400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі еліне саяхат
Әдіс – тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, практикалық.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, интерактивті тақта, мультфильм
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Күндей таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
– Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)
– Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты «Бауырсақ»..

Бұл ертегінің ішінде сендерге арналған көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше ертегімізді бастайық.
-Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бауырсақтың тапсырмасы – жұмбақ шешу.
1. Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)


2. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. (Жапырақ)

Қиқу салып бақырып,
Айқайлауды тауыпты.
Қыт-қыт дейтін шақырып,
Кім біледі...? (Тауық)

Лақтырып бөркін басынан,
Бүйірі қызса, тасыған.
(Құман)
– Өте жақсы, балалар! Бауырсақтың тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Бір кезде оған Қоян жолығып:
– Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
– Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілген терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!»
Қоянның тапсырмасы:
Сиқырлы алма ағашынан әріптерді ата және дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат:
А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң, Ғ, Ж, І, Ә, Ө, Қ, К, Е, Б, И, Й, Г.
– Өте жақсы, балалар! Қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Қасқырдың тапсырмасы:
«Кім жылдам?» ойынын ойна. Бұл ойында 1 – 10 - ға дейін, 10 – 1 - ге дейін сана және «+», «–» таңбалары арқылы есептерді шығар.

– Өте жақсы, балалар! Қасқырдың тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Аю кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Аюға айтып беріп, одан әрі домалай береді. Енлі сендер Аюдың тапсырмасын орындайық. Шатысқан буындардан сөз құраңдар.

Берілген дыбыстардан сөз құраңдар:

А, Т, Ә, П, Ж, Ө, И, Қ, І, Н, Р, Й, У, С, Ң, Б, Е, Д, Л, М, Ы, К, З, О

- – Өте жақсы, балалар! Аюдың тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Түлкі кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Түлкіге айтып беріп, одан әрі домалай кетпекші еді. Бірақ қу түлкі бауырсаққа «әй, бауырсақ әнің жақсы сияқты. Бірақ мен қартайдым. Құлағым жөнді естімейді. Сен маған өлеңіңді тұмсығыма шығып айтсаң мен қуанар едім» Бауырсақ түлкінің айтқанына келісіп, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта жөнеледі. : «Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілген, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоянға, ұстатпай кеттім қасқырға, ұстатпай кеттім аюға, ұстатпай кеттім сағанда» дей бергенде түлкі аузын ашып кеп жібергенде бауырсақ түлкінің аузына түсіп кетеді. Бәрін алдадым деген бауырсақтан алпыс айлалы қу түлкінің қулығы асып түсті. Іс бітті қу түлкі жөніне кетті.

Енді біз түлкінің тапсырмасын орындайық.

Шатысқан буындардан сөз құраңдар.

бұ – ын – ыр – зау – құл – зы – си – кі – қо – лақ – еш – пақ – бо – пақ – та

Тапсырманы орындап болсақ, енді біз «Бауырсақ» ертегісін сомдап берейік.

- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

- Несімен ұнады?

- ертегіге қандай кейіпкерлер қатысты?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1726
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі