Сыныптан тыс сайыс Математика және Біз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сайыс Математика және Біз

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні: 03.11.2017ж

Сыныбы: 2 Ә,Б,В

Тақырыбы: «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ БІЗ»

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, қызығушылықтарын қалыптастыруда сыныптан тыс өтетін математикалық іс-шаралардың маңызы зор. Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына жол ашады.

Көрнекілігі: топ тапсырмалары, керекті заттар, нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай көрсеткіштері.

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақ типі: ойын түрінде

Жүргізуші:

Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Бүгін сайыс төріне,
Математика тілінде,
Есеп шешіп таласып,
Жұмбақ айтып аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Кең пейілді жігермен,
Келді міне көп білген.
Бүгінгі “
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ БІЗ” атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Алып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық.

Еркіңді билеп барынша,

Жарыста, сірә, қалыспа!

Кеш қызығын, осылайша

Шабытпенен бастайық! –деп ортаға сайысқа қатысушы үш топты шақырайық.

Сайысқа қатысушы топтардың аты «Жас математик» , «Жеңіс», «Фигура»  тобы. Әуелі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

  1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

  2. «Кім жылдам?»

  3. «Ойлан тап!» Топтық тапсырма

  4. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика» (мақалдың жалғасын табу)

  5. Полиглот (Берілген сандарды үш тілде атау)


І кезеңімізді бастаймыз. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

І топ. «Жас математик»

ІІтоп  «Жеңіс»

ІІІ топ «Фигура» 


ІІ кезең. «Кім жылдам?» (Әр топқа жеті сұрақтан беріледі. Сұрақтарға жылдам жауап беру керек)

«Жас математик» тобына

  1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? / айырманың мәні/

  2. 1 сағатта неше минут бар? /60 минут/

  3. Салмақ өлшем бірліктерін ата. /г, кг, ц, т/

  4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? /3/

  5. 1 дм 4 см нешеге тең? /14 см/

  6. 1 тәулікте неше сағат бар? /24 сағат/

  7. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? /3 минут/

«Жеңіс» тобына

  1. 1 килограмда неше грам бар? /1000г/

  2. Ұзындық өлшем бірліктерін ата /см, дм, м, км/

  3. Он екі айды бір сөзбен айт/жыл/

  4. Кез келген санды 0-ге көбейткенде не шығады? /0/

  5. Теңдеу дегеніміз не? /құрамында белгісізі бар теңдік/

  6. 1 дециметрде неше сантиметр бар? /10см/

  7. 2 тәулікте неше сағат бар? /48 сағат/

«Фигура»  тобына

  1. Бес тырнаның неше аяғы бар? /10/

  2. Бір метрде неше сантиметр бар? /100 см/

  3. 1 дм 4 см нешеге тең? /14 см/

  4. Қосудың нәтижесі қалай аталады? /қосындының мәні/

  5. 1 кг тұз ауырма, 1000 грамм мақта ауырма? /тең/

  6. Үш сызықтан пайда болған фигура?/үшбұрыш/

  7. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? /2/


ІІІ кезең. «Ойлан тап!» Топқа теңдеу беріледі.

«Жас математик» тобына:

Теңдеуді шешіңдер:

9+Х=12 12-Х=6


«Жеңіс» тобына:

Теңдеуді шешіңдер:

Х+4=12 9+Х=18


«Фигура»  тобына

Теңдеуді шешіңдер:

17-Х=9 Х-7=5


ІV кезең. 

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика»(мақалдың жалғасын табу)

«Жас математик» тобына:
1)  2 жақсы қас болмас, (2 жаман дос болмас)
2)   Бес бармақ жиналса, (жұдырық болады)
3)   Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)


«Жеңіс» тобына:

1)  Бір тал кессең, (он тал ек)
2)  Бес саусақ 
(бірдей емес)

3) Бір жақсы дос,( жүз туыстан артық)


«Фигура»  тобына:

1)  100 сомын болғанша,(100 досын болсын)
2)
Білгенің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз)

3) 1 кісі қазған құдықтан (1000 кісі су ішеді)

V кезең. Полиглот (Берілген сандарды үш тілде атау)

«Жас математик» тобына:
1 (бір, один,
one)

3 (үш, три,three)

7(жеті, семь, seven)

«Жеңіс» тобына:

2 (екі, два,two)

4(төрт, четыре,four)

6(алты, шесть, siх)

«Фигура»  тобына:

5 (бес, пять,five)

8 (сегіз, восемь,eight)

10( он, десят, ten)


Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

-Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсе.

Оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
943
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі