400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ: "Математикалық пирамида" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім тәжірибесімен алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 9



Сабақ тақырыбы

Математикалық пирамида

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.


Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу.

  1. топ

  2. 2 топ

  3. 3 топ

Жоспары:

  1. Математикалық тілектер

  2. Логикалық сұрақтар

  3. Есепке кім жүйрік

  4. Сиқырлы әріптер (топтар берілген әріптерден математикалық терминдер құрастыру керек).

  5. Әр қолда - өзінің ісі (оң қолымен төртбұрыш, сол қолымен үшбұрыш сызу)

  6. Сіріңке шилерімен есеп шығару (шилерді қозғау арқылы).

  7. Математикалық сөзжұмбақ (оқушылар математикалық сөзжұмбақ шешеді)

  8. Жеңімпаз топты анықтау.

Слайд №1-3


Қосымша 1



Сабақтың ортасы

1. Математикалық тілектер (әр топ қарсылас топтарға математикалық терминдерді қолдана отырып тілек тілейді).

2.Логикалық сұрақтар (әр топқа 5-тен логикалық сұрақтар қойылады. Тез және жылдам жауап беру керек).

1 топ

1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

2. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

3. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

4. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

5. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )


2-топ

1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

2. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )

3. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? (Шешімі: Жанат — ұзын)

4.Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? (Жауабы: Медет)

5.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (Жауабы: үш)

3-топ

1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (Жауабы: үшеу)

2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жауабы: жоғары)

3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (Жауабы: шырпы)

4.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

(Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса)

5.Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?

(Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат)

3.Есепке кім жүйрік? (әр топқа есеп беріледі. 2 минут ішінде берілген есепті шығарулары керек).

1 топ

Үш бірдей санның көмегімен отыз санын алуға бола ма?

(Жауабы: 6 · 6 - 6= 30; 33 + 3 =30; 33 - 3 =30; 5 · 5 + 5 =30,)


2-топ

Бес тоғыздықпен он санын қалай алар едің? (Жауабы: ; немесе тағы да ; )

3-топ

Бес бірдей сандармен 100 санын өрнектеуге бола ма? (Жауабы:

4.Сиқырлы әріптер (топтар берілген әріптерден математикалық терминдер құрастыру керек).

С

І

Р

К

Б

И

Ы

Т

Ұ

Ш

Ү

Н

Е

(БҰРЫШ, НҮКТЕ, ҮШБҰРЫШ, БЕС, ЕКІ, БІР, ТЕКШЕ, ҮШ, СЕКСЕН, )

5.Әр қолда - өзінің ісі (оң қолымен төртбұрыш, сол қолымен үшбұрыш сызу)

6.Сіріңке шилерімен есеп шығару (шилерді қозғау арқылы).

8 сіріңкеден 2 квадрат және 4 үшбұрыш болатындай етіп орналастыр.

7.Математикалық сөзжұмбақ (оқушылар математикалық сөзжұмбақ шешеді)

1. Бір  ағаштың  он  екі  бұтағы  бар, Әр  бұтағында  отыздан  жапырағы  бар. Жапырақтың  бір  жағы  ақ, Бір  жағы  қара   кәнеки  ойлан  тап. (Жыл,  ай,   тәулік,     күн  мен  түн )


2.Атадан  он  баламыз, бір-бір жастан  арамыз. Қосылып  кейде  басымыз, азайып  кейде  қаламыз. Бөлініп  кейде  арамыз, көбейіп  те  аламыз (Цифр)

3.Мені  көрде  — жерді  көр, Қозғалыстың  көкесі. Айналыстан  туады, Планеталар  бір-бірін, Шыр  айнала  қуады. (Шеңбер)

4.Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер. (8)

5.Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

6. 2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған? (2007)

8.Жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау




Сабақ соңы

Рефлексия


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?


Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі