400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Ауылым- алтын бесігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне, жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ауылым-алтын бесігім»

Өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларды туған ауылдың тарихын білуге тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  1. Оқушылар туған ауылының жері, тарихы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы мәлімет алады.

  2. Ауылымыздыі болашағы туралы ойланады.

  3. Топ іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастырады.

Құралдар: слайд, бейне таспа.

Сабақтың барысы:

Салеметсіздер ме оқушылар, ұстаздар. Бүгін өздеріңізбен Самей шаһарының беделді де белді мектептерінің бірі, бірігейі киелі шаңырақта сіздердің алдарыңызда тұрғаныма қуаныштымын. Аты-жөнімді таныстырсам Омарова Гүлнара. Сонау Үржар ауданында Қабанбай ауылы деген құтты мекен бар. Ол ауыл басын Арасан тауына жастап, аяғын Алакөл көліне малып жатқан, батыр бабамыз Қабанбай атаның ұрпақтары мектен ететін жер жаннаты Жарбұлақ атанған, кеңес дәуірі кезінде Қызыл Ту орденді қой совхозы болған. Сол ауылда мектепте оқушыларға тәрбие мен білімді беріп келе жатырмын . Өздеріңмен танысқаныма қуаныштымын. Енді өздеріңмен таныстырып өтсеңдер, құрметті оқушылар. Құр атамай өз аттарыңа сын есім жалғаңыздар. Ал сын есім өз аттарыңыздың бастапқы әріпіндей болсын. Мысалы: алдарыңызда, Біліммен сусындырушы Гүлнара апайларың. (Әр оқушы жылдам аттарын атап өтеді)

Өте жақсы. Енді алдымыздағы түстерді таңдап алсақ. (Оқушылар түстерді таңдайды) Осы түстер бойынша 1,2,3 топқа бөлініп отырайық. (Оқушылар орындарына жайғасады)

Құрметті оқушылар, сабағымды Ерсайын Құрманбайұлының мына өлеңімен бастасам деп тұрмын. (Мәнермен оқып береді)

Ерте кеттім ауылдан еріксізден,
Білім алу мақсатым, мен іздеген,
Алматыда қанша жыл болғанменен,
Ауылымды сағынам әр кезде мен.

Жан жағыңа қарасаң тегіс жазық,
Бұлттары да әсерлі, қою, анық.
Қара желі соққанда қаратпайды,
Біздің жақта ақ қарың көп жатпайды.

Ауыл деген керемет түсінгенге,
Қу тіршілік көңіліңді түсіргенде,
Ауылдағы ағайынмен дидарласып,
Сағынышты басасың, күрсінгенде.

Өлеңімнің мазмұнына үңілейікші , Не туралы екен? (әр адам ауылдан білім іздеп ауылдан кетеді, бірақ көбісі қайтып ауылға оралмай сол оқыған жерінде жұмыс істеп, отбасын құрып қалып қояды. Ауылдың әр сәтін сағынышпен еске алады ) Сонымен, қалай ойлайсыздар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

-Ауыл туралы (Дейді балалар)

Дұрыс айтасыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» деп аталады. Ал, мен оқыған өлең жолдарынан не ұқтыңдар?

«Біз, кез келген ұлттың түп тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз» деген президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сөзін сабағымыздың дәйексөзі ретінде алып келдім. Мағынасын қалай түсінесіздер?

(1-2 оқушы мағынасын түсіндіріп береді.)

Ауыл – заты қазақ баласының кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейінгі сан толқын ұрпақтардың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.Ауыл – адамдардың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен – жайы, ұлттық рухының қуат алар қайнар көзі. Ауыл көркейсе – халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі. Ауыл төсінде жайқалып егін өссе, төрт түлік мал өрсе – ауылдың сәні кірмей ме?

Ауыл ұлтымыздың ұйтқысы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев былай деген: «Біз, кез келген ұлттың түп тамыры ауыл жұртында жататының естен шығармауға тиіспіз». Ауыл – қазақ халқының алтын бесігі, салт – дәстүрі, өлең – жыры, өнерімен, мәдениетімен дамыған ордасы.

Сабағымызды әрі қарай өрбіту үшін сіздерге сұрақтар қойғым келеді.

  • 1. Ауылдан келген оқушылар бар ма? (оқушы жауабы)

  • 2.Өз туған жеріңізді несімен мақтан етесіздер? (оқушы жауабы)

  • 3. Ауылды сағынасыздар ма? (оқушы жауабы)

  • 4. Ауыл мен қаланың қандай айырмашылығы бар? (оқушы жауабы)

  • 5. Қазіргі уақытта ауылға қандай жағдайлар жасалып жатыр? (оқушы жауабы)

  • 6. Өз ауылыңыздағы, туған жеріңіздегі қандай жақсы жаңалықпен бөлісесіз? (оқушы жауабы)

  1. «Ауыл» сөзіне синоним айтыңыздаршы?


Жақсы , Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың былтырғы жолдауында ауыл туралы қандай жаңалығы болды? (Әр адам өз туған Туған еліне, туған мектепке тағзым ету керек деді. Жолдау аясында көптеген меценаттар мен ауыл түлектері мектептерінде форумда кездесіп, туған ауылдарына, мектептеріне көмек көрсетуде.)


Сабағымыз әрі қарай қызықты өту үшін мен сіздерге мақал-мәтелдер оқиын жалғасын сіздер жалғастырыңыздар.


Ауыл туралы

Ақылды қыз — ауыл көркі.


Ауыл-аймағыңмен,
Бота-тайлағыңмен.


Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі


Ит үрген жерде ауыл бар.


Ит арық болса
Ауылдың намысы.


Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.


Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.

Алыс деп ауылыңа бармаймысың.


Ауыл болсаң — қауым бол.

Ауылға айтсаң — асар,
Көршіге айтсаң — қосар.

Ауылға барсаң қона бар,
Қамысты көлде сона бар.

Ауылға жақындағанда ит озады.

Ауылда лақ туылса адырдың шөбі көгереді.

Ауылдан шыкқан күні байға қонба, сайға қон: бай пәле болады, сай пана болады.

Ауылдас, ауылдаспен қауымдас.

Ауылдастың анты бір.

Ауылдасың жақсы болса ағайының не керек.
Алғаның жақсы болса айтың, тойың не керек.

Ауылдың жақсылығы жолынан білінер.

Ауыл иті ала болса да бөрі келгеңде бірігеді.

Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша.



Ауыл қарайлас, шаруа орайлас.

Ауыл малы бұралқы ақылы жоқ жаманға (Шортанбай).


Ауыл түбі — бірлік,
Қауым түбі — тірлік.

Ауылы араластың койы қоралас.

Ауылы басқа алдырмас,
Ауылың сені қалдырмас.

Ауылы бүтінді аман де,
Елі бүтіңді есен де.

Ауылы бірдің — аузы бір.

Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

Ауылын көріп азаматын таны.

Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең.
Ауыл сыртында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең.

Әр түлкінің өрісі басқа,
Әр ауылдың қонысы басқа.

Бір ауылда бір үй аш болса, бар үй аш.

Бір ауылдың малын бақпасаң мың ауылдың малын бағарсың.

Елін жамандаған елеусіз қалады.
Ауылын жамандаған атаусыз қалады.

Кесек-кесек дау-жанжал кер кеткеннің аулында.
Кесек-кесек өтірік кер кеткеннің аузыңда.

Көрген жерде ауыл бар.

Күн түспеген үйге құшынас түстенер

Казақ ауылы қарайлас,
Шеру соңы қарайлас.


Көп рахмет! Жақсы атсалыстыңыздар. Қазақ тілі мен әдебиетінен білімдеріңізді көрсеттіңіздер


Ассоциациялау. Енді тақтаға «Ауыл» сөзін іліп қояйын. Сіздер «ауыл» сөзін естігенде ең бірінші не ойларыңызға келеді, соны жазып жіберсеңіздер

Келесі айдар «Ауылда бар, қалада жоқ» деп аталады, Ауылда бар нәрселер қалада жоқ, қалада бар нәрселер ауылда жоқ болады, атап берсеңіздер.

Келесі тапсырма топтық жұмыс. Үш топқа тапсырмалар беріледі. 5-7 минут уақыттан кейін сұралады.

  • Қызыл түстер – Ауыл, туған жер туралы өлең шығару 1-2-3 шумақ

  • Сары түстер – Ауыл туралы шағын эссе жазу

  • Көк түстер – “Ауылымның болашағы қандай болу керек?” шағын жоба қорғау.

«Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл» айдарына кезек берейік. Мен бүгінгі сабақтың қоржынына Ақын, композитор Ж.Бейсенов ағамызды алып келіп отырмын, бірің білерсің, бірің білмессің. Бұл кісі қазір Үржар ауылында тұрады, Үржар ауданының құрметті азаматы. Ақын, композитор. Бүл кісінің шәкірті Айжарық Абылқасымов, Дәулетхан Тастанбеков, Амантай Тұрлыбеков сынды ауылымыздың ақындары. Ж.Бейсенов 1935 жылы 10 қарашада Қытай Халық Республикасында дүниеге келген . Үрімжі қаласында Суар институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. Жарбұлақ ауылында Б.Майлин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген ұстаз. Осы Жабайыл ағамыздың «Ауылым» әнін білмейтін адам жоқ. Ендеше осы әнді бәріміз Мақсат Базарбаев ағамызбен бірігіп орындайық (Бейнеклип қосылады. )


Кіндігімнің жас қаны,


Тамған жерім ауылым.


Шабытымның асқары,


Самғаушы еді ауылым.


Қ а й ы р м а с ы:


Жастығымның күәсі,


Шұрқыраған ауылым.


Жусаны мен жуасы,


Бұрқыраған ауылым. 2 рет


Биік-биік шың, құзға,


Құмар қылған ауылым.


Бүлдіршіндей бір қызға,


Сыңар қылған ауылым.


Қ а й ы р м а с ы:


Әнмен таңды атырып,


Ән салдырған ауылым.


Сары қымыз сапырып,


Тамсандырған ауылым. 2 рет


Көк түтінді шұбатып,


Желек созған ауылым.


Ай көрмесем құмартып,


Жүрек қозған ауылым.


Қ а й ы р м а с ы:


Көк торғындай көктемде,


Сағым қуған ауылым.


Алыс сапар шеккенде,


Сағындырған ауылым. 2 рет

Осындай әдемі әннен кейін сабағымызды аяқтаймын. Өз еліміздің патриоты бола білейік, ауылымызды, қаламызды, туған жерімізді, Отанымызды көркейту, гүлдендіру жолында бәріміз бір кісідей атсалысайық, Сіздердің сол туған жерлеріңізге қосқан үлестеріңіз - білімді де тәрбиелі, саналы ұрпақ болып өсіп шығу. Туған жерге, мектебіңізге бір емес мың тағзым жасасаңыз да артық емес.

Ал, алдарыңыздағы стикерге бүгінгі сабақьта не ұнады, не үйреніп шықтыңыз, нені білгіңіз келеді, сол туралы пікіріңізді жазып, туған жеріңіздің даласына жапсырсаңыз болады.

Осымен сабағымды аяқтаймын . Назарларыңызға рахмет!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі