Материалдар / сыныптан тыс сағат 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс сағат 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып оқушыларына тіл дамыту құралы ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2020
534
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тілашар

3 сыныптар







Қазақ тілі мұғалімі: Даукеева А.К.









Заречный, 2020

«Тілашар» тойы.

Мақсаты:

1. Әр оқушынының бойында патриоттық сезімін ояту, оқушылырдың білімге деген қызығушылдығынтарын арттыру.

2. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. Жаз мезгілі туралы білім-біліктерін толықтыру.

3. Оқу-білімді, өнерді жаны сүйетін, білімділікті мақсат еткен, білімге құштар ұрпақтың болашаққа сенімдерін ояту.

Барысы;

Мұғалім: Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын!

Қуаныш бүгін-мереке

Шуағын шашып тұр әлем

«Тілашар» тойы мектепте

Шәкірт, ұстаз, ата-ана

Қуаныш бүгін бәрінде

1оқушы;

Мектеп-қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз-оқушы баламыз.

2 оқушы:

Нұр шашып тұр көкте күн

Өмірімнің көктемін

Гүлдендірем деп келем

Алтын ұя мектебім

Мұғалім: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдын әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

3оқушы:

Құтты болсын қадамың

Құтты болсын талабың

Мағжан атам айтқандай

Білім отын жаға біл

4 оушы:

Мектеп деген жақсы екен

Қызығы мол думанды

Жақсы көрем бәрінен

Әдемілеп жазғанды

5 оқушы:

Тал шыбықтай көктедім

Әлдилейді анамдай

Мейірімді мектебім

6 оқушы:

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік

Қане ортаға салайық

7оқушы:

Елтаңбасын таныдым

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын сәнімін



Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Мәнгі бақи шырқаладжы

Республикам әнұраным

8оқушы:

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй



Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Көк аспанда қызыл күн

Көк аспанда жас қыран

9 оқушы: Дұрыс сөйле шала, қазақ атаңба

Өз тіліңде кеткен сөйлеп атаң да.

Қадірлей біл, тілі менен дініңді,

Саған берер менінң осы батам да.



Ойы биік, арманы алыс

Жаны жомарт ай қабағым

Көкірегі толған намыс

Қазағымнан айналайын

10 оқушы: Біз Отанымыздың бақытты балаларымыз.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған, жер атамекен

Биік тауі орман тоғай елімізді



Қазақстан-туған жерім, киелім

Қасиетіңдң қастерлеп басымды да иемін

Табиғатың тұнып тұрған қазына

Соның бәрін, аялаймын сүйемін.

11 оқушы:

Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Оқушылар мақал-мәтел айтады.

  1. Ақыл қайрат білімді

Тең ұстаған зор болар

  1. Бай болмасаң бай болма

Білім өнерге сай бол

  1. Жердің сәні егін

Ердің сәні білім

  1. Әдепті бала, ата-анасын мақтатады

Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатады

  1. Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір

  1. Төлден мал өседі

Шыбықтан тал өседі

Жұмбақ

Қызыл, сары кемелер

Су бетінде қалқиды

Соқса егер салқын жел

Ырғалады толқиды (жапырақ)

Мұғалім: Әрбір халықтың өзіне ғана тән көптеген салт-дәстүрлері бар. Соның бірі «Тілашар» тойы

Ата-ана қуанып шаттанасың

Оқып жүр деп балаңды мақтанасың

Алдарыңа бұлардың кім шығыпты

Барлық мықты мектептен аттанасың ,- дей келе «Тілашар» тойымызды

аяқтаймыз.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!