Материалдар / Сыныптан тыс сабақ Көңілді математика сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ Көңілді математика сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ Көңілді математика сағаты, тақырып бойынша Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу. Қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, есептер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
969
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көңілді математика сағаты» атты сайыс.



Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар,
есептер


Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.



Әдісі: сұрақ – жауап
Түрі: зергерлік сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта


МҰҒАЛІМ:

 Бүгінгі сайыс төрінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Шабыт тасып шалқысын.
Мұнда қызық тағы бар,
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Біліктілігі мен білімін,
Ұқыптылықпен тыңдай отырып,
Оларды бағалай біліңіздер!




1 - сайыс Таныстыру.
(Әр сынып өз тобын таныстырады. Топтың атын қорғау, ұраны, топ мүшелерін таныстыру.)

2 - сайыс «Кім жүйрік!»


Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)


Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)


Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)


100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)


3- Сайыс

Санамақтар

YI. «Мақалды жалғастыр» ойыны.

* Білгенің бір тоғыз,

...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)

* Батыр бір рет өледі,

...................................(Қорқақ мың рет өледі)

* Екі аяқтыда құрдас тату,

.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)

* Жалғыз ағаш үй болмас,

.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)

* Ақылсыз достан мың сақтан.

................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)

* Елуінде – ер дана,

...............................................(Елуінде – ел жаңа)

* Қалтаңда жүз теңгең болғанша,

...................................................(Өмірде жүз досың болсын)

4 – сайыс


«Логикалық тапсырма»



1 - топ:
1. Аюда 9 килограмм бал болды. Бірнеше килограмм бал жегеннен кейін аюда 4 килограмм бал қалды. Аю неше килограмм бал жеді? (5 кг)

2. Арайдың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді. Неше ашылмаған сыйлық қалды? (4 сыйлық)


2 - топ:
1. Бауыржан 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады. Бауыржанда неше сурет қалды? (3 сурет)
2. Дүкенге 7 кг жеміс әкелінді. Оның 3 кг алма, қалғаны алмұрт. Дүкенге неше килограмм алмұрт әкелінді? (4 кг алмұрт)

5 – сайыс «Бәйге»


Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Егер қойылған 5 сұраққа да дұрыс жауап берсе 5 бұрыш, 4 сұраққа жауап берсе 4 бұрыш, 3 сұраққа жауап берсе 3 бұрыш беріледі.

1 - топ:
1. 1 дм - де неше см бар? (10 см)
2. 100 см - де неше м бар? (1 м)
3. Уақыт және оның бірліктерін ата? ( секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр)
4. 1 сағ. + 18 мин. Дегеніміз неше минутқа тең? (78 минут)
5. 1 сағатта қанша минут бар? (60 минут)

2 - топ:
1. 1 метрде неше дм бар? (10 дм)
2. Азайтуды қай амалмен тексереді? ( қосу амалы)
3. Ұзындық және оның бірліктерін ата? (сантиметр, метр, дециметр, километр)
4. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
5. 1000 граммда неше килограмм бар? (1 килограмм)


көрермендермен сайыс



1. Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығарды. Баян неше есеп шығарды? (5 есеп )
2. Дәрігер бірінші күні 7 бала, ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады? (10 бала)





6- сайыс
«Жаңылмастан айтып көр!»
Математикалық жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу.

Жаңылтпаштар.
Кім сызғышсыз?
Біз сызғышсызбыз!
Сызғышсыздарға,
Сызғышсыз сызғыз.

Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,
Тең - тең бұрыш, тұтас бұрыш,
Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш,
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш.

Жұмбақтар.

Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген.
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.


Санау үшін адамды, талды, малды,
Ертеден мұра болып қалды,
Көбейтіп, бөліп, азайтып,
Қосамыз күнделікті ол санды.
(натурал сан)
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап.
(икс )

7 - сайыс


I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.

Есеп – 1.

Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп.Еттен жасалған самса 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?

Шешуі: 14 – (2*3)= 8 с.

Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.

Есеп – 2.

Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды.

Сонда Қожанасырда неше тиын болды?

Шешуі: 5 * 3 * 3 = 45 тиын



Көрермендер

Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?

Шешуі: 100 * 4 = 400



Қорытындылау . Жеңімпаздарды марапаттау.

Жүзген кеме тұманда,
Неге адасып кетпейді.
Немесе ол бір маңда,
Төмен неге шөкпейді,
Оны сақтап қалатын,
Математика - ғылым бұл,
Сондықтан да ерінбей,
Сол ғылымның тілін біл!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!