400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ. "Біз тапқыр баламыз!" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, ойлау қабілетін ұштастыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Бір бірімен қарым – қатынас жасау, көмек көрсету, ұжымдық сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Пайызова Арайлым Думанбеккызы

Жамбыл облысы Меркі ауданы №4 Тілеміс батыр ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы: «Біз тапқыр баламыз»

Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, ойлау қабілетін ұштастыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Бір бірімен қарым – қатынас жасау, көмек көрсету, ұжымдық сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Амандасу.

Сынып оқушыларының 3-топқа бөлінуін таныстыру.

-Балалар бізге ата мен әжеден хат келіпті,оларға көмек керек сияқты қане, оқып көрейік.

Хат

Құрметті тапқыр балалар мен сендерді ақылды, білімді,қамқор бала екендеріңді білемін. Сондықтан сендерден көмек сұрауға тура келді.Бауырсақтың үйге оралуына көмектесіңдер.Ол үшін орман аңдарының тапсырмаларын дұрыс орындасаңдар болды.Сендерден көмек күтемін!

Бауырсақтың атасы мен апасы.

-Балалар, бұл қай ертегі? - Бұл ертегіні бәріміз білеміз бе? Көмектесемізбе? -Олай болса аңдардың тапсырмаларын мұқият,қатесіз орындайық!

1-тапсырма. Қоянның тапсырмасы:

1. Қазір жылдың қай мезгілі? 2.Үй жануарларын ата 3.Қазақстанның рәміздерін ата 4.Қыста не жауады? 5.Қазақстанның астанасы 6.Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреміз? 7.Үй құстарын ата 8.Апта күдерін атаңыз 9.Жылқының төлін ата 10.Геометриялық пішіндерді ата

2-тапсырма. Қасқырдың тапсырмасы:

«Құрастырма сурет». Сурет құрастырып, қандай сурет екенін айту.

(жемістер,көкеністер, үй жануарлары)

Сергіту сәті

3-тапсырма. Аюдың тапсырмасы:

1.Тауық шықты көшеге,

Ерді барлық шөже де.

Алға кетті 7-еуі,

Артта қалды 3-еуі.

Санай алмай барлығын

Есі шықты тауықтың

Сен есепте,балақан,

Қанша еді балапан? (10)

2.Айдоста бар 5-іні,

Естайда бар 2 іні

Қоссақ 5 пен 2-ні,

Қанша болар шешуі? (7)

3.Он асықтың төртеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? (6)

4- тапсырма. Түлкінің тапсырмасы: 3-топқа үш сөз беріледі.Сол сөзді оқып, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.

1-топ: бөрік

2-топ: жусан

3-топ: қобыз

- Өте жақсы.Біз түлкінің тапсырмасын да жақсы орындадық.Ата мен апа сендерге үлкен рахмет айтып жатыр. -Балалар көрдіңдерме? Бүгін түлкі бізді алдамады ол бүгін мейірімді екен бізге бауырсақты қайтарып берді біз енді, бұл бауырсақты қонақтарға береміз.

Қорытынды: -Балалар бүгін біз кімге көмектестік? -Бүгінгі сабақ ұнадыма сендерге? –Несімен ұнады? –Қай тапсырма қиын болды?

Бағалау. Оқушылыр бүгінгі сабақты «бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.



























Рефлексия

0 «Ә» сыныбында «Біз тапқыр баламыз!» атты сыныптан тыс сабақ өткізілді. Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, ойлау қабілетін ұштастыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Бір- бірімен қарым – қатынас жасау, көмек көрсету, ұжымдық сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Оқушыларды 3 топқа бөліп, топпен таныстырдым.Сабақты бауырсақтың атасы мен апасынан келген хатпен бастадым.Ол хатта бауырсақты құтқару үшін аңдардың тапсырмаларын дұрыс орындау керектігі айтылған.


Қоянның тапсырмасы бойынша әр түрлі 10 сұраққа дұрыс жауап беру. Әр сұраққа жауап берген баланы бағалап отырдым.


Қасқырдың тапсырмасы «құрастырма сурет» деп аталды. 3 топқа 3 қиылған суреттер берілді. Балалар топ болып сол қималардан бір сурет құрастырып шығарды.Мысалы: жемістер,көкеністер, үй жануарлары.Сол суретті топ болып қорғады.


Сергіту сәті. (балалар қимылды сергіту сәтін жасады)


Аюдың тапсырмасы логикалық есептер.Жауап берген әр баланы бағалап отырдым.


Түлкінің тапсырмас. 3 топқа 3 сөз берілді, сол сөзді оқып, буынға бөліп және дыбыстық талдау жасады.Жасаған жұмыстарын қорғап, талдап берді.


Сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қойылды. Балалар бүгінгі сабақта бауырсақты құтқарғанын, топтық жұмыстың, қима суреттерді құрастырған кезеңдері ұнағанын айтты.

Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Топпен жұмыс жасай алды және жасаған жұмыстарын түсіндіріп, жеткізе білді.Барлық тапсырмаларды орындады.Топ басшылары өз топтарын қорғай білді.

Әр топ бағалауларын санап,жеңіске жеткен топты мақтадық.Оқушылар бүгінгі сабақты бағдаршам әдісі арқылы бағалады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
1371
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі