400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Географиялық круиз" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдер үшін керек .Географиялық апталықта сыныптан тыс сабақ өткенде қажет болады.Оқушылардың қызығушылығын , белсенділігін, тапқырлығын арттырады. Оқушыларды топпен жұмыс жасағанда ынтымақтастыққа,бір-біріне көмек беруге дағдыландырады.Геогрфиядан алған білімдерін қорытындылауға , бір жүйеге келтіруге көмектеседі.Әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау барысында қызығушылығы арта түседі.Қосымша жаңа мәліметтер туралы біле алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Географиялық круиз.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімдерін бір жүйеге келтіру;

2.Ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: сыныптан тыс

Көрнекілігі: карта, кеспе қағаздар, слайдтар


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі

«Глобус» әнімен басталады.Мұғалім сөзі.Түрлі кезеңдер,оқиғалар бізді жаңалық ашуға, саяхатқа итермелейді.Бүгін сендермен алыс аралдағы қазынаны іздеуге сапарға шығамыз.Бүгін 6 «а», 6 « ә» және 6 « в» сынып оқушылары таңғажайып саяхатқа аттанады.Мұғалім саяхаттың маршрутымен таныстырады.

Балалар, « Қазыналы арал» Жаңа Гвинея мен Соломон аралдарының аралығында орналасқан.Ол жерде алтын мен күмістің мол қоры табылған.

Бұл аралды Стивенсон «Қазыналы арал» романында осылай сипаттаған.

Біз бұл аралға бару үшін 6 аялдамаға тоқтап,тапсырмаларды орындасақ , қазынаға қол жеткіземіз.Олай болса саяхатымызды бастаймыз.

Кеме мектеп портынан аттанып кетеді.


1-аялдама. « Сынақ түбегі»


Сұрақ-жауап.

1.Жердің кішірейтілген үлгісі –( глобус)

2.Ең ұзын параллель – ( экватор)

3.Жер сілкіну ошағы – (эпицентр)

4.Жердің су қабығы –(гидросфера)

5.Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем –(промилле)

6.Ең терең көл – ( Байкал)

7.Жер бетінің кішірейтіп жазықтыққа түсірілген сызбасы- ( карта)

8.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама- (Анхель) 9.Жер шарындағы ең ұзын өзен- (Ніл) 10.Жер шарындағы ең биік тау – (Гималай)

2-аялдама. «Картографиялық арал»

Кескін картаға қойылған сандардағы нысанның атауын жазу.


3-аялдама. «Тапқыр болсаң,тауып көр »

Берілген атаулардың артығын табу.


1.Амазонка,Ніл,Ертіс,Байкал,Жайық

2.Алтай,Гималай,Анд,Альпі,Африка

3.Ніл,Балқаш,Каспий,Виктория,Танганьика

4.Памир,Гренландия,Исландия,Мадагаскар,Гавай


4-аялдама. « SOS »


Балықшылар кемесі апатқа ұшырап, 10 күннен бері ашық теңізде жүр екен.Карталары жоғалған,бізден көмек сұрайды.Көмектесеміз бе?

Олардың географиялық координатасы: 25 с.е. 170 б.б.- ( Гавай аралы)



5-аялдама. « Пошта »


Конверттерге атаулар мен ұғымдарды бөліп салу.


« Гидросфера » - цунами,Каспий,шығанақ,батпақ,артезиан суы,Балқаш.

« Литосфера » - мантия,кратер,эпицентр,Гималай,қырат,үгілу.

« План және карта » - масштаб,азимут,карта ,көкжиек,оңтүстік,тұсбағар.


6-аялдама. « Жұмбақтар »


Теңіз қарақшысы шығады. Жұмбақтардың шешуін тапсаңдар , қазынаны аласыңдар дейді.

1.Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.

(бұлт)

2.Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,

Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.

Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.

( өзен)

3.Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.

(жаңбыр)


4.Бар екен бір мақұлық боздайтұғын,
Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын.
Жаһанды жалпағынан басып өтіп,
Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын.


(жел)

5.Үлкен, үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.


( тау )


Сабақ соңында ұпайларды есептеп, жеңіске жеткен сыныпты анықтау.


« География » әнімен сабақты аяқтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі