жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс сабақ "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" 2 сынып
Сабақтың тақырыбы. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.
Сабақтың мақсаты.
1.Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге, сөз жүйесін таба білуге, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. 2. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым- қатынасқа, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс, талдау.
Көрнекілігі: халық ауыз әдебиеті бойынша мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер, слайд.
Сабақтың барысы. Құрметті оқушылар! Бүгін біздің сыныбымызда «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр. Сыныпты 4 топқа бөліп өткізгелі отырмыз.
1-топ. Шешендік өнер
2-топ. Айтыс өнері
3-топ. Ертегі тобы
4-топ. Өтірік өлең тобы
Бұл сабақ сайыс сабақ болғандықтан, әділқазылар алқасын сайлап аламыз.
Мұғалім сөзі. Алдымен мақал-мөтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек. Мақал- мәтел- ата бабамыздан қалған асыл мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел - тәрбиелік мәні зор рухани байлық. Осы тұста мақал мен мәтелдің айырмашылығын айтып кеткім келіп отыр. Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт ел үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Жұмбақ та халық ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы:
Тұрғанмен жырақ өзі, Таусылмайтын шырақ көзі. (Күн).
Халқымызда «тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді»,- деген қанатты сөз бар. «Мақал - сөздің мәйегі»,- деп те айтады. Бүгінгі сабағымызда сендердің ойлау жүйелеріңді, тапқыр сөйлеу, сөз өнері туралы білімдеріңді байқаймыз.
1-айналым. «Кім көп біледі?». Әр топтан бір оқушыдан шығып, (1 минут) белгілі бір уақыт ішінде мақал – мәтел айтудан жарысады.
2-айналым. «Мақал - сөздің мәйегі». Экранда мақал –мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады.
1-топ. Шешендік өнер 1. Кітап – білім бұлағы, ...... ( білім –өмір шырағы. 2. Досы көпті жау алмас, .....(ақылы көпті дау алмас). 3. Бала – бауыр, ..... (дос –тамыр)
2-топ. Айтыс өнері
1. Еңбек етсең ерінбей, ...... (тояды қарның тіленбей). 2. Жері байдың, .....(елі бай) 3. Ақыл – азбайтын тон, , ..... (білім таусылмайтын кен).
3-топ. Ертегі тобы
1.Жақсы кісі байқап сөйлер, .... (жаман кісі шайқап сөйлер). 2. Көз жетпеген жерге, ..... (сөз жетеді.) 3. Өнерлінің қолы алтын, ... (өлеңшінің сөзі алтын).
4-топ. Өтірік өлең тобы
1.Еңбектің наны тәтті, .....(жалқаудың жаны тәтті). 2.Өз елім, ....(өлең төсегім). 3. Балапан ұяда не көрсе, .... (ұшқанда соны іледі)
3-айналым. «Ойлы болсаң, озып көр» - деп аталады. Мен сұрақ қоямын, соған сұрақтағы сөзді пайдаланып, мақал не мәтелмен жауап бересіңдер. Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады? Жауабы: Жылы жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.
1-топ. Шешендік өнер
1.Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады). 2.Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай). 3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді).
2-топ. Айтыс өнері 1. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық). 2. Ең тәтті не? (Ананың сүті – тәтті, баланың тілі тәтті). 3. Адамның қай мүшесі –қорқақ, қай мүшесі- батыр? (Көз қорқақ, қол батыр).
3-топ. Ертегі тобы 1. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман). 2. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын) 3. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Ер бір рет, қорқақ мың рет өледі).
4-топ. Өтірік өлең тобы 1. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (отан үшін отқа түс, күймейсің). 2. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық). 3. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз).
4-айналым. «Жүйрік болсаң, шауып көр» Өрнектің мәнін табу арқылы табылған сөзге мақал құрастыру.
1-топқа
7 – 2 – 1 = □ р
5 – 4 + 1 = □ и
4 – 1 – 2 = □ с
2 + 3 – 2 = □ ы
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
2-топқа
9 – 2 – 1 = □ а
10 – 4 + 0 = □ а
8 – 2 – 1 = □ б
6 – 3 + 5 = □ л
5 |
6 |
8 |
6 |
|
|
|
|
3-топқа
1 + 6 - 3 = □ е
5 +2 + 2 = □ ә
4 + 5 – 1 = □ п
5 + 4 – 2 = □ д
9 |
7 |
4 |
8 |
|
|
|
|
4-топқа
8 – 2 + 4 = □ р
9 – 5 + 1 = □ н
8 – 3 + 2 = □ ө
7 + 2 – 5 = □ е
7 |
5 |
4 |
10 |
|
|
|
|
5-айналым. «Кім тапқыр?» Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
Мұғалім: мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын 3 тілде айтасыңдар.
1-топқа:
Білімнен мол сый – асы
Балғындардың ұясы
(мектеп – школа - school)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді
(ұстаз – учитель – teacher)
2-топқа:
Ұшымен қазық
Тор көзді жазық
Үстінен өттім
Асыл сөз жазып
(дәптер – тетрадь - copybook)
Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады
(қоңырау – звонок - bell)
3-топқа:
Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі
(сызғыш – линейка - rule)
Оқу білім аспабы
Қоймасының бас қабы
Бөлмесі де бірнешеу
Тиегі бар ашпалы
(портфель - school bag)
4-топқа:
Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан
Жазып аламын көшіріп
Сүртем сосын өшіріп
(тақта – доска – board)
Қабат-қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін
(кітап – книга - book)
Қорытынды. Ата-бабадан қалған асыл мұра – мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды ұмытпай, жадымызда сақтап жүрейік. Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларға рахмет айтамыз. Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында, жеңген топты марапаттау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген