400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«Мәдениет» жалпы орта мектебі












«Тапқырлар сайысы»

8 – 10 сыныптар
















Мұғалім:Шиналиева Р.Г.







Мәдениет ауылы


Тақырып: Тапқырлар сайысы

Мақсаты: білімділік оқушыларға  Наурыз  мейрамының  пайда  болу  тарихы  және қазақ халқының салт-дәстүрімен  таныстыра  отырып  халқымыздың  әдет-ғұрпы, мәдениеті  туралы толық мәлімет беру;
Дамытушылық-оқушыларды халқымыздың дәстүріне, әдет-ғұрыпқа  байланысты  ұлағатты сөздерінің  мәніне  қарай  және жақсылық  пен  ақ  ниетке  толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;
Тәрбиелілік- оқушыларды  елін,  Отанын  сүюге,  патриоттық рухта  және  ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Жоспар:1. Командалардың өздерін таныстыру.

2. «Мақал –мәтел » сайысы

3.Үй жұмысын тексеру

4. «Жеті керемет»

5. «Cән көрмесі»

6. Қорытынды.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Ұлыстың
 ұлы күні- Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
  Наурыз
 келді, жайраң қақты таң күліп,
  Жап-жасыл
 боп кетті дүние жаңғырып
  Жақсылыққа
 жаршы болған Наурызым
  Сен
 өмірдің көктемісің мәңгілік
Ұлыстың
 ұлы күніне орай өткізіліп отырған Наурыз-асыл айым атты ашық тәрбиесағатымызға қош келдіңіздер!
3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)


Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Жүргізуші II: Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей мандай терін төккен жер!

Жүргізуші I: Армысыздар, көрермен қауым, қонақ жандар,
Бүгінде
 бар өнерді тамашалар!
Ұлыстың
 ұлы күніне кеп отырған
 Ақ
 ниетті,пәк пейілді замандастар!

Жүргізуші II: Жаңа жыл, кел төрлет,

Ел достығын өркендет.
Мол
 босын ырыс,құт,
 Болсын
 елде тыныштық
 Құтты
 болсын Наурыз той,
 Құлпырып
 тұр қыр мен ой
 Күн
 мен түні теңелді,
 Жер
 шуаққа кенелді.

Жүргізуші І:
 Ал,
 халайық, тұрмайық,
 Әндетиік
 жырлайық!
 Ортамызды
 ашайық,
 Ырыс
 тілеп бұл жылға,
  Жырдан
 шашу шашайық! (Ән )

Жүргізуші І: Ортаға сайыскерлерді шақырайық

Жүргізуші ІІ: Әр команда 5 оқушыдан құрастырылған. 1-ші команда Абай , 2-ші команда Ыбырай, 3 –ші Шоқан командасы және қазылар алқасы. (қазылар алқасын таныстырып өтеді).

Жүргізуші І: Көңілді тапқыштар,білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді,көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Жүргізуші ІІ: Сайысымыздың жоспары бойынша үш команда кезек –кезек Таныстыру, Амандасу, Ұрандары және Әділ қазыларға тілектерін айтады.

Жүргізуші І: Сайысты Абай командасы бастап Шокан командасы аяктайды.


  1. Командалардың танысуы. (жоғары 5 ұпай)

А) Танысу


Абай Құнанбаев.

Егеменді қазақтың біз ұланы

Өз туы бар,елтаңба,әнұраны,

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.


Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда

Жеңіс тек біздер болар осы жолда

Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар

Отырған дәл алдыда,он мен солда.


Ыбрай Алтынсарин

Өнер қуған математик жастармыз

Есебіңді лезде шешіп тастармыз.

Командамыз өңшең тапқыр қырандар

Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.



Келешектің үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,

Сегіз қырлы,өнер асып туғандар

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.

Шоқан Уалиқанов:

Танысалық біз жастар командасы

Біздерді өздерін деп санандаршы

Салт дәстүрін бұл қазақ мықты ұстаған

Ілім жағын ұрпақтан бағалашы

Тәуелсіз қазақ елі ар –бағымыз

Ұмтылып шыңға шығу арманымыз

Уалинанның Шоқаны ғалым болған

Мақтаныш команда атын алғанымыз

Топ жарып алға шығар үміт тұлпар

Жеңісін әлі –ақ жастар ән –мен шырқар

Тағынан таймасыншы әр пендеміз

Самғаумен көгімізді көңіл сұңқар


Б)Амандасу

Абай Қ: Бастары компьютердей

Бойлары бәрі бірдей

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей – сәлем!


Ыбрай А: Құны бір құрдас

Жаны бір жандос

Тілегі бір, жүрегі бір

Бірге өскен жолдас

Сендерге де бір сәлем!


Шоқан У: Армысың көрерменім залда отырған

Сендерсің біздер үшін таңды атырған

Иіліп сәлем бердік қабыл алған

Бастауы бұл өмірдің «Біз батырдан» -Сәлем!


В) Ұраны

Абай Қ: Бір аллаға сыйынып

Кел, балалар,оқылық.


Ыбырай А: Тартысайық сайыста күш жігермен

Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.

Шоқан У: Білекті бірді жығады,

білімді мыңды жығады


Г) Қазылар алқасы тілек

Абай Қ: Төр ағасы төбе билер-жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер.


Ыбырай А: Әділеттен аспаңыздар

Қиянатқа баспаңыздар.

Шоқан У: Айырар істін бүгін ақ қарасын,

Тәуекел салды жастар тұнып басын

Қазылар әділ шешсе бұл жарысты

Ісіне көңілін толып шаттанасын


Қазыларшешеді істің әділ жағын

Көңілін шәкірттердің қалдырмаған

Топ туын қазағымның желбіретер

Біздерміз биіктетер ел мұратын

Жүргізуші І: Бүгін маған керек емес ертегі,

Ертегіні өз басымда шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

Жүргізуші ІІ: Ата –бабамыз келер ұрпақты әрқашанда сөзімен, істеген іс –әрекетімен тәрбиелеп отырған. Келесі кезең Мақал –мәтел сайысы. Алдарыңда 4 тақырып бар , таңдаған тақырыптарыңның әрбір мақалы 5 ұпай мен белгіленеді.

  1. Отан

  2. Білім

  3. Еңбек

  4. Достық




Жүргізуші І:
Наурыз той құтты болсын ағаларға,
Наурыз той құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурыз той құтты болсын баршамызға!
Жүргізуші ІІ: Сайысымыздың келесі кезеңі «Үй тапсырмасы» әр команда халқымыздың салт –дәстүріне байланысты өз өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші І: Бірінші болып Абай командасы «Тұсау кесер» көрінісін тамашаланыздар.

Жүргізуші ІІ: Келесі Ыбрай командасы «Бет шар» көрінісімен

Жүргізуші І: Бесікке салу көрінісімен Шоқан командасын ортаға шақырамыз

Жүргізуші І: « Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады.

Жүргізуші ІІ: Бүгін біз сіздерге әлемнің жеті кереметі туралы қысқаша айтып кеттейік:

1.Пирамидалар ( Мысыр)

2.Семирамида бағы ( Вавилон )

3.Зевс мүсіні ( Олимпия )

4.Артемида храмы ( Эфес )

5.Родос алыбы ( Родос аралы )

6.Галикарнас кесенесі ( Кіші Азия )

7.Александрия шамшырағы ( Мысыр)

Бұлардың қайсысы болса да, мүсін және сүрет өнерінің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.

Жүргізуші І: Дұрыс айтасың. Бұлар әлемдік тұрғыдан алғандағы ұғымдар, ал енді әр елдің мақтанышына, символына айналған кереметтер қаншама.

Жүргізуші ІІ: Бүгінгі қазақстандықтар да ондай бақыттан кенде болмаса керек.

Жүргізуші І: Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті оқ елі»,»Жеті нан» (құдайы беру), бұрын қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған.

Ал енді «Қазақстанның жеті кереметіне» тоқтайық.

Міне, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жеті кереметіне осы ескерткіштер кірсе деген ойда қысқаша айтып кеттік.

1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.

2. Тайқазан.

3 .Айша биі мазары.

4. Тамағалы кешені жартас суреттері.

5. Алтын Адам.

6. Домбыра.

7. Күлтегін ескерткіші.


Осы жеті керемет әйгілі, бізге мақтаныш болады деген ойдамыз.

Жүргізуші І: ( алдарыңызда жайылған суреттердің бірін таңдайсыз және оған қысқаша түсініктеме айтылады. Айтылғанына қарай ұпай беріледі. Жоғары ұпай бес балл)

Жүргізуші І. Шарықтап көңілім аспандай,
Биге бір жаным басқандай.
Биші қыз би билей жөнелсе
Шаттықтың нұры тасқандай
Жүргізуші ІІ: Құрметті көрермендер зерікпедіңіздерме? Қолдаушылар артынан би

Жүргізуші І: Міне бүгінгі сайсымыз аяқталуға таяп қалды. Әділ қазылар өзара ақылдасып алғанша көрермендермен ойын ойнай тұрайық.

Жүргізуші ІІ: Ортаға 3 қыз ,3 ұл шақырылады.

Жүргізуші І: Әділ қазыларды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші І: Наурызым-бабамның сөзі,
Наурызым-анамның сөзі
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі

Жүргізуші ІІ: Наурыз тойы асқақ әнмен шарықтасын,
Халқымыз той-думаннан жалықпасын.
Жер жүзі бейбітшілік заман болып,
Ұрпақтар әрқашанда аман болсын! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған сайысымыз осымен аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі