жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс сайыс сабақ «Білімділер» интеллектуалдық ойын
«Білімділер» интеллектуалдық ойын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық. Ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Дереккөздер мен құрал-жабдықтар: Безендірілген зал, интернет желісі, логикалық тапсырмалар, бейнекөрініс, интербелсенді тақта.
Жұмыс түрі: Сайыс сағаты.
Ойынның шарты:
Сұрақ беруші қонақтарды,ойыншыларды таныстырып, ортаға шақыру.
Топ басшысын сайлап алу және ынтымақтастық атмосферасын орнату.
13 сұрақ беріледі(5 сұрақ-қонақтар тарапынан, 5 сұрақ-бейне сұрақ,1 сұрақ-қара жәшікте жасырылады, 1 сұрақ ғаламтордан алынады, 1 сұрақ музыкалық үзіліс).
Әр сұрақ қойылғанда белгі, талдауға шектеулі 2мин уақыт беріледі.
Егер ойыншылар сұраққа бірден жауап берген жағдайда, өздеріне тиісті уақытты келесі сұрақта пайдалануларына болады.
Қорытынды (жеңімпазды анықтау)
Ойынға қатысушылар:
Сұрақ берушілер.
Т. Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Қабылбекова Күміскүл (2-сұрақ)
Шорнақ атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Алдиярова Раушан (1-сұрақ)
А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Танатова Дина(4-сұрақ)
Жалиев Жахангир(7-сұрақ)
№20 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мырзахан(5-сұрақ)
Мектебіміздің ДОІЖО физика пәні мұғалімі Сыздықов А(3-сұрақ)
Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Теңлесбаева М (9-сұрақ)
Физика және информатика пәні мұғалімі Аубакиров Н (8-сұрақ)
Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қуанышбек А(6-сұрақ)
Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Үсен А(10-сұрақ)
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Керізбек Ш(12-сұрақ)
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Исаева А(11-сұрақ)
Ойыншылар:
1. Бабайқорған атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Наршабаева Шералы
2. Шобанақ атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Зүбайраев Шыңғыс
3. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Сұлтанбек А
4. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Өмірзақ Г
5. Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Махымбет Р
6. Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Зинатова А
7. Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Тоқтасын Әлімхан
Қолданылатын нақыл сөздер:
1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Білімділер» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын-топ пен қадірлі көрермендер арсындағы сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1.Жатқасын кең көлемді жарыс қылып,
Қайтеміз жақын істі алыс қылып.
Ендеше топқа түскен сайыскерді,
Бір-бірлеп кетейік таныстырып.
Кезекте амандасу рәсімі.
Ұраны: Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
1-сұрақ. Үшбұрыштың қатаңдығы туралы және аталған қатаңдықты тіршіліктегі қатаңдықпен байланыстырыңыз. (жанды сұрақ)
2-сұрақ. Біздің жыл санауымызға дейінгі шамамен II мыңжылдықтың ортасына жататын тарихи мәтіндердің бірінде әскери қоршауға қатысты есеп берілген. Қоршау бекіністің айналасына көлбеу етіп топырақ үйіндісінен салынған( сызбада оның көлденең қимасы берілген). ВС-жау қорғанысының қабырғасы; DЕ- тұрғызылған қоршау бөлігімен шектелген тік жазықтық;ЕС-жау қорғанысының қабырғасына дейінгі қашықтық. Бекіністің ені l=6
Қоршау тұрғызуға қажетті және тұрғызылған қоршау бөлігіне жұмсалған жердің көлемі V= 602+30*60 және ЕС=8, DE=36. Сұрақ: қала қорғанысының ВС биіктігін және қоршаудың АС ұзындығын анықтау қажет. . (бейне сұрақ)
Жауабы: Теңдеудің екі шешімін алуға болады:
В
D F
A с
3-сұрақ. Ахместің папирусында мынадай есеп кездеседі: . (бейне сұрақ)
« 7 үйдің әрқайсысында 7 мысықтан бар; әр мысық 7 тышқан жейді, әр тышқан сұлының жеті сабағынан жейді, әр сұлының сабағы, егер оны ексе, сұлының жеті дәнін береді.Үйдің, мысықтың, сұлы сабағының және дәнінің жалпы қосындысын табыңдар».
Жауабы:
Үй- 71=7
Мысық- 49=72
Тышқан- 343=73
Cұлы- 2401=74
Дәннің саны- 16807=75
4- cұрақ. Жылқының жартысы. (жанды сұрақ)
Жылқышы бір үйір жылқыны үш адамға сатпақшы болады. Біріншіге ол өзіндегі болған барлық жылқының жартысын және тағы жарты жылқы сатты, екіншісіне-қалғанының жартысын және тағы жарты жылқыны, ақырында, үшіншіге-қалғанының жартысын және тағы жарты жылқыны сатты. Бір үйірде барлығы неше жылқы болған? (мұнда бірде бір жылқыны соймағанын ескеріңіз).
Жауабы: Үшінші адам 1 жылқы, екінші адам 2 жылқы, ал біріншісі 4 жылқы алған. Барлығы 7 жылқы болған.
5-сұрақ. Түлкі мен тазы. (жанды сұрақ)
Тазы түлкіні аулады. Бастапқыда түлкі итпен оның 60 секіруіндей қашықтықта еді. Түлкі 9 рет секіргенде, ит 6 рет секіреді. Иттің 3 секіргендегі ұзындығы түлкінің 7 секіруіндей. Түлкіні қуып жеткенше ит неше рет секіреді?
Жауабы:
Иттің секіру саны-х болсын. Иттің 3 рет
секіргенін түлкі 7 рет секіреді, ендеше
иттің 1 секіргені түлкінің
секіргеніне тең, ал иттің х рет секіргені
түлкінің
секіргеніне тең.
формуласы иттің қажетті секіретін жолы,
түлкінің секіру санымен өрнектелген.
Екінші жағынан, ит 6 рет секіргенде түлкі
9 рет секіреді, сонда ит х рет секіргенде,
түлкі
рет секіреді. Ендеше
=60+
,
сонда х=72.
Ит 72 рет секіреді.
6-сұрақ. (бейне сұрақ)
7-сұрақ. (жанды сұрақ)
24 шірпіден 9 шаршы құрап тұр. 8 шірпіні алғанда, 2 шаршы шығуы керек.
8-сұрақ. Австралия және Полинезия тайпалары бір мен екі сандарынан үшті, төртті, бесті, алтыны құрастырған. Алтыдан артық сандарды «көп» немесе «сан жетпес» сандар деген. Мысалы: бірді- урапун, екіні- оказа, үшті-оказа-урапун, төртті-оказа-оказа-урапун, сұрақ. алтыны- қалай атаған? (бейне сұрақ)
Жауабы: алтыны-оказа-оказа-оказа деп атаған.
9-сұрақ. (Жанды сұрақ)
Ежелгі грек ғалымдары тіршілік неден пайда болды дегенде су, от, ауа, жер деп ұғындырған. Және осы төртеуін дұрыс көпжақтың төртеуіне сәйкестендірген. Қалай?
10-сұрақ. Музыкалық үзіліс.(жанды сұрақ)
2013жылы Сөзі: Ринат Зайытов
Әні: Серік Сыздықов
Орындаушы: Гүлнұр Оразымбетова. Осы аталған әнді табу керек.
Жауабы: Мереке әні.
11-сұрақ. Мектеп ауласына кіргеннен бастап үшінші қабатқа дейін неше баспалдақ басып көтерілдіңіз? (бейне сұрақ)
12-сұрақ. 1-ден 50-ге дейінгі сандардың көбейтіндісі 2-нің ең үлкен қандай дәрежесіне бөлінеді? (бейне сұрақ)
Жауабы: 247
13-сұрақ. Қара жәшікке байланысты.( жанды сұрақ)
Тікбұрышты параллелепипед тәрізді зат. Оны тіршілікте қолданамыз. Көбіне Қыз-келіншектер. Жауабы: қобдиша
Қорытындылау.Жеңіске жеткен ойыншыларды анықтау және тиісті сыйлықтармен марапаттау .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген