Материалдар / сыныптан тыс сабақ "Тәуелсіздік-ұлы ұғым" 6,7,8 сыныптар

сыныптан тыс сабақ "Тәуелсіздік-ұлы ұғым" 6,7,8 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс сайыс сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2907
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 13.12.2017 ж. Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ұлы ұғым»  Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру; ұлттық сана-сезімін , саяси сауаттылығын ояту; тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен көксеген арманы туралы білім қалыптастыру; Дамытушылық: оқушылардың туған елдің тарихын, тәуелсіздіктің қалай жеткендігін білуге деген қызығушылықтарын ояту. Тәрбиелілік: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін, қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірінің жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру; Отаншылдыққа, ел қамын ойлаған, елі мен жері үшін қан төккен бабаларымыздан өнеге алып, үлгі тұтуға, халықтың тарихын білуге, ынтымақтылыққа тәрбиелеу; 

Көрнекілігі: интербелсенді тақтадағы презентация, слайдтар, суреттер.Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабағы. Қатысатын оқушылар: 6,7,8 сынып оқушылары Сабақтың жүргізілу барысы: І. Үйымдастыру кезеңі . 1.Амандасу1 жүргізуші: (Марьяш)-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс сайыс сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік – ұлы ұғым» деп аталады. Бүгінгі қатысушыларымыз – 6,7,8 сынып оқушылары. Ендеше сабағымызды Әнұраннан бастайық. 6 сынып оқушысы Сарсенбаева Айдананың Тәуелсіздікке байланысты шығармашылық өлең жолдарын қабыл алыңыздар. Енді тақырыпқа байланысты «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» бейнефильмімен танысайық.2 жүргізуші: (Айнур) - Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздіктің ең басты –жетістігі еркіндік. Еліміздің бүгінгі таңдағы тәуелсіздігі оңай келе салған жоқ. «Ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған ауыр кезеңнен, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт –азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі - бәрі ғасырларға созылып, бабаларымыз аңсап кеткен отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. Ата-бабамыздың арманы орындалған күн, жұлдызымыз биіктен көрініп, барша қазақ жұртына қуаныш сыйлаған күн – бұл 1991 жылдың 16-желтоқсаны еді. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Сондықтан, Тәуелсіздік біз үшін басты құндылығымыз. Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды десек те болады.



1 жүргізуші: (Марьяш)ІІ. Ойынның барысы: Ойын 6 айналымнан тұрады. 1 айналым: Топтарды таныстыру. 1-топ: «Тәуелсіздік»  2-топ: «Жалынды Жастар»  3-топ: «Кемеңгер» 2 айналым: «Тарих сыр шертеді» топтарға 6 сұрақтан беріледі. 3 айналым: «Тәуелсіздік шежіресі» Семантикалық карта. 4 айналым: «Алтын қақпа» 5 айналым: «Кім жылдам?». 6 айналым:. Слайд қорғау1. топ: «Жастар Елбасымен бірге». 2 топ: «Тәуелсіздік шежіресі»3 топ: «Мемлекеттік тіл-менің тілім»

1 айналым: Топтарды таныстыру. Ең жоғары ұпай-5.1-топ: «Тәуелсіздік»  2-топ: «Жалынды Жастар»  3-топ: «Кемеңгер»

ІІ-айналым. «Тарих сыр шертеді». Топтарға 6 сұрақтан беріледі. Ойлануға 30секунд беріледі.Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан. Егер сұраққа жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады. 

1-топ: «Тәуелсіздік»  1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/ 2. Түріктер қандай шаруашылықпен айналысқан?Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/ 3. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/ 4. «Ұлы» сөзінің оған қосылуы шығыс пен батыс өлкелерді байланыстырып жатуынан...... /Ұлы Жібек жолы/ 5. Жәнібек пен Керей кімдер? /қазақ хандығының негізін кұрған хандар / 6. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы? (1992 ж.) 2-топ: «Жалынды Жастар»  1. Ерте темір дәуірінде қазақ жерін мекен еткен ірі тайпалық одақтар? / сақтар/ 2. Сақтарды «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл» деп есептеген кімдер? /гректер/ 3. Тәуке ханның үш жүздің басын қосыпқұрылтай өткізіп отырған жері /Күлтөбе/ 4. 14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы жерінде құрылған мемлекет? /Моғолстан/ 5. Қазақ халқының, қазақ жүздерінің пайда болуы жайында айтылатын аңыздардың бірі. / «Алаша хан»/ 6. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жер? /Таңбалы Нұра/ 3-топ: «Кемеңгер» 1. Ақ Орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары кімдер? /Керей мен Жәнібек/ 2. Қазақ хандығының алғашқы ханы кім? /Керей/ 3. Қазақ хандығы ту тіккен жер? /Қозыбасы/ 4. Есім хан тұсындағы заңдар жинағы қалай аталады? /Есім ханның ескі жолы/ 5. «Жарғы» сөзінің мағынасы? /әділдік/ 6. Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы құнды дерек қалдырған кім? /М. Х. Дулати / 

ІІІ-айналым. «Тәуелсіздік шежіресі» Семантикалық картаны толтырады. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, ІІІ-айналымды бастайық. Топтарға семантикалық картаны тарату. Бірінші аяқтаған топ жасыл түс арқылы белгі береді. Дайындыққа 3 мин. Интербелсенді тақтадан дұрыс жауаптары тексеріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. 


1723-1727ж 1991ж. 1731ж.1465-1466ж 1992ж. 7мамыр1992ж. 4маусым1986жыл.1992ж.2наурыз 
Қазақ хандығының құрылуы





+







ҚР-ның Тәуелсіздігінің жариялануы  

+











Кіші жүздің Ресейдің қоластына кіруі



+









«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» +













Желтоқсан оқиғасы  











+

БҰҰ-на ҚР-ның мүше болуы  













+
ҚР-ның рәміздерінің қабылдануы  









+



ҚР-ның Қорғаныс Мин.құрылуы







+









2 жүргізуші: (Айнур) ІV-айналым. «Алтын қақпа» айналымына өтеміз (әр қақпаның астында тарихта елеулі ізі бар тұлғалар жасырылған, сол тұлғаларға сипаттама береді). Дұрыс жауапқа 5 ұпай. 1-топ: «Тәуелсіздік»  Назарларыңа ұсынылып отырған «Ұлы тұлға – бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғанда айтқан сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл ұлы адам кім? (Қазыбек би) 2-топ: «Жалынды Жастар»  Аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері, Түркістан қаласында дүниеге келген, Түркістан қаласында үш жүздің ханы болып сайланған. Ол билер кеңесінің құқығын едәуір шектеді. Сот билігін күшейте түсіп, қазақ билері мен батырларының беделіне арқа сүйеді. Рулар арасындағы алауыздықты тоқтатып, елдің егіншілікпен айналысуына қолдау көрсетті.ақын-жырау мен діни қызметкерлерге қамқорлық жасап отырды. Ол Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету үшін Қытай мен Ресей империяларына тәуелділігін сөз жүзінде ғана мойындады. Оның басты мақсаты елдің дербестігін дипломатиялық шаралармен қалай да сақтап қалу еді және соған қол жеткізді. Бұл ұлы тұлға кім? (Абылай хан) 3-топ: «Кемеңгер» Бұл тұлғаның бастаған көтерілісі ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары қатысты. Оған орыс зерттеушісі Майер «көзсіз ерлік тән еді» деп жазған. 1841 жыл үш жүздің басы қосылған жиында хан сайланды. Сөйтіп қазақ хандығын қайтадан қалпына келтірді. Ол туралы Нысанбай Жаманқұлұлы «Наурызбай-ХАНШАЙЫМ» өлеңін жазды. Ол бірнеше бағытта күрес жүргізді: Ресейдің патша үкіметіне, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы шайқасқан. Бұл ұлы тұлға кім? (К. Қасымұлы) 

V-айналым. «Кім жылдам?»( топ басшылар жарысы). 1 минтта 10 сұраққа жауап беру. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Топбасшылар көк, сары, қызыл түстердің бірін таңдап жасырылған сұрақтарға жауап береді.1-«Көк түс»  1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков 2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/ 3. Тәуелсіздік күні /16 желтоқсан 4. «Қазақ елі» ескерткішінің биіктігі /91 метр/ 5. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш таныған бауырлас мемлекет?/Түркия/ 6. ҚР-ның Конституциясының құрылымы? /98 бап, 9 бөлім/ 7. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданған жыл? /1993жыл 28 қаңтар/ 8. Моғолстан мемлекетінің аумағы /Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Жетісу/ 9. Әбілқайыр хандығының екінші атауы /Өзбек хандығы немесе Өзбек ұлысы/ 10. «Қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды? /15ғ-ң екінші жартысында/ 2- «Сары түс»1. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек кімдердің ұрпақтары? /Шыңғыс ханның/ 2. Қазақ хандығы құрылған жер? /Батыс Жетісу/ 3. Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы? /Есен -бұға/ 4. Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек қалдырған? /М. Х. Дулати / 5. Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күш-жігерін жұмсаған хан? /Қасым/ 6. Қазақ хандығында ең тыныш заман қайсы ханның тұсында болды? /Тәуке/ 7. С. Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс? /1783-1797/ 8. 2016 жылы тәуелсіздіктің неше жылдығы болды? /25 жылдығы/ 9. Кенесары Бастаған көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы /бүкіл қазақ жерін қамтуы/ 10. ҚР-ның ұлттық валютасының айналымға енген мерзімі? /1993жыл 15 қараша/ 3- «Қызық түс»1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саны /5/ 2. Ұлы Отан соғысы қашан болды? /1941-1945/ 3. Мемлекеттің Ата Заңы /Конституция/ 4. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот - Аман Уалихан ҚР - ның қай рәмізінің авторлары /Елтаңба/ 5. Сақ тайпаларының әйел патшасы ( Томирис) 6. Түркілердің жаңа жылы (наурыз) 7. Тәуке ханның зандар жинағы (Жетіжарғы) 8. ҚожаАхмет Йассауи күмбезінде"жерленген батыр (Бөгенбай) 9. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнаркөзі (халық) 10. Махамбет пен Исатайдың туған жері (Бөкей Ордасы)

1 жүргізуші: (Марьяш)ҮІ-айналым. Слайд қорғау. Әр топ жұмыстарын қорғайды. Жақсы шыққан еңбектеріне 10 ұпай.1-топ: «Тәуелсіздік» тобының тақырыбы:  «Жастар Елбасымен бірге».2-топ: « Жалынды Жастар» тобының тақырыбы: «Тәуелсіздік шежіресі» 3-топ: «Кемеңгер» тобының тақырыбы: «Мемлекеттік тіл-менің тілім».Сарапшылардың қорытындысы дайын болғанша, ән: «Көк тудың желбірегені»

Ендеше сарапшылардың қорытындысы дайын болса сөз кезегін сарапшыларға берейік. Жеңімпаздарды анықтап және марапаттайдыСонымен сыныптан тыс сайыс сабағымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!















































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