Сыныптан тыс сабақ "Тіл- халықтың рухы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Тіл- халықтың рухы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ана тілінің қадыр- қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Ұлы ақын- жазушылардың сөзін түсіне білу, алған білімдерін дамыту. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мақал- мәтелдерді тиімді пайдалануға, өз Отанын қорғай білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл- татулықтың рухы.

Мақсаты: ана тілінің қадыр- қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Ұлы ақын- жазушылардың сөзін түсіне білу, алған білімдерін дамыту.

Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мақал- мәтелдерді тиімді пайдалануға, өз Отанын қорғай білуге баулу.

Көрнекілік: нақыл сөздер.

Түрі: семинар, тренинг.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды жеребе тастау арқылы топқа бөліп отырғызу.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін «Тіл- халықтың рухы» атты семинар- тренинг сайысына қош келдіңіздер.

І кезең. Таныстыру (әр топ өз аты, ұраны мен эмблемасын таныстырады).

І топ- «Кітап» Ұраны: оқу- білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

ІІ топ- «Қалам» Ұраны: қаламның ұшы мен найзаның күші бірдей.

ІІ кезең. «Шытырман сұрақтар».

1.Ана тілім- тастамайтын әліппем,

Бар қызығын әріптерден танып мен.

Өз тілімді жақсы көру арқылы,

Достасамын басқа барлық халықпен.



-Армысыздар, мұғалімдер, әз- жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Сұрақ- жауап, жұмбақ шешу басталар.













Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе- бірің еріңдер.

Білімдерді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

  2. Бал тамған тілден ... (у тамған).

  3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).

  4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

  5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)

  6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

  7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).

  8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

  9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

  10. Тіл қылыштан ... (өткір).

  11. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

  12. Тілден артық ... (қазына жоқ).

  13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).

  14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).

  15. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).

  16. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

  17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

  18. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

  19. Басқа пәле - ... (тілден).

  20. Білім кілті - ... (тіл).

  21. Тілге құрмет - ... (елге құрмет).

Кезеңнің шарты: қатысушылардан бір оқушыдан шығып бір әріпті таңдап алады. Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын жауабын айту керек.

Сұрақтар:

  1. Есіміңіз кім?

  2. Қайдан келдіңіз?

  3. Қандай тағамды ұнатасыз?

  4. Қай жерде дүниеге келдіңіз?

  5. Қандай түсті ұнатасыз?

  6. Құстар қалай ұшады?

  7. Анаңыз сізді қалай еркелетеді?

  8. Досыңыз қандай болғанын қалайсыз?

  9. Қай пәнді жақсы көресіз?

  10. Сыныбыңыз қандай?

  11. Әкеңіз неше жаста?

  12. Тұрған жеріңіздің ауа райы қандай?

  13. Жасыңыз нешеде?

  14. Жақсы көретін әніңіз?

  15. Сүйікті ісіңіз?

ІІІ кезең. «Кім жылдам?».

Шарты: «ҚАЗАҚСТАН», «ТӘЖІРИБЕ» сөзі беріледі. Екі топ белгіленген уақыт ішінде берілген сөзден мағыналы сөздер құрастыру керек.

(қазақ, астана, қаз, ата, ана, ас, азан, таз, тас,қаза, қақ, қас, ақ, қан, аз, нақ, тақ),

(тәж, ит, тәрбие, ер, рет, тер, жер, әтір, бір, әже, жеті, әр, бет, ет, тірі, ет,)

ІҮ кезең. «Керемет жетілік».

« Жеті» .

Киелі сан жеті деген,

Байланысты жетіменен.

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қабат көк жер үсті

Жеті қабат жер асты.

Жеті Жарғы- заң жеті,

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз- жеті жұрт,

Ағайынды жеті құт.

Шарты: Қазақта жеті саны қасиетті сан. Осы жеті санына байланысты қазақтың сөздерін айтып беру.

  1. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл- білім, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы).

  2. Жеті ата (бала, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат).

  3. Жеті күн (бүгін, ертең, бүрсүгүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына)

  4. Жеті жұт (құрғақшылық, жұт- мал қырылу,өрт, оба- ауру, соғыс, топан су, зілзала- жер сілкінісі.)

  5. Жеті жоқ (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ).

  1. Жеті жетім.

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз қалған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,



Аққу- қазсыз көл жетім,

Жерінен айрылған ер жетім,

Замандасы қалмаса-

Бәрінен де сол жетім.

  1. Жеті ұрпақ: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Қазақстанның жеті кереметі:

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

  2. Тайқазан

  3. Айша бибі мазары

  4. Тамғалы жартас суреттері

  5. Алтын адам

  6. Домбыра

  7. Күлтегін ескерткіш

Ү кезең. «Тіл- халықтың рухы».

Қазақ қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі,- демекші, толғау тоқсан туған тілге арналады.

Шарты: оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы.

1.Қасиетің ана тіл аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

2.Асан қайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тіл,

Жәнібек пен Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Ата- анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Ежелгі біздің қазақ тіл.



3.Сол туған тіл атауы-

Осы тілді жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Баба тілі- шын асыл.

4.Тілім менің!

Осы тілде шежірем, жырым менің,

Асан қайғы арманы,

Қорқыт күйі-

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.

Тілім менің!

Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ

Тіл кесілсе, не болмақ күнім менің?!

5.Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

6.Тәуба, тәуба жаратқанға мың тәуба,

Біреу болсам қайтер едім жан сауға.

Менің ұлтым- қасиетті киелі,

Жасық емес, асыл оның сүбесі.

7.Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек- ана, мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

8.Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Ана тілім егер сені ұмытсам.

Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін тарихын, салт- дәстүрін

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағын қазақтың басып өстім.



9.Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп тірілді елім.

Арманыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау- парызым бүгін менің.

10.Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.

11.Ана тілім -әрекетім, азығым,

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой- санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың киінгіге әз үні.

12.Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, Егер сені білмесем.



13.Ана тілім -бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріңе жетіңдер,

Ана тілің - анаң, сыйлап өтіңдер.

14.Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

15.Алтын ұям, құндағым.

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жазың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп, Байланғанша тіл- жағым!

16.Алтын бесік- ағайын, жұрт, туғаным,

Дос бөліссе қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзіне тіл заңын.



Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр- бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай- алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар- асқан жандар ұмтылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгінде, менің ана тілімде.

Менің ана тілімде.

Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,

ҮІ кезең. «Мақал- мәтелдер мен адасқан әріптер» жарысы.

Шарты: мақал- мәтелдердің баламасын табу.

Ана тілін білмеген адам... жақсылық көрме одан

Түк сезбеген балаң... -ештеңе сезбейтін надан

Жүйрік тілді ақын бол... дұшпаныңа қату бол

Достарыңмен тату бол... –жақсылыққа жақын бол

Ақындардың бірі бол... –Азамат бол, ірі бол.

Туған жердің гүлі бол... туған елдің ұлы бол.

Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөз шығару.

1 топ: П. Қ. И. Ұ. Я (құпия), Ш. Қ.Ы.О.Т.Қ.Л (тоқшылық), М.Н.А.Ы.Д.И.Қ.Л.Ы (имандылық)

Ө.К.Н.Р.И.Е.К.Е.Т.І.М.Н (көркейтемін), І.Т.Л (тіл), А.Б.Й.Ы.Л.Ы.Ғ.Н (байлығын)

2 топ. А.І.А.Т.Н.І.Л.Н (ана тілін), І.Б.У.Л (білу), М.З.П.Ы.Р.Ы.А (парызым), І.Т.Л (тіл), А.Т.С.У.Л.Ы.А.М.Й.Ы.Н.Т (таусылмайтын), А.Б.Л.Й.Қ.Ы (байлық).

«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады».

П. Гегель

Міне, ертеңгі ұрпақтың тіліне деген махаббаты, туған жерге деген ыстық ықыласы осылай шығады. Ал қазір «Сіз не дейсіз?» айдары. (ұстаздарға арналған сұрақтарға жауап алынады).

1.Үйде,

Түзде басқа тілде сөйлессек,

Қайтеміз біз туған тілге шөлдесек?



2.Бір қазағым өзге тілде бастайды,

Екіншісі шатып- бұтып қостайды

Мұнымыз қалай?

Кім қалай ойлайды?

Қорытынды: пікір де, ой да әр алуан. Ең бастысы, тіліміз, қасиетті қазақ тілі барша қазаққа біреу. Мемлекеттік тіл, туған тіл- қазақ тілі жасасын. Тілімізді қастерлеп, биік тұғырынан түсірмейік ағайын. Келесі кездескенше, ел аман, жұрт тыныш болсын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі