Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ: «Зерде» интеллектуалды сайыс 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Зерде» интеллектуалды сайыс 2 команда қатысты «Ойшылдар» және «Тапқырлар» командасы.Сайыстың мақсаты: сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау.Сайыс мына кезеңдер бойынша жүргізілді 1. «Ширату» 2. «Теңге алу» 3.«Кім жылдам» 4. «Ханталапай» 5. «Жұмбақ жарыс» Сайыс арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыта отырып. шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу болды Сайыста оқушылар белсенділік таныта білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды сайыс

Мақсаты:

1) Білімділік. Оқушылардың І жарты жылдық бойынша білімін бекіту, топ бойынша жарысу, әр түрлі пәнаралық тапсырмаларды орындау.

2)Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс  істей алу қабілеттерін  дамыту.

3) Тәрбиелік. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.

Түрі: жарыс

Әдіс –тәсілдері: халықтық педагогика құралдары: ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.

Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, слайд тақта,  эмблема мен ұрандар, ойындар, әуен, асықтар, сигналдық карталар.


Сабақтың барысы:

- Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар!

«Зерде» интеллектуалды сайысымызды бастайық!

-Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәлім, тәрбие табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!

Жарысқа 2 команда қатысады «Ойшылдар» және «Тапқырлар» командасы.

Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:

Сайыстың мақсаты: сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау;

Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

1-сайыс «Ширату»

2- сайыс «Теңге алу»

3-сайыс «Кім жылдам»

4- сайыс «Ханталапай»

5- сайыс «Жұмбақ  жарыс»

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып алайық:

«ОЙШЫЛДАР»

Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен

«ТАПҚЫРЛАР»

Ұраны: Күш білімде, білім кітапта

Жарысымызды 1-кезең «Ширату» сайысымен бастайық.

Сұрақ топтың әр  мүшесіне қойылады сұраққа ия немесе жоқ деп жауап беру керек. 1 ұпаймен бағаланады.

1-командаға:

Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді +

К дауысты дыбыс –

2 мен 0дің қосындысы 4-ке тең –

Қосудың компаненттрі: қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні+

Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді.+

2-командаға:

Әріптерді көреміз және жазамыз.+

і дауысты, жуан дыбыс-

3 пен 1 дің айырмасы  2ге тең+

Азайтудың компаненттері: азайғыш азайтқыш, қосындының мәні-

Жыл мезгілдері: Көктем, жаз, күз қыс+


Жарысымыздың  2-кезеңі « Теңге алу» деп аталады.

ТЕҢГЕ АЛУ - қазақ ұлттық ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.

Ендеше мұқият мына тиіндерге қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!

1 теңге Бауырсақ сөзінде қанша буынбар?

2 теңге Сөйлем неден құралады?

5 теңге 9 бен 2 нің айырмасы

10 теңге Берілген сөзде қандай қате жіберілген?

10 теңге Өрнектерді салыстыр, қандай таңба қою керек?

20 теңге Берілген көл Қазақстанда орналасқан. Батыс жағының суы тұщы, Шығыс жағындағы суы ащы. Бұл қандай көл?

Сайысымыздың  3-кезеңі « Кім жылдам?» деп аталады.

Жүргізуші мақал – мәтелдердің бастапқы сөйлемін оқиды, ал сигналдық картаны алғашқы көтерген бала жалғасын айтады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі

Жақсыдан үйрен...

Жері байдың...

Әдепті бала...

Оқу – білім бұлағы,....

Отансыз адам....

Еңбектің наны тәтті,...

Бір тал кессең,...

Жауынменен жер көгерер,..


Сайысымыздың  4-кезеңі « Ханталапай» деп аталады.

Балалар «Ханталапай»  туралы естігендерің бар ма?

Ендеше ханталапайды топ командирлері ойнайды.

Берілген асықтардың ішінен мәні тек 5 тең 1 оқушы, екінші оқушы мәні 4-ке тең асықты жинастырады.

Талапай-ау талапай,

Табылды ойын алақай!

Асықты алға шашамыз,

Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. 


Сайысымыздың шешуші 5-кезеңі « Жұмбақ жарыс» деп аталады.

Мұғалім жұмбақ жасырады, ал топ мүшелері жұмбақтың шешуін қағаз бетіне жазады.


Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасында.

(Әділқазылар шешімін щығарғанша, ән тыңдау)

 Қорытындылау.

Топ мүшелерін марапаттау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3687
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12