400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ Сынып көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сынып көшбасшысы

/сыныптан тыс сабақ/

Мектеп:№188МГ

Күні:13.03

Мұғалімнің аты-жөні:Б.Байзыханова

Сынып:3 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты

Білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Ойлау қабілеттері дамиды, өз ойын анық жеткізе алады, танымдық,шығармашылық қабілеттері артады, сөйлеу дағдылары артады.

Құндылық

Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі

АКТ-ны қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақта

Уақыт

Жоспарланған іс - әрекет

Ресустар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық

-Осы біздер қандаймыз?

- Талабы биік таудаймыз!

-Біз нені ұнатамыз?

-Жақсылықты ұнатамыз,

Жамандықтан тез қашамыз

    • Қалай оқимыз?

    • Көп оқимыз.Терең оқимыз.

    • Жанып тұрған шырақпыз.

Толқынды су бұлақпыз.

    • Біз кімбіз?

    • Елімізді өркендететін

Қазақ тілін көркемдететін

Бабаларға тағзым ететін

Аналарға бас иетін.

Елтаңбасымен еңселі,

Туымен тұғырлы.

Гимнымен әйбатты –

Қазақ елінің болашағымыз.

Сыныпты қалыпқа келтіру .Оқушылар назарын сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөлу


Сабақтың ортасы

«Сынып көшбасшысы » сайысының кезеңімен таныс болайық.

1.Ой ширату/ жұмбақ шешу/

2.Тіл өнері /мақал – мәтелдердің жалғасын табу /

3. Тапқыр болсаң, тауып көр! /Берілген суреттерден авторға айтылған сипаттаманы табу/

4. Ойлан, тап! /Берілген сұрақтарға жауап беру/

5. Шығармашылық тапсырма /бес жолды өлең құрастыру, берілген өлең жолдарын толықтыру/


Ой ширату кезеңі бойынша жұмбақтар шешу

Жұмбақтар:

1.Аяғы жоқ жүреді,

Қолы жоқ сөйлейді

2.Көреді бәрін өзгенің

Көре алмайды өздерін


3.Күндіз соқыр не деген?!

Түнде қандай көреген?!

4.Ит сияқты пішіні

Ұнатпайды ол кісіні


Келесі кезең тіл өнер деп аталады.

  1. Еңбектің наны тәтті....

  2. Оқусыз білім жоқ....

  3. Білімсіздің күні ....

4.Атаңның баласы болма...


5.Туған жердің ....

6.Өнер алды...

7.Еңбек етсең...

8.Отансыз адам

Келесі кезеңіміз «Тапқыр болсаң,тауып көр»!деп аталады



Келесі кезеңіміз «Ойлан,тап» деп аталады Онда балалар сұраққа жауап береді

1.Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты?

2. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?


3. Топырақтың ең басты қасиеті?

4. Жер сфераларын ата?

4

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын айт.


1. Мойны жар бермеді- ерінді. 
2. Көзге түртсе көргісіз- қараңғы 
3. Жүрегінің түгі бар- ержүрек 

4.Үріп ауызға салғандай- әдемі 
5. Ешкімнің ала жібін аттамайды- ұрлық істемейді 
6.Беті бүлк етпеді- ұялмады.


Келесі кезеңіміз шығармашылық тапсырма

Шығармашылық тапсырмада /бес жолды өлең құрастыру, берілген өлең жолдарын толықтыру/

Сайысымыздың қорытынды бөлімін берілген сөзден бірнеше сөз құрастырып жазу ұсынылады .Қай топ неғұрлым көп сөз тауып жазса ,соғұрлым ұпай сандары да жоғары болады.

Әр тапсырма бойынша балалар жауаптарын толықтырып бағалау.

«Келешек білімді ұрпақ жастардың қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдаған Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашан еңкеймек емес.Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.



















Сабақтың соңы

Рефлексия Оқушыларға берілген бағалау парақшаларына қарап олардың көрсеткіштерін анықтау. Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады. Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады












































Табырыбы: Елім менің

Мақсаты: Білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу. 



Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Барысы:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» - деп Шоқан ағамыз айтып кеткендей, егеменді еліміздің болашағы, ертеңі тек қана білімді жастар.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар, - дегендей осы мақсатпен 2 «а»– сынып оқушыларының арасында «Елім менің» атты білімділер сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Ал, оқушылар, ұстаздар,

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа,

Қол соғып қарсы алайық, - деп қошеметпен сайыскерлерді ортаға шақырайық.

Бүгінгі жарысқа екі топ қатысып отыр.Топтарды таныстырып өтейік.

І топ – Домбыра

ІІ топ - Тұлпар

«Елім менің» сайысының кезеңімен таныс болайық.

1.Таныстыру

2.Қызықты төрттік

3.Білгенге маржан, білмегенге арзан (жұмбақ жасыру)

4.Тіл өнері (мақал жалғастыру)

5. Кім шапшаң?

6. Кім жылдам?

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды.

Әрқашанда нанымды – дей келе сайысымызды әділ бағалайтын қазылар алқасымен танысыңыздар.

І.Таныстыру.

І топ – Домбыра

Ұраны: «Бабамның үні, бабамның тілі)

ІІ топ – Тұлпар

Ұраны: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Ойланайық азырақ,

Уақытты үнемдеп.

Кім шығады қанеки,

Қызықты төрттікке.

ІІ.Қызықты төрттік

(Нақты, толық, дұрыс жауап берген топқа 5 ұпайдан)

Қазақ тілі

1.Сұраулы сөйлемнің аяғына не қойылады? (сұрақ белгісі)

2.Жуан дауыстыларды ата (а,о,ұ,ы)

3.Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)

4.Сан есімнің сұрақтары (Неше? Нешінші? Қанша?)

5.Мәтіннің неше түрі бар? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

6.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

7.Жіңішке дауыстыларды ата. (ә, ө, ү,і)

8.Заттың атын білдіретін сөз табы. (зат есім)

9.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

10.Бес, алты, сегіз, екінші қай сөз табы? (сан есім)

Дүниетану

1.Өсімдік мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, гүл. Жапырақ)

2.Түйенің төлі қалай аталады? (бота)

3.Көру мүшесі. (көз)

4. Есту мүшесі. (құлақ)

5.Үй жануарларын ата. (сиыр, бұзау т.б)

6.Адам тыныс алу үшін не қажет? (ауа)

7.Құстар қай мезгілде келеді? (көктемде)

8.Балды қай аң жақсы көреді? (аю)

9.Жұлдыз қай кезде пайда болады? (түнде)

10.Балық қайда болады? (суда)

Математика

1. Уақыт өлшем бірліктерін ата. (сағат, минут, секунд)

2. 60 пен 40 қосындысы (100)

3. 50 мен 20 қосындысы (70)

4. 200 жартысы (100)

5. 20 санын 7 арттыр (27)

6. 25 пен 5 сандарының айырмасы (20)

7. 42 неше таңбалы сан (2)

8. 7 онд 6 бірл тұратын сан (76)

9. 1 жылда неше ай бар? (12)

10. 1 жылда неше күн бар?(365 немесе 366 күн)

Ана тілі

1.Білім ұясы? (мектеп)

2.Қазақтың билерін ата. (Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)

3.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

4.Ел ордамыз (Астана)

5.Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

6.Жаңбыр жауарда аспанда қандай өзгерістер болады? (бұлттанады)

7.Отан туралы қандай тақпақ білесің?

8.Туған жер туралы мақал – мәтел

9. «Алтын ұяң – Отан қымбат» деп бастаған шешендік сөзді айтқан кім? (Қазыбек би)

ІІІ. Білгенге маржан, білмегенге арзан

Жұмбақтар жасыру.

І топ.

1.Қанаты бар ұша алмас,

Құрлықта қаша алмас. (балық)

2.Жазда қыдырады,

Қыста тынығады. (аю)

3.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді. (қырыққабат)

4.Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)

ІІ топ.

5.Білерімнің куәсі, білмесімнің куәсі,

Іші толған қолтаңба,

Алып шығам әр таңба. (кітап)

6.Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (сәбіз)

7.Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай мен шу. (түлкі)

8.Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. (тасбақа)

ІҮ.Тіл өнері

Мақалды жалғастыру

І топ.

1.Тұз астың дәмін келтірсе,

Сөздің сәнін ....... келтіреді (мақал)

2.Ас атасы - .... (нан)

3.Білім - өмір ..... (шырағы)

4. Оқу инемен құдық ...... (қазғандай)

ІІ топ

5.Кітап – білім ..... (бұлағы)

6.Ұрлық түбі - ..... (қорлық)

7.Еңбектің наны тәтті, ...... (жалқаудың жаны тәтті)

8. Дені саудың ..... (Жаны сау)



Ү.Кім шапшаң?

(Оқушыларға берілген суреттерді құрастырып, сол суреттен ертегі тақырыбы шығады.Сол ертегіні мазмұндап айтып беру)

ҮІ.Кім жылдам?

А әрпі Қ әрпі

1.Атың кім?

2.Қалтаңда не бар?

3.Досың кім?

4.Нені жақсы көресің?

5. Қайдан келдің?

6.Немен келдің?

7.Қандай кітап оқисың?

8.Қандай гүлді білесің?

9.Ән айта аласың ба?

10.Бос уақытыңда немен айналысасың?

Қорытынды:

Жарқырап жұлдызымыз жана берсін,

Қазылар бізге әділ баға берсін.

Осындай жақсы қызық ойын сайыс,

Алда да өз жалғасын таба берсін, - деп әділқазылар алқасы «Елім менің» атты сайысымыздың жеңімпазын анықтайды.

«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашан еңкеймек емес.Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.



ІІІ бөлім. «Кім білімді?»
Өткен тақырыптар бойынша үзінділер оқылады, сол шығарманың атын, авторын табу керек.

1-топқа: 
Абай «Шегіртке мен құмырсқа»
Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде – тамақ, бірінде – үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.

Нығмет Ғабдуллин «Дос сөзі» 
Әсет пен Нұрлан екеуі араларынан қыл өтпестей дос болатын. Бірімен-бірі жанжалдасып, керісіп көрген бала емес. Екеуінің үйлері де көрші, қораларының қақпасы біріне-бірі қарап тұр. Әсет пен Нұрлан күнде мектепке бірге барып, сабақтан ылғи бірге қайтатын. Өздері сырлас, біріне-бірінің ешқандай жасырған ісі жоқ.

Тайыр Жароков «Ауыл күзі»
Көтеріле аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.

2-топқа: А.Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана, әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Елемес Салықов «Күзгі орманның көріністері»
Біраз жүрген соң көзіме әп-әдемі тиін көрінді. Түсі жаздыгүнгідей сарғыш қызыл емес, сұрғылтым, ағаш жапырағына ұқсайды. Екі құлағы тас төбесінде. Құлақтарының ұшынан дөңгелене иірілген ұп-ұзын қара қылшықтар салбырап тұр. Ұзын қылшықты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген.

Қ.Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді»
Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді!

3-топқа: 
Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Адамдық – борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.

В.Сухомлинский «Қатқан нан»
Сережаның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он бес жыл бойы үздіксіз нан пісіріп келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына кетеді. Түс кезінде дүкендерге жаңа ғана пештен шыққан ыстық нан жеткізіледі. Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді.

Т.Молдағалиев «Мамандық таңдау»
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын.

ІҮ бөлім. «Өз ойым»
Әр топ «Әдептілік» деген тақырыпта шағын өлең шығарады немесе ойтолғау жазады. 









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі