Сыныптан тыс сабақ "Тіл мәртебесі- ел мәртебесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Тіл мәртебесі- ел мәртебесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Пән бойынша білімдерін тереңдету, пысықтау және жүйелеу; 2. Оқушылардың сөйлеу әрекеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту; 3. Мемлекеттік тілді қастерлеп, туған жерін, табиғатын, тарихын мақтан тұтуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл- көсір,
Қазақ осы - «Өнер алды- тіл ,“- дейтін,
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба - жатырқауды білмейтін... Қ.Мырзалиев

Мақсаттары:
1.
Пән бойынша білімдерін тереңдету, пысықтау және жүйелеу;
2. Оқушылардың сөйлеу әрекеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
3. Мемлекеттік тілді қастерлеп, туған жерін, табиғатын, тарихын мақтан тұтуға тәрбиелеу

Сыр сандық:

Бірінші айналым

  1. Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет

  2. Кең-байтақ Қазақстаным

  3. Қазақстан экономикасы

Екінші айналым:

  1. Фонетика, лексика

  2. Морфология

  3. Синтаксис

Үшінші айналым:

Суреттерге қарап, әнұранда кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз:

Алтын күн аспаны Кең-байтақ жерім

Алтын дән даласы Бірлігі жарасқан


100. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?1989 жылы 22 қыркүйекте

150. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қашан қабылданды?1992 жылы 2 наурызда

200. ҚР конституциясы қашан қабылданды, ішінде неше бабы бар?30 тамыз, 1995 жыл 98 бабы бар.

400. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылы27 қаңтарда жарияланған Жолдауының тақырыбы қандай?

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

100. Қазақстан қай құрлықта орналасқан? Еуразия құрлығында

150. Қазақтың тұңғыш ғалымы географ, этнографкім? Ш. Уалиханов

200. Мынау қай жердің табиғаты? Ақмола облысы, Бурабай демалыс орыны

250. Жетісудің 7 өзенін атаңыз. Лепсі, Сарқан, Қаратал, Шу, Іле, Ақсу, Көксу

300. Бұл қай аймақтың картасы? Орталық Қазақстан

350. Ғарыш айлағы неліктен Байқоңырға орналасқан?

1.Бұл аймақта жаңбыр жылына 3-4 рет қана жауады.

2. Байқоңыр ендігі бойынша ғарыш кемелері бір секундта 316 метр жылдамдықпен ұшады

3. Ұшырылған ғарыш кемелерін адам аз қоныстанған жерге қондыру қауіпсіз

4. Осы жерден ғарыш кемелері аспан әлеміне көтерілгенде жұмсалатын энергия арзан, әрі тиімді

Әдебиет 600

Мұхтар Әуезов бұл жазушының шығармаларын атаңыз?

Қаракөз”, “Қорғансыздың күні”, “Көксерек”, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Хан Кене”, “Қилы Заман”, “Абай жолы”

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды және олардың

авторлары кімдер?

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы айналымға қашан түсті? 1993 жылы 15 қараша күні

Қазақстан қандай экономикаға бет бұрды? Нарықтық экономика

200. Қазақстанның экономикалық аймақтарын атаңыз:

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан

250. Қазақстан жерінде қанша химиялық элемент бар? 117

Өзге мемлекеттердің Қазақстан мемлекетімен бірігіп жұмыс істейтін салалардың дамуына шетел қаржыларын тарту саясаты қалай аталады? Инвестиция

350. Суреттердегі экономика салаларын атаңыз:

  1. Мал шаруашылығы

  2. Мұнай өндіру

  3. Металлургия

  4. Кен өндіру

  5. Егін шаруашылығы

  6. Балық аулау

Тарих 606

600. Ұлы Жібек Жолы қай қалалар арқылы өткен және қай ғасырларда қолданылды?

100. Қазақ тілінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар? 15 дауысты, 25 дауыссыз

200. буын түрлері?

300. Үндестік заңының түрлері?

400. Синоним, антоним, омоним деген не?

500. Қа-зақ-стан Қа – ашық буын зақ – бітеу буын, стан – бітеу буын

600. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз. Көзді ашып-жұмғанша – тез, лезде

Ит өлген жер – алыс, шалғай Шаңырақ құру – үйлену, отбасы

700. Отан сөзіне фонетикалық талдау. (1-ашық, 2 – тұйық)

О – дауысты, жуан, еріндік, қысаң, т – дауыссыз, қатаң, А - дауысты, жуан, езулік, ашық, Н – дауыссыз, үнді

400. Еңбек түбі – береке. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықшаның қойылу себебі қандай? Бастауыш та, баяндауышта зат есімнен келеді

100. Сөз таптарын атаңыз? Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, етістік

300. Есімдіктердің мағыналық топтарын ажыратыңыз. Сіздер – жіктеу, Бұл – сілтеу, Ешкім – болымсыздық, Бүкіл – жалпылау, Кейбір – белгісіздік, Қашан – сұрау, Өзім - өздік

400. “Жеті” сан есімін мағыналық топтарға түрлендіріңіз

1.Есептік – жеті

2. Реттік – жетінші

3. Жинақтық – жетеу

4. Бөлшектік – жетіден бір

5. Топтау – жеті-жетіден

6. Болжалдық – жетіге жуық

500. Келесі зат есімдерді етістіктерге айналдырыңыз:

Бас- бастау Аяқ – аяқтау Ақыл – ақылдасу Бейне - бейнелеу

600. Үлкендерге көмектесу” сөз тіркесін жекеше түрде ауыспалы осы шақта жіктеңіз

Жекеше: І ж. Мен үлкендерге көмектесемін ІІ ж. сен үлкендерге көмектесесің

ІІ ж. Сіз үлкендерге көмектесесіз ІІІ ж. ол үлкендерге көмектеседі

100. Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны жақсы меңгеру керек”. М. Горкий

200. Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің қандай түрлері бар? Хабарлы, сұраулы,

бұйрықты, лепті

300. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері атаңдар. Толықтауыш,анықтауыш,пысықтауыш

700. Музыкалық аспаптарды атаңыз. Домбыра, қобыз, Жетіген, сазсырнай

700. Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар: Балқаш, Алакөл – бастауыш

Жер бетінде – пысықтауыш, Сирек кездесетін – анықтауыш, Су қоймалары- баяндауыш

600. Тура толықтауыш пен жанама толықтауыштың айырмашылығы қандай?

Тура толықтауыш табыс септіктің сұрақтарына жауап береді, Жанама толықтауыш барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің сұрақтарына жауап береді.

2 – жүргізуші:

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтың проблемасы. Біздің қазақтілі өсу үстіндегі, адам баласының кезкелген қиын да күрделі ойын бейнелеуіндегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көзіміздің қарашығындай қастерлейік.

 1 – жүргізуші:

Әділқазылар алқасы әділ шешімдерін қабылдағанша, жеңімпаз топты анықтағанша, көрермендер арасынан бір өнер тамашалайық.

«Бір минуттық бағдарлама» болашақ журналист болуды арман етіп алған Құрманбай Әділетті ортаға шақырамыз.

Осымен жарыс сабақта өз мәресіне келіп жетті.


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі