жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс сайыс сабақ. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"
«М.Әуезов атындағы №31 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«22 қыркүйек - Тілдер мерекесіне» орай ұйымдастырылған
Сыныптан тыс эстафеталық сайыс сабақ
Тақырыбы:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» білімділер сайысы
Ұйымдастырушы: А.Қыдырбаева
2019-2020ж
Бекітемін:
Мектеп директоры:
__________Қ.Сарбасов
«22 қыркүйек - Тілдер мерекесіне» орай ұйымдастырылған
сыныптан тыс өткізілетін «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» білімділер сайысының іс-шара жоспары
№ |
Мазмұны
|
мерзімі |
жауапты |
1 |
Жоспарды бекіту
|
18.09.2019ж |
А.Қыдырбаева |
2 |
Өтілетін орындар мен құрал-
жабдықтарды дайындау |
19.09.2019ж |
А.Қыдырбаева |
3 |
Тапсырмалар мен ойын бекеттерін таныстыру |
19.09.2019ж |
А.Қыдырбаева |
4. |
1-бекет « Құрылысшылар» 2-бекет «Суретшілер» 3-бекет «Жедел-жауап» 4-бекет «Математиктер» 5-бекет «Тіл-өнер » 6-бекет «Білгірлер» |
19.09.2019ж |
А.Қыдырбаева |
5 |
Қорытынды
|
19.09.2019ж |
Әділ қазылар |
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілікті арттыра отырып, ой-өрістерін кеңейту.Сабақта алған білімін, білік дағдыларын шығармашылықпен пайдалану, тіл байлықтарын молайту, топтық жұмыстар арқылы білім дағдыларын өз беттерінше еркін қолдануын қалыптастыру. Адамгершілік қасиеттерін дамыту, ізгілікке, ынтымаққа, өзара сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Бағалау критерийі:
Топпен тапсырмаларды орындайды.
Сөйлем құрастыра алады.
Ауылдың көрінісін салады.
Жедел жауап береді.
Логикалық есептерді шығарады.
Өз өнерлерін көрсетеді.
Мақал- мәтелді жақсы біледі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, музыка, қазақ әдебиеті.
Ресурстар: плакат,портрет, парақшалар, маркер, стикер, қаламдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
«Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!«Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» - деген болатын алғашқы елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатасыздар. Сайысымыз 6-сыныптар арасында 3 топ сынға түседі.
Олай болса, бүгінгі сайысқа шығатын білімді,озат оқушыларымызды шақырайық.
Құретті ұстаздар, ата-аналар сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
О
лай
болса сайысымыздың барысына тоқтала
кетейік. Сайыс 6 бекеттен тұрады. Әр
бекеттегі тапсырмаларды орындаған соң,
келесі бекетке белгі () бойынша барып
орындайды.
Топтармен сәлемдесіп, танысу. Әр топ мүшелері өздерін таныстырып өтеді.
1-бекет « Құрылысшылар»
2-бекет «Суретшілер»
3-бекет « Жедел жауап»
4-бекет «Математиктер»
5-бекет «Тіл -өнер »
6-бекет «Білгірлер»
Сайыс соңында озып шыққан топты марапаттау
Құретті әділ қазылар алқасы әр бір тапсырманы 3,4,5 ұпай сандарымен
бағалап отыруыңызды сұраймын. Олай болса сайысымызды бастаймыз.
1-бекет «Құрылысшылар» Бұл сайыста әр топқа жеке тірек сөздер беріледі. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау керек.
6 «А» сыныбына- тіл , кітап, оқушы, ана тілі, ұстаз, мектеп, қамқор, білімді.
6 «Ә» сыныбына- білім, әке, ақыл, мақал, балалар, оқулық, дос, жақсы.
6 «Б» сыныбына- талап, ойлау, жақсылық, тас, ата, көз,дәрігер, сынып.
Дескриптор
Әр толық мағыналы сөйлемге -1 балл қойылады
2-бекет «Суретшілер» Бұл сайыста топтар өз ауылдарының көрінісін салады.
Дескриптор
Суреттің сапасына қарап 3-тен 5-ке дейінгі балмен бағалайды.
3-бекет « Жедел жауап» Бұл бөлімде әр сыныпқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
6 «А» сыныбына
Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. Мемлекеттік тілімізқандай? (қазақ тілі)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
6 «Ә» сыныбына
1. Дауысты дыбыстардың саны нешеу? (9)
2. Жалпы есім және жалқы есім дегеніміз не?
