400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сағат. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған оқушылармен бірге ұйымдастырылған сыныптан тыс сағат. Оқушыларды қызықтыратын жаңылтпаштар, жұмбақтар, басқа да ойындар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тапқыр достар

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарды қайталай отырып, оқушылардың білім деңгейін тексеру

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың табандылықпен шешім қабылдау, оны дәлелдеу, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру арқылы білімін арттыру

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамытуға, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі - түсті қағаз, маркер, бейнекөрсетілім.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

5 «А», «Б» сыныптарынан 2 топ шығады. Топта 6 оқушы болады. Сайыс 7 бөлімнен тұрады. Бағалау балл түрінде болады. Тез және толық жауап берген топ жоғарғы ұпай алады.

  1. Таныстыру

  2. Назар аударыңдар!

  3. Ерекшелігін тап

  4. Жаңылтпаштар

  5. Ал, қанекей, шешейік!

  6. Жалғасын тап!

  7. Өтірік өлең

«Таныстыру» бөлімінде әр топ өзінің ұранымен, тобының атауымен және эмбелмасымен таныстырады. Ең жоғарғы балл 10.

«Назар аударыңдар!» бөлімінде өзін өзі тану пәніне байланысты бейнекөрсетілім ретінде өсиет әңгіме ортасына дейін көрсетіледі. Өсиет әңгіменің соңын әр топ өзінше аяқтайды. Кейіннен өсиет әңгіменің тура шешімі көрсетіліп, әділ қазылар бағаларын береді. Ең жоғарғы балл 10.

«Ерекшелігін тап» бөлімінде екі сурет беріледі. Сол суреттің 10 ерекшелігін табу керек. Әрбір ерекшелікке 1 ұпайдан беріледі.

«Жаңылтпаштар» бөлімінде оқушылар интерактивті тақтада берілген жаңылтпашты жылдам әрі шатаспай айып шығуы керек. Әр жаңылмай айтқан жаңылтпашқа 2 ұпайдан беріледі.

«Ал, қанекей, шешейік!» бөлімінде жұмбақтар беріледі. Жұмбақтың шешімін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) айтулары қажет. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

1. Білімнен мол сый - асы,

Балғындардың ұясы.

(Мектеп)

2. Қабы сояу,

Діні – бояу.

(Қарындаш)

3. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.

(Сызғыш)

4. Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.

(Класс)

5. Оқуыма төреші,

Тоқуыма төреші.

Парақтасам байқалар.

Білімімнің өресі,

Онда және жазылған,

Кестем де бар келесі.

(Күнделік)



6. Түсi аппақ,

Тысы қатты - ақ,

Екi түрлi уызы,

Жесең тәттi - ақ.

(Жұмыртқа)

7. Бұлтты айналды аспандағы

Қарға айналды асқардағы

(су)

8. Сақтауға, сатуға болмайды,

Күймейді, тіпті де тоңбайды.

Дымы жоқ, үні жоқ, мұңы жоқ.

Көріп пе ең, апыр - ай, мұндайды?!

(көлеңке)

«Жалғасын тап!» бөлімінде мақал - мәтелдердің жалғасын табу беріледі. Яғни, екі топтан бір оқушыдан шығып, мақалдың басын айтады, қарсылас топтағы оқушы оны тауып жалғастыруы керек.

«Өтірік өлең» бөлімінде берілген қобдишаны таңдап, ішіндегі сөздерді қатыстырып өтірік өлең құрастырады. Ең жоғарғы балл 10.

«Жүректен жүрекке» бөлімінде екі топ бір біріне арнап жылы лебіздері мен тілектерін жазып, ойын туралы ойларымен бөліседі.

Қорытынды: марапаттау.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.10.2021
1076
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі