Сабақтың тақырыбы: Қазақ –қонақжай
халық.
Сабақтың эпиграфы: «Қазақ дәстүрі тек ата-ананы
ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды»
Ғ.Мұстафин
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша
алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту,
қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге
үйрету.
дамытушылық: тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетіне,
өзінше ойын білдіруге, біреудің пікірін тыңдай білуге,
шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.
тәрбиелік: тыңдаушылардың бойына ұлттық сезімді
қалыптастыру, қазақ халқының мәдениетін үйрету . Оқушыларды
алғырлыққа, тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу, үлкенді
сыйлауға,кішіпейілдікке,әдет-ғұрпымызды үйренуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы .
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Сайыс сабағы болғандықтан сынып оқушыларын екі
топқа бөлеміз.
І
топта - 6 оқушы, ІІ топта - 6 оқушы
Бірінші топ: «Асыл»
Ұраны: «Білекті бірді жығады,білімді мыңды
жығады»
Екінші топ: «Алтын»
Ұраны: «Пайда ойлама,ар ойла,
Талап қыл артық білуге»
Оқушылары бағалау үшін, әділқазылар сайлап
алу.
ІҮ.
Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе, ішкен асын
жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы
қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Оның үстіне
қазақта «Қырықтың бірі - Қыдыр», «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады»,
«Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сондықтан
халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән
берген.
Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Міне ата
– бабамыздың осындай аяулы салт дәстүрін білу –біздің парызымыз дей
отырып, осы тақырыпты қалай меңгергенімізді сайыс арқылы келген
қонақтарға көрсетеміз деп ойлаймын.
-
Бүгінгі сабақ ерекше сабақ, өйткені біздің жұмысымызды келген
қонақтарымыз бағалайды, сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік
танытып, білімдеріңді көрсете алуға тырысасыңдар деп
ойлаймын.
-
Олай болса іске сәт дей отырып, бүгінгі сабағымыздың мақсатын
хабарлауға рұқсат етіңіздер.
-
Сабақтың мақсаты: алған білімдерімізді тиянақтау, ауызекі сөйлеу
тілдеріңді топтық жұмыс арқылы дамыту.
I-кезең. "Сен білесің бе?". / сұрақтарға
жауап/
1.
Қазақтар қандай халық? /қонақжай/
2.
Қонақ келгенде не жаяды?/дастарқан/
3..Қонақжай адамға тән ең басты қасиеттер қандай
болуы керек?/жомарттық/
4.Қонақ той бастаса не
қояды?/тойбастар/
5.Қонақтың неше түрлері
бар?/арнайы,қыдырма,құдайы/
6.
Қонақкәде дегеніміз не?/ән-күй айту/
7.Қонаққа шақырса не істеу керек?/бару
керек/
8.Қонақ келсе не келеді?/құт/
9.Қонақ қайтқанда үй иесі не береді?
/сарқыт/
10.
Қонақ қайда отырады?/төрде/
ІІ
- кезең. " Cөз мәйегі-мақал".
/мақалдар айтудан жарысады/ екі топ бір-біріне
басын айтып,оқушылар жалғасын тауып айту керек/
Қыз
– қонақ.
Жаман үйді қонағы билейді.
Қонаққа бара білсең,шақыра біл.
Қонаққа кел демек бар, кет демек
жоқ.
Тойдың болғаныныа боладысы
қызық.
Құтты қонаққа — тәтті тамақ.
Құтты қонақ келсе, қой егіз
табады.
Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар
боларсың.
Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын
ал.
ІІІ
кезең. «Жылдам жауап».
Асыл тобына «Қ», Алтын тобы «Т» әріпінен
басталатын сөзбен ғана жауап беру керек.
1.
Ертең қайда барасың? /қонаққа/,/тойға/
2.
Қонаққа кімге барасың?/құрбымы/,тәтеме/
3.
Досыңа қонаққа барғанда не
апарасың?/қымыз/,/торт/
4.
Қонақта не істейсің?/қуырдақ жеймін/,/төрге
отырамын/
5.
Сен қашан қонақ шақырасың?/қыста/,/түнде/
6.
Қонақ шақырғанды жақсы көресің бе?/қатты жақсы көремін/,/туған
күніме шақ.жақсы көремін/
7.
Сені қазір мен қонаққа шақырсам келесің бе?/қуана барамын/,/түсте
келемін/
ІY
кезең «Дәстүрді білесің бе?»
/
тапсырма: қонақты қарсы алу, қонақты шығарып салу жайлы қысқаша
көрініс дайындау/
Y
кезең. « Кім жылдам»
/Тақтада « қонақ күту» туралы мәтін
жазылған,араларында кейбір сөздер түсіп қалған, сол сөздерді тауып,
орнына бірінші,дұрыс қойып үлгерген топ жеңімпаз/
Бәйтерек тобына.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, ........ – ұят.
........ келгенде үй иесі алдынын шығып, ...... алу керек. Бұл
қонақпен келген «.....», «.....» бірге кірсін
дегені.
......... – қонақтың өлең,жыр,ертегі, терме айтып
беріп,өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін
дәстүр.
Сұңқар тобына.
...... ...... – қазақ халқының ең жауапты ісі.
Оларды ..... етуге тырысады. Қонақты жақсы қарсы алған үйді
«....... ...», ал дұрыс қарсы алмаған үйді «........»
дейді.шетелден келген қонақтар «қазақ халқы ........ ......» деп
бекер айтпаған.Қазақ халқы танымаса да, «........ .......» деген
адамды қарсы алады.
YІ
кезең «Көр де, ойлан»
/Алдар көсе фильмінен фрагмент
көру/
Түсінгендерін ортаға салу.
«Асыл»тобына тапсырма
Сіздер даттаңыздар?/ауыл адамдары қонақжайлылық
көрсетпеді,қазақтың салтын сақтамады,қонақты қарсы
алмады,салт-дәстүрлерін ұмытқан/
«Алтын»тобына тапсырма
Сіздер жақтаңыздар?/Құдайы қонақты қарсы алу
керек, Қателерін түсініп,уақытында түзетті,қонақжайлылықтарын кеш
болса да көрсетті,салт-дәстүрімізді жаңғыртты.
Бұл
фильм қандай болуға шақырады?
Қонақжай, бірін-бірін
сыйлау,араласу,салт-дәстүрді сақтауға.
YІІ
кезең. "Өнерпаз болсаң...". Қонақкәде сұраймыз.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз
жырлағандай
оқушылардың дайындап келген өнерлерін
тамашалаймыз.
Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып,
оқушыларды марапаттайды.
Үйге тапсырма: Өтілгенді
қайталау.
Бағалау: жеңген топ 5 деген бағамен
бағаланады.