қозғау, сұрақ-жауап, тест.

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды шапшандыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын,өнер

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

- Көңіл-күйлерін сұрау

Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер 8 сынып оқушыларынан құралған «Turbo Pascal», «C++» және «Excell» топтарының арасында өтетін « Мен компьютерді білемін » атты сайыстың куәгері боласыздар. Бұл білім сайысының мақсаты: сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру

« Мен компьютерді білемін » атты білім сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1 - кезең: «Таныстыру»
2- кезең: «Kahoot»

3- кезең: «Бәйге»

4- кезең: «Тапқырлық»

6-кезең:«Кім жылдам»

Слайд














Сабақтың ортасы



1 - кезең: «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырып өтеді. Талапқа сай қорғаған топтарға берілетін ұпай cаны 5 ұпай.


2- кезең: « Kahoot»

Тест сұрақтары. Жеңімпаз оқушы тобына 5 ұпай беріледі.


3- кезең: «Бәйге»

«Бәйге» бұл бөлімде топбасшылар сайысқа түседі.Берілген түрлі-түсті конверттерді таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Санау жүйесінің түрлерін атаңдар (позициялық және позициялық емес)
2. Компьтердің минимум тізімін атаңыз (жүйелік блок, монитор, клавиатура)
3. Сурет салуға арналған программа (Paint графикалық редакторы)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
5. Драйвердің қызметі не? (компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар, мысалы принтер драйвері, сканер драйвері)
6. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер? (Dr. Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т. б. жатады)
7.
Алғашқы программист әйел (Ада Августа Лавлейс)
8. Компьютерлік графиканың неше түрі бар? (3)
9. Excel-дің жұмыс парағы қанша бағаннан және қанша жолдан тұрады? (256 баған, 65536 жол)
10. Монитордың неше түрі бар (3)

Көк конверт сұрақтары:
1. Компьютерлік графиканың түрлерін ата (растрлық, векторлық, фракталды)
2. Интерфейс дегеніміз не? (комппьтерлік жүйенің құрауыштары мен қатысушылардың арасындағы өзара байланыс)
3. MS Excel дегеніміз не? (сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған  Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа)
4. Ақпараттық процестер?  (сақтау, алмасу, өңдеу)
5. 1байт неше биттен тұрады? (8)
6. Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы (сканер)
7. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
8. Дыбыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Ақпараттық процесті зертейтін ғылым (информатика)
10. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)

Қызыл конверт сұрақтары:
1. Диаграмма деп нені айтады? (бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі)
2. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз (Сызықтық, нүктелік, гистограммалар, сақиналық, жапырақты, цилиндрлік, конустық, көпіршікті)
3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа  (калькулятор)
4. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)
5. Монитордың түрлерін атаңыз  (плазмалық, сұйық кристалды, электронды түтікше)
6. Есептеуіш техника қай ғасырда қарқынды дамыды? (ХІХ ғасырда)
7. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? (Біз дүниежүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «Бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз)
8. Жыпылықтап тұратын тік сызықша (меңзер)
9. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? (1946ж АҚШ-тың Пенсильван университетінде)
10. Антивирус дегеніміз не? (Антивирустар – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай–ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар).

4-кезең «Тапқырлық»  бұл сайыста әр топтан бір оқушыдан шығып шарды жарып өз тобына шардың ішіндегі жұмбақтарды оқиды, ойлануға уақыт берілмейді , шапшандық есептеледі әр жауапқа 1 ұпайдан.

1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)

4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)

5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

6. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені.
(кактус)

7. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)

8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)

9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)


6-кезең. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?   Берілетін уақыт 1 минут.

М    К    А    К    О    М    П
О    Н    К    С    Т    Н    Ь
В    И    Т    У    Ы    А    Ю
И    Т    О    Р    Ш    Қ    Т
Р    П    С    К    А    Р    Е
У    Е    Е    Т    Н    Е    Р
С    Р    Н    А    Қ    Т     А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)

Интербелсенді тақта


Компьютермен жұмыс












Таратпа парақтар



















































Шар











Таратпа сұрақтар
















Сабақтың соңы

Рефлексия


Кері байланыс: «3Қ» әдісі


Сабақты қорытындылау

Сонымен бүгінгі білім сайысы да өз мәресіне жетті.


Жеңімпаздарымызды марапаттау





















Келісемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

Мамыркулова Ү.К__________







«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп бастауыш мектебімен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Тақырыбы: «Мен компьютерді білемін»











Жауапты мұғалім: Жуасқан Ж.Ш.













2019-2020 оқу жылы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
963
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі