Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Үй құстары" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестерге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Биология

Мерзімі: 05.10.2017 жыл

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын,
қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,
табиғатты сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ, топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: жобалау технологиясы, сұрақ - жауап, көрнекілік, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, құстар суреттер, ойындар.таратпа қағаздар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.

Сүйейік табиғатты, аялайық,                                                                

Бізде одан жақсылықты аямайық.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз.                                                           

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ.
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде жерге сән беріп, құлпырып өсетін қандай гүлді білетін едіңдер?
- Жауқазын.
- Олай болса, көктемнің сәні жауқазын гүлінің өздеріңе ұнаған түсінен бір - бірден таңдап алайық. Гүлді көп жұлуға болмайды. Сондықтан бір - бірден алып, өз орнымызға жайғасайық.
IV. Топқа бөлу.
I топ - ақ жауқазын
II топ - сары жауқазын
III топ - қызыл жауқазын
- Ал, балалар, орнымызға жайғасайық. Алдымызда сурет қиындысы бар, әр топ сурет қиындысын құрастырып, не шыққанын қарайық.
- Қане, ненің суреті шықты?
I топ. Тауық.
II топ. Бүркіт.
II топ. Түйеқұс.
- Қане, балалар, біздің өтетін тақырыбымыз не болмақ?
- Құстар
- Өте жақсы.
V. Құстар. Үй құстары.
I топ. Тауық туралы өз білгенімізді ортаға салайық.
II топ. Бүркіт туралы.
III топ. Түйеқұс туралы.
Балалардың пікірін тыңдап, топтарға ат қою.
I топ. Үй құстары.
II топ. Жабайы жануарлар.
III топ. Ұша алмайтын құстар
VI. Жұмбақ шешу.
1. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз.)
2. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.)
3. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш.)
4. Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған. (күркетауық.)
5. Судан шықса баладай,

Тәй- тәй басып қаладай. (үйрек.)

6.Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.       

 7. Күн бата қонақтап қалқыған,

Таң ата жерден жем аңдыған.   

 8. Басы тарақ, құйрығы орақ.  

 9. Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.                

 10. Айдалада ақ отау,

Аузы – мұрны жоқ отау.  

VI. Жабайы құстар.
Жабайы құстар еліміздің даласында, орманында, таулы аймақтарында, суларында да тіршілік етеді. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар, ал өз еліміз Қазақстанда 480 - ге жуық түрі бар екен. Барлық құс пайдалы. Соның ішінде ең үлкен құс - түйеқұс болса, ең кіші құс - колибри құсы екен. Түйеқұстың салмағы 100 - 150кг, бойы - 2, 5 - 3м. Африка, Австралияда кездеседі. Колибри 15 - 20г, бойы - 5, 5см. Ол Оңтүстік Америкада кездеседі.
Алайда құстар табиғатымызға көрік беріп қоймай, әсем әуенімен де сымбатты.

Сергіту сәті

Шеңберге жиналып Р.Өтегеновтың “Құстар” өлеңін хормен айтады.

Қоныңдар, құстар қоныңдар,

Бәріңе төрден орын бар,

Қанатты барлық достарға,

Балалар қамқор болыңдар

Дәптермен жұмыс

Суреттер бойынша дала құсы мен үй құсын ажыратып жазу

Шығармашылық тапсырма

І-топ Тірек сөздерден өлең жазу (құстар,шықылықтап, сайрайды,досымыз,біздің, жем, ұя, жасап, шашамыз)

ІІ- топ Құстардың суретін салу

ІІІ- топ «Құстар біздің досымыз» эссе жазу

VІІ.Қорытынды:

-Құстар туралы жалпы не білеміз? (Тақтада құстың суреті ілулі)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
603
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12