«Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін
мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс сабақ
(Қашықтықтан)
Тақырыбы: «Тіл – халықтың
жаны»
Сыныбы: 2
«Б»
Қазақ тілі пәні
мұғалімі
Абдираймова
Г.С.
2020-2021 оқу
жылы
Тақырыбы: « Тіл- халықтың
жаны»
(Тіл мерекесіне орай
өткізілген сыныптан тыс
сабақ).
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана
тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам
өміріндегі маңызын ұғуға
үйрету.
2. Тіл әуезділігін,
көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер,
мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін
дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау,
мәдениетті сөйлей білуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға
шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,слайд,Ұлттық тіл жанашырлары мен пен ҚР Елбасы
Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың портреті,
презентация.
Пәнаралық
байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс
тілі.
Әдіс-тәсілдер:аралас, баяндау, түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Тіл мерекесіне орай
өткізгелі отырған «Тіл-халықтың жаны» атты мемлекеттік тілді
меңгеру білімдеріне арналған сыныптан тыс сабағымызды
бастаймыз.
(Мұғалім сабақтың
тақырыбын айтып, мақсатымен
таныстырады).
Әнұран
айтылады.
Сабақтың
барысы:
Мұғалім:Балалар,
мектебімізде биылғы оқу
жылында да жыл сайынғы дәстүр бойынша 5-қыркүйектен бастап
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесін тойлау
басталды. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен
өнерге деген көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз
еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке – ұлт
тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Қыркүйек айының 22-
күні «қазақ тілі-мемлекеттік дәрежесін алған күн» болып саналған
болатын.Қазіргі таңда бұл мереке ұлт жанашыры , тіл білімінің атасы
А.Байтұрсыновтың туған күні, 5-қыркүйекте толйанады деп өзгертілді
. Ендеше, Сіздерді елімізде тойланып жатқан осы Қазақстан
халқы тілдері күні мерекесімен
құттықтаймын.
І. Слайд «Тіл –халықтың
жаны». Тілдің
құдіреттілігін, қадір-қасиеті туралы түсінік
.
ІІ.Тіл, ана тілі туралы сұрақ-жауап
кезеңі
1.Тіл дегеніміз не?
2.Сенің ана тілің қай
тіл?
3.Қазақ тілі қандай тіл?
4.Сенің еліңнің мемлекеттік тілі қай
тіл?
ІІІ. Тіл туралы
мақал-мәтелдер
Тіл
– өте қасиетті ұғым.. Қасиетті тіл - ол халықтың өткені, бүгіні
және болашағы. Тіл - адам бойына ана сүтімен
дариды. Тіл қылыштан да өткір. «Тіл тас жармаса, бас жарады» деген
сөздер бекерге айтылмаған шығар....
Ал,
балалар, сіздер тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
(Оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер
айтады).
*Тіл мәртебесі –ел
мәртебесі.
*Тіл -достықтың алтын
көпірі.
* Сөз қадірін білмеген, өз қадірін
білмейді.
*Өнер алды - қызыл тіл.
*Анам берген туған
тілім,
Атам берген құрал тілім.
*Тәрбие басы – тіл.
*Туған ел –тұғырың,
Туған тіл – қыдырың.
ІV. «Өлеңмен өріп ойымды» тілге байланысты мемлекеттік
тілде өлең оқу.
Ернур: Туған тілім – тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сыр
ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге
өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге
өшемін.
Александр: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр
бетте
Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді
құрметте!
Владислав: Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы –
ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен
тірегі.
Эльвина: Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып,
Ана тілін білмеу қандай
заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек
мәңгілік.
Абылайхан:
Қазақ тілім өз тілім, ана
тілім
Абай ,Мұхтар сөйлеген дана
тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгісені
Болашағым, бақытым
дара тілім.
Анелья: Адамға екі нәрсе тірек
тегі,
Бірі -тіл, бірі –ділің
жүректегі
Улугбек: Өнер алды - қызыл
тіл,
Анаңдай оны
құрметте!
Қалыспай, талмай, үйрен,
біл,
Асылын сөздің
өрнекте.
V.Қорытынды.
Мұғалім: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың
ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз
ұрпағының қанына, жанына еніп, өміршең күй кеше
береді.
«Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі парыз» деп Елбасы айтқандай,
еліміздегі әр ұлт өкілі мемлекеттік тілді білуі міндетті. «Ынтымақ
түбі – береке» деп ата-бабамыз даналығын
қалдырған.