3. Күрделі сөздің түрлері? (біріккен сөз, тіркесті сөз, қысқарған сөз, қос сөз)
4. Сөзді дұрыс жазу қағидаларын қарастыратын тіл білімінің тарауы қалай аталады? (орфография)
5. Көптік жалғауларды атаңдар?(-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер)
6. Біріккен сөздер қалай жасалады? (Екі түбірдің бірігуі)
7. «Биік» сөзінің синонимін тап (үлкен)
8. Сөздің ең түпкі бөлшегі (түбір)
9. Жалғаудың неше түрі бар? (4)
10. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(3)
6 «Б» сыныбына
1. Деректі зат есім деп қандай зат есімді айтамыз? (қолға ұсталынатын затты)
2. Орфоэпия деген не? (дұрыс айтамын)
3. Мағыналары бірдей, мәндес сөздер. (синоним)
4. Бітеу буын деп қандай буын түрін айтады? (екі жағы дауыссызға біткен буын)
5. Қазақ альфавитінде қанша әріп бар? (42)
6. Жалғаудың түрлерін ата
7. Диалект сөз дегеніміз не?(белгілі бір жерде қолданылатын сөз)
8. Антоним дегеніміз не?(мағыналары қарама-қарсы сөздер)
9. Офография дегеніміз не? (дұрыс жазамын)
10. Дефис қандай сөздердің арасына қойылады? (қос сөздің, цифр мен қосымшаның арасына, қос айқындауыштың)
4-бекет «Математиктер» Бұл сайыста 2 логикалық есептер қойылады.
Әр дұрыс жауапқа -1балл
6 «А» сыныбына
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады, ал 28 саны
қай айда кездеседі? Барлық айда
2 .Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша
қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді
6 «Ә» сыныбына
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)
2. .Бір ағаштың он екі бұтағы бар,Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,Бір жағы қара. (Жыл, ай, тәулік, күн мен түн).
6 «Б» сыныбына
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда, берген жауабы мынадай:
«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.»
Қарияның неше ұлы, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)
2 . Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім
тоқтата алады? (Жол полициясы)
5-бекет «Тіл- өнер» Мақалдың құрастыру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай беріледі.
6
«А» сыныбына
1.
Отан (отбасынан
басталады)
2.
Тұз астын дәмін келтіреді, мақал (сөздің
сәнін келтіреді)
3.
Ине көзінен сыналады, шешен (сөзінен
сыналады)
4.
Оқу білім бұлағы, (білім
өмір шырағы)
5.
Сөз тапқанға (қолқа
жоқ)
6.
Жеті жұрттың тілін біл, (
жеті түрлі ілім біл)
7.
Шебердің қолы ортақ,
(шешеннің тілі
ортақ)
8.
Ақыл - тозбайтын тон, (білім
– таусылмайтын кен)
9.Айтылған
сөз (атылған
оқ)
10.
Білгенің
бір тоғыз, (білмегенің
тоқсан тоғыз)
6 «Ә» сыныбына
Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті.)
2. Өнерлінің қолы алтын, (өлеңшінің сөзі алтын)
3. Жақсы байқап сөйлер, жаман (шайқап сөйлер)
4. Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)
5. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ( ой өсіреді)
6. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен)
7. Көре – көре көсем боласың, сөйлей – сөйлей (шешен боларсың)
8. Әдепті бала - арлы бала,(әдепсіз бала – сорлы бала.)
9. Оқусыз білім жоқ, білімсіз (күнің жоқ)
10.Көп жасаған білмейді, (көп көрген біледі)
6 «Б» сыныбына
1.Біліп тұрсаң да, (сұрап ал)
22.Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды)
23.Ойнап сөйлесең де, (ойлап сөйле)
24.Білімдінің күні жарық, (білімсіздің күні кәріп)
25.Қыз елдің көркі, (гүл жердің көркі)
26.Ер жігіт елі үшін туады, (елі үшін өледі)
27.Шебердің қолы ортақ, (шешеннің сөзі ортақ)
28.Атаңның баласы болма, (адамның баласы бол)
29.Қына тасқа бітеді, (ақыл жасқа бітеді)
30.Жүзігің жарқын болғанша, (жүзің жарқын болсын)
6-бекет «Білгірлер» Бұл сайыста әр топ мүшелері өз өнерлерін көрсететін болады.
Қорытынды
Мұғалім: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – дей келе сайысымыздың қорытындысын жариялап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін беріміз.
Сонымен
бүгінгі сайысымыз аяқталды, жақсы
күндерде жолыққанша күн жақсы болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген