400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Ұлттық саябақ - ұлт мақтанышы!" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық саябақтың басты мақсаты мен міндетін түсіндіру, теңдесіз табиғат кешендерін қайта қалпына келтіру және қорғаумен бірге, адамдарға табиғатта алуан түрлі демалыс құруға ұсыну мүмкіншілігі мол екендігін ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық саябақ - ұлт мақтанышы

Іле-Алатауының мемлекетік ұлттық табиғи саябағы 1996 жылы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен құрылған. Саябақ оңтүстік астана Алматының жанында Іле-Алатауының солтүстік жоталарында орналасқан. Оның көлемі батыста Шамалған өзенінен, шығыста Түрген өзеніне дейінгі 120 км-ді, ал көлденеңінен 30 км-ді алып жатыр. Саябақтың ауданы – 202292 га.

Өсімдік және жан-жануар түрлерінің саны: Алматы қаласы Наурызбай ауданы

  • сүтқоректілер– 47;

  • құстар – 148;

  • бауырымен жорғалаушылар– 8;

  • қосмекенділер – 2;

  • балықтар – 8;

  • өсімдіктер – 200.

Ұлттық саябақтың басты мақсаты мен міндеті – теңдесіз табиғат кешендерін қайта қалпына келтіру және қорғаумен бірге, адамдарға табиғатта алуан түрлі демалыс құруға ұсыну мүмкіншілігі.

Ұлттық саябақ теңіз деңгейінен 600-ден 500 метрге дейін абсолютті биіктікте орналасқан. Ұлттық саябақ табиғатының негізін Шренк шыршаларының көркем ормандары және ұсақ жапырақтылар түрлерінен – Сиверс алма ағашы, долана, жабайы өрік, Тянь-шань шетені және басқа да ағаш және бұта түрлерінен құралған.

Саябақ өзінің табиғи және эстетикалық ерекшеліктерімен өзгеше. Туристер саябаққа кіре берістен аптаған аласа таулы, жартылай шөлейт және құрғақ даладан альпі шалғындығы, тундыралардың салқындығы мен мәңгі, аппақ қары әрі мұздықтарымен жарқыраған жартасты шыңы бар, тауларға дейінгі теңдесіз, тік ландшафты аймақты бақылау мүмкіншілігіне ие болады.

Ұлттық саябақтың өсімдік әлемі 1200-ден астам өсімдік түрлерінен тұрады және алуан түрлілігіне қарай Солтүстік Тянь-Шаньның өсімдік атаулысын құрайды.
Альпілік және субальпілік аймақтар (2400 метрден 3400 метрге дейін) көркем, ашық, сан түрлі шөп шалғындықты болып келеді. Оның ішінде биік таулы қияқ-мүк сазын кездестіруге болады. Ал одан төмен түссеңіз, арша бұтақтарын жолықтырасыз. Бұталы-орманды белдеу 1600-ден 2800 метр биіктікте орналасқан. Бұл аймаққа түрлі-түсті раушан көшеті, түрлі шөпті-дәнді жұрындар мен кезектескен жапырақты және қылқан жапырақты ормандар ти
есілі. 1400—1600 метр алатын баурайы— «дүңгіршек» деген атпен белгілі. Оларға аз кездесетін жабайы алмалар, өріктер, көктерек тоғайлары араласқан тау даласы жатады.
Ғалымдардың айтуы бойынша, Жетісу жеріндегі Іле Алатауының аласа таулары әлемнің барлық мәдени алма сұрыптарының шығу орталығы деп санайтындығын мақтанышпен айтуға болады. Ұлттық
саябақ флорасы аз кездесетін және эндемикалық түрлерден тұрады.

«Қызыл кітапқа» шөп, бұта және ағаш тәріздес өсімдіктердің 36 түрлері енгізілген. Олардың ішінде гүлдердің ежелгі түрлері саналатын жауқазынның екі түрі және сарыгүл мен шұғынықтың бір-бір түрлері кездеседі. Тарихшылардың пікірі бойынша, орта ғасырларда жауқазын Іле Алатауынан Ұлы Жібек жолы арқылы, Кіші Азияға, ол жақтан, бүгінгі таңда жауқазын ұлттық символға айналған Голландияға жеткен.
Саябақтың жан-жануар әлемі бай әрі сан қилы. Бұл аймақта омыртқасыздардың 1500 түрлері, ал омыртқалы жануарлардың 213 түрлері мекендейді. Оның ішінде 47 түрі сүтқоректілер, 148 құс түрлері, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, ал қосмекенділердің 2, балықтардың 8 түрлері ұшырасады.

Көбінесе орман алқабында және ашық орындарда бұғы тұқымдас – марал, елікті, ал жоғарырақ жартастар қорымында – сібір тауешкісін (теке) кездестіруге болады. Қабан, қасқыр, түлкі, борсық және басқа да кемірушілердің түрлерін жолықтырасыз.
Бұл аймақты мекендеген көптеген аңдар «Қызыл кітапқа» енген. Құстардан — тау өзені жағалауында мекендеуші – балшықшы құсы, ителгі тұқымынан – қырғи, тұрымтай; таулы жартастарды мекендейтін қырандар тобынан – құмай, сақалды бүркіт, және тазқара; аз кездесетін торғай тұқымдастардан – ақсағал және қара құтан кездеседі.
Сүтқоректілерден жыртқыш аңдар – қызыл қасқыр, қар барысы, Орта Азиялық сілеусін, Тянь-Шаньдық сұр аю және тассусар және тұяқтылардан арқар, дуадақ кездеседі.
Тау су қоймаларында анда-санда жолығатын балық түрі – Іле Маринкасы. Қар барысы Халықаралық «Қызыл кітапқа» енгені жөнінде айта кету қажет.

Саябақтың территориясында табиғат ескерткіштері мен Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұрасының археологиялық объектілері орналасқан. Олар – Ұлы мұздану дәуірінен бері сақталған «Шыңтүрген орман шыршалары», Үлкен Алматы биік таулы көлі, Бозкөл, Ақкөл, Қайрақ және Аюлы сарқырамалары, Тұйықсу, Дмитриев , Тәуелсіздік мұздықтары, Түрген шатқалындағы ерте темір дәуірі қорғандары, Есік өзені жағалауындағы сақ қорғандары, атақты «Алтын адам», сонымен қатар Талқыз және Түрген қалалары.
Саябақтың территориясымен Ұлы Жібек жолы жол тартқан. Туристерді ұлттық саябақта, ең бастысы, толыққанды демалыс пен экологиялық туризм тартады.
Саябақ жаппай рекреация мен денсаулықты қалпына келтіру үшін теңдесіз шарттар ұсынады. Мысалы, рекреациялық аймақта тау өзені жағалауында тыныш серуен құру және киіз үй-шатырлық кемпингте демалыс, тікұзақпен сапар, атпен серуендеу, тау туризмі және альпинизм. Туристер назарына Түрген арнасындағы Киелі бұлақ орталығына жолдама, саябақ территориясында оншақты жаяу және атты бағыттар, треккинг және рафтинг ұсынылады. Экологиялық соқпақтар бойымен біркүндік экскурциялар, ғылыми-танымдық туризм, табиғатта түнеу көпкүндік сапарлары және тағы басқалар. Ал қыс мезгілінде тау жолдарынан шанамен, атты шанамен сырғанау және тау шаңғы спорты күтеді.

Ұйымдасқан туристік топтарға сапарлардың ерекше бағдарламасы ұсынылады. Қорыта айтқанда, ұлттық саябақта әлемдік экотуризмнің болашақта дамуына бар мүмкіндік жасалуда. Іле –Алатауы ұлттық саябағы – ұлт мақтанышы. Саябақ Алматының экотуризмінің дамуына де өз үлесін қоса береді.





Адилбекова Шырай Тастемировна

188 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Алматы қаласы

Наурызбай ауданы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.03.2019
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі