400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Поэзия кеші"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Поэзия кеші

Мақсаты: Абайдың өмірі туралы түсіндіру, өлеңдерінің мазмұнын ашу. Туған тілдің қадірін білу, сол жолда аз еңбек, ерлік істелмегенін ұғындыру. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға машықтандыру, жетілдіру, өлеңдердің тәрбиелік мәнін ашып, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін суюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Нақыл сөздер, шумақ өлеңдер, буклеттер, ребус, Абай суреті, шарлар.

Сабақ барысы

1Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім кіріспе сөзі

-Қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын, оның таңдаулы туындылары дүние жүзінің поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны-білген адамға айқын шындық.Сан ғасырлық бай поэзиясы ел қамын жоқтаған жүздеген ерен жүйрік жырау, жыршы ақындары бар қазақ әдебиетінде оның орнының ерекше болуы тегін емес.

Біз кім туралы айтып жатырмыз? –Кемел ақын, кемеңгер ойшыл -Абай Құнанбаев туралы айтып жатырмыз.

Тіл ұлттың жаны, тіл-ұлттың қазынасы.Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. «Тіл-құрал»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқан.Тіл арқылы біз бір-бірімізбен сөйлесеміз, ара қатынасқа түсеміз, араласамыз.Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл емес пе?.

-Біздің қазақ тілі-бай тіл,оралымды, ырғақты теңеу-бейнеулері ерте туған тіл.Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін.

-Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиеттерде бірінші рет мазмұнын байыта отырып, молынан пайдаланған адам- Абай Құнанбаев. Абай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен.

Мұғалім сөзі

-Олай болса біздің бігінгі сабағымыздың барысы қазақ лирикасының алыбы,сазгер,ақын,данышпан, қара сөздің шебері-Абай атамыздың өлеңдерінен үзінді оқумен жалғасады. (Абай өмірінен қысқаша мағлұмат)



1 слайд. Абай суреті

2 слайд. 1.Ғылым таппай мақтанба»

Мұғалім сөзі

Бұл өлеңін 1886 жылы жазған екен.Бұл өлеңде жалықпай іздену, көп оқу, табандылықтың керек екендігі айтылады.Бес жақсы қасиетке үйір бол, бес

жаман қасиеттен аулақ бол, сонда абыройлы адамгершілігінің зор азамат боласың дегенді өсиет етеді.

3 слайд.2.Әсемпаз болма әрнеге (тақтадан)

Бұл өлеңінде Абай белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат бол, өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтады.

4 слайд. 3.Қысқы табиғат

Мұғалім сөзі

Абай атамыз жылдың төрт мезгілін арнайы тақырып етіп, тамаша өлеңдер жазған екен.Бұл өлеңдері 1886-1890 жылдар аралығында орыс, батыс классиктерін еркін меңгергеннен кейін болған.

«Қыс» өлеңі.

Қыс өлеңінде қысты жанды адам бейнесінде суреттейді.


«Кім жүйрік?»

(сұрақ-жауап)

1. Абай Құнанбаев кімнің ертегі әңгімелерін тыңдап өскен? (Әжесі Зере) 2. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»-кімнің сөзі?

(Ы.Алтынсарин)

3. «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазды? (М.Әуезов) 4.Абай туралы «Қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазған кім? (М.Әуезов)

5. –Шүкіршілік, әке, -деп біраз тұрды да:-ат барған соң дәріс тамам болмаса да,хазіреттің рұқсатын,фатиқасын алып қайттым,-деді.Бұл сөздерді айтқан кім? (М.Әуезов)

6.Мысал деп қандай шығарманы айтады? 7.Абайдың қанша қара сөздері бар? (45) 8.Абай қандай Шығыс ақындарының әдеби мұраларымен танысады? (Низами, Фирдауси, Сағди, Науаи, Физули) 9.Абай алғаш кімнен хат таниды? (Ғабитхан деген татар молдасынан) 10.Әкесі Абайды қанша жасында оқуға береді? (10 жасында)


Мұғалім сөзі 5 слайд.Көктем суреті

«Жазғытұры» өлеңінде қыстан қиналып шыққан ел қуанышына ортақтас болып, жадыраған кәрі жастың көңіл-күйін, табиғат бейнесімен байланыстырады.

6 слайд. Жаз суреті

«Жаз» өлеңінде табиғаттың сұлулығын, көкорай шалғын шөп, жан-жануар, құстар тіршілігіндегі өзгеріс туралы айтады. 7 слайд. Күз суреті

«Күз» өлеңінде көщпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу тартқан бейнесін суреттеген



«Жалғасын тап» ойыны.

1.Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ......................


2.Шеңбердің қолы ортақ

Шешеннің ......................


3.Ақыл көркі тіл

Тілдің................


4.Бас кеспек болса да

....................................


5.Таяқ еттен өтер

Сөз......................

8 слайд. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы.

Бұл өлеңде ақындық өнерге ерекше ден қойып, жоғары бағалаған.Ақынның тілі өткір, сөзі салмақты, ойы терең болуы керек деген.Ат шапан үшін өнерді саудаға салу, сөз қадірін кетіру арсыздық деп қарады.

9 слайд. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Бұл өлең 1885 жылы жарық көрген.Ол өз өкінішін білдіре отырып,жастарды ғылым-білім үйренуге үндейді.

10 слайд. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» -өлеңінде бас пайдасы үшін қандай да болмасын жексұрындық іс-әрекетке жақын тұратындардың мінез-құлқын, іс-әрекетін ақын ащы уытты тілмен сипаттаған. 11 слайд. «Желсіз түнде жарық ай»-өлеңінде ақын жазда өзен жағасына көшіп келіп қонып отырған мал баққан ауылдың өмір тұрмысын шебер сипаттаған.


Мұғалім сөзі: Абай ақындық өнер еріккеннің ермегі емес, ол-қоғамды түзетуші ұлы күш деп қарады.


-Ұлы ақынның қанша қара сөздері бар? (45 қара сөзі бар)


-Қарасөздер Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады.Себебі: 1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл одан әрі көп еңбек жаза алмаған.Сөйтіп ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.

Сабақты қорыту

-Осымен бүгінгі Абай поэзиясына арналған сабағымыз аяқталды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі