Материалдар / Сыныптан тыс сабақ "Математика - ақыл-ой гимнастикасы" 11-сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ "Математика - ақыл-ой гимнастикасы" 11-сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 11-сынып оқушыларының арасында өткізілген сыныптан тыс сабақтың жоспары. Берілген сыныптан тыс сабақ 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау мақсатында өткізілді. Математика және математикалық сауаттылық сабақтарынан көптеген есептер шығарылды. Көп тест тапсырмалары шешілді. Сергіту сәті жүргізілді. Сабақтың негізгі жоспары өте ұтымды жасалған, уақытты артық кетірмейді, әрі қызықты, әрі оқушыларды шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелейді. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1643
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Математика – ақыл-ой гимнастикасы» 
(сыныптан тыс сабақ 11 сыныптар) 
Мақсаты: 
Оқушылардың білімдерін бақылау, әр түрлі тақырыптарда есептер шығарту арқылы ақыл-ойына гимнастика жасау, талаптарын ұштау, тапқырлыққа баулу, өз бетінше дұрыс ойлап, қисынды пікір айта білуге дағдыландыру. Кез – келген кезеңде тығырықтан шығудың жолын таба білуге, өзін-өзі басқара білуге бағыттау. Ұжым арасында ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 
Сабақ түрі: 
сыныптан тыс сабақ 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат тар, конверттер, шарлар, түрлі түсті қағаздар, ұяшықтар және стикерлер
Сабақ әдісі: іздену, сұрақ – жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке-дара жұмыс, ұжымдық жұмыс
Сабақ барысы:

Сабағымызға қош келдіңіздер! Сабақ ҰБТ-ға дайындық мақсатында 11«А» және 11«Г» сыныптарының қатысуымен өткізіледі.

Оқушылар «Білім ағашынан» есеп жазылған стикерлерді алып, ауызша шығарып өз топтарын анықтайды (мысалы, есебінің жауабы 2, демек II – топ).

4 топ құралады. Оқушылар топтың атын таңдап, топ басшысын сайлайды.

4 топқа 4 есеп бере отырып, бүгінгі сабақ тақырыбын анықтаймыз.

I – топ

2 информатика

3 математика

4 физика

II – топ

ақыл

11 білім

-15 сана

III – топ

1 зейін

3 логика

5 ой

IV – топ

2 патшасы

0,25 гимнастикасы

4 шыңы

Оқушылармен ойласа отырып, сабақтың мақсатымен танысамыз.

Негізгі бөліммен танысып алсақ: 
І тур – Үй тапсырмасын тексеру
ІІ тур – «
Иә» немесе «жоқ» ойыны 
ІІІ тур – «
Білім арқаны» 
IV тур – «Сергіту сәті» 
V тур – «Кім жылдам?» 
VI тур – «Ұшқыр ойлы топ»

Үй тапсырмасын «сәлемдеме» беру арқылы тексеру, сағат тілімен айналдыра дәптерлерін келесі оқушыға ұсыну, есептерді тақтада көрсетілген дұрыс варианттар арқылы тексеру. Неше дұрыс жауабы бар екенін топбасшыға белгілетеді.
«Иә» немесе «жоқ» ойыны. Тақтадағы конверттердің бірін таңдап, берілген сұрақтарға иә немесе жоқ деп қана жауап беру керек.

«Білім арқаны»

  • Сыныпта 36 оқушы бар. Әрбір 4 қызға 5 ұлдан келеді. Сыныпта неше қыз, неше ұл бар?

  1. 10 қыз, 26 ұл В. 16 қыз, 20 ұл С.20 қыз, 16 ұл

D.12 қыз, 24 ұл E. 10 қыз, 26 ұл

  • Бес бала 5 сағатта 5 балықты тазалайды. 100 бала 100 балықты неше сағатта тазалайды?

100 B.500 C.200 D.50 E.5

  • Егер екі санның қосындысына олардың айырмасын қосса, онда мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

  1. Олардың қосындысының жартысы B.Берілген санның бірі

C. Олардың екі еселенген айырмасы D.2-ге көбейтілген осы сандардың бірі

E. 2-ге бөлінген осы сандардың бірі

  • Қосындысы 16, ал айырымы 4 болатын екі санның көбейтіндісі қаншаға тең?

  1. 56 B.70 C.60 D.52 E.50

  • 1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 цифры неше рет қайталанады?

A.10 B.11 C19 D.20 E.21

  • Әкем 31 жаста болғанда мен 8 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан 2 есе үлкен. Қазір мен неше жастамын?

A.15 жас B.17 жас C.19 жас D.23 жас E.21 жас

  • Таблицаға сәйкес келетін формуланы көрсетіңіз:

X

1

2

3

4

5

y

2

5

10

17

26

A. B. C.

D. E.

  • Қашан теңеседі? Бір ананың 3 қызы болады. Анасы 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал кенжесі 2 жасқа толады. Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі?

A. 5 жылда B. 10 жылда C. 12 жылда B. 17 жылда D.20 жылда  

  • Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп, оны жаңғақ саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды. Сонда кіші үймедегі жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем болуы керек. Жаңғақтарды қалай бөлуге болады?

A.100;30 B. 80;50 C. 120;10 B. 110;20 D.90;40

  • Қыңырдың жасы. Есепке құмар бір кісі қыңырдан: Жасың нешеде?- деп сұрапты. Сонда ол:

Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?

A. 17 B. 20 C. 10 B. 15 D.18

«Сергіту сәті»

«Кім жылдам?» әр топтан бір оқушы шығып есеп шығарады.

«Ұшқыр ойлы топ» топтық жұмыс.

Логикалық сұрақ қойылады.
Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген. Жауабы: 8 балық 

Топпен бірлесіп бірінші болып жауабын тапқан топқа ұшқыр ойлы топ деген атау беріледі. Топтық ұпайлары ең көп топ Жұлдызды топ атауымен аталады. Жәнеде жалпы ұпайы ең көп оқушы бүгінгі сабағымыздың жұлдызы деп атап көрсету.

Не үйрендік? Не білдік?

Бүгінгі сабағымызға қорытынды жасап өту, сабағымыздың мақсатына жете алдықпа талқылау. Сабағымыз оқушылардың көңілінен шықтыма? Түсінікті болдыма? Білім ағашына стикер жапсыру арқылы білім шкаласынан анықтау.

Үйге тапсырма беру:

153, №160, №163, №171, №183, №187, №192, №223, №229, №246.

Осымен «XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты математика, физика, информатика пәндері онкүндігіне орай өткізілген «Математика – ақыл-ой гимнастикасы» атты сабағымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!