400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ: «Эрудит» зияткерлік сайысы, 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Бисенбаева Гулсана Сансызбаевна, «№4 ЖОББМ» КММ-нің математика пәні мұғалімі


Сыныптан тыс сабақ: «Эрудит» зияткерлік сайысы


Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, байқампаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, постер, маркер, шырпы, тапсырмалар.


Сайыс барысы:

1. Логикалық есептер.

1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?      (18)

2. Әкесі 30 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 25 жас үлкен болады. 

30 жылдан кейін, әкесі 60 жас, баласы 35 жас

3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?     (9)

4. Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап: «Менде қанша қызым болса, сонша ұлым бар. Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала?  (6)

5. Алты ағайынды туралы, (Мальчик с пальчик) Пьерро ертегісінде автор не себептен екені  белгісіз, бір отынкесуші отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты. Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған?   (14)

6. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше ер адам бар?  (3) ата , әке , немере

7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын,  бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені? (қызымсың дегені)

8 .  Бір азаматтың әкесі  Азамат Сарсенұлы, ал оның ұлы – Аслан Болатұлы. Ол азаматтың аты-жөні кім?     (Болат Азаматұлы)

9 . Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

10. Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы  қанша алмадан алды? (1) күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)

11.Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)

12.  20 метр матаны  10 бөлікке  2 м-ден бөлу үшін, неше рет кесу керек? (9)

13. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

14. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? (4)

15.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды. Әрқайсысы неше партиядан ойнады?    (2)


«Математикалық термин»

«Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу және азайту» деген сөзден математикалық терминдер құрастыру.


«Капитандар сайысы»

Адам суретін салу ( геометриялық фигуралар, цифрлар, математикалық символдар, таңбаларды  пайдалану керек)


«Команда мүшелерінің сайысы»

1. Бұл саған ...! дейді анасы.

Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай.

Тағатсыздана оның аяқталғанын тосасың. сабақ )


2. Өзі қарбызға ұқсас

        Геометриялық дене

        Біз онда өмір сүреміз                                ( шар)


3.   Үлкендер сөзімен, өмір- ол ...

  1 сынып сонымен  басталады    

   11 сынып сонымен  аяқталады                        (емтихан)


4. Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді

Онымен банк несие береді

Санның жүзден бірі.       ( процент)                   


5. Бір амал бар

    Оның кестесі де бар

    Ал байлыққа байлық  қосылады   (көбейту)    


6. Бөлмеде ол төртеу

    Бұзықтардың мекені

    Транспортирмен өлшенеді.                   (бұрыш)

                                 

  7. Бір, үш, бес, он

          Жиырма, елу

          Жүз, екі жүз, мың бар,

          Әрқайсысының құны бар.  (теңгелер)    


8. Сабақ арасындағы мектептегі ең жағымды сәт

 Өзі тез аяқталады. (үзіліс)


9. Үздіктер оны сирек жасайды

Содан сабақ алады

Ол үшін баға кемітіледі   (Қате)    


10.  Әр есепте бар, оны тауып алуға немесе қарап алуға болады

Анасы баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл. (жауап)    


Викторина:

Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Тесік


Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)


Бір тонна темір мен бір тонна мақтаның қайсысы ауыр? Бірдей


Тауық бір аяқпен  тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша? (5 кг)


Бес бұтақты теректе

Бұтақ сайын  5 алма

Біреуін бер Берікке    

Қалады сонда қанша алма?           ( Теректе алма өспейді)


Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу. Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек? ( 5)


Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды? ( 3 )


Шешуші сайыс: 16 шырпыдан сегіз үшбұрыш шығару.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14.12.2021
1034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12