400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сайыс сабақ "Көңілді тапқырлар" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. мақал-мәтелдермен жұмбақтар толық пайдаланып, ойындар мен қызықты логикалық есепті шығару, тәжірибелік жұмыс арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Талғар ауданы, №24 орта мектеп

Информатика пән мұғалімі: Джаменкеева Роза Науырызбаевна

Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, жан-жақты, озық ойлы тұлғаны қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. мақал-мәтелдермен жұмбақтар толық пайдаланып, ойындар мен қызықты логикалық есепті шығару, тәжірибелік жұмыс арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.

  3. Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.

Шараның түрі: сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, физика, әдебиет, музыка,

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ноутбук, карточка, тәжірибеге керекті құралдар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал

Әр топ өзін өзі таныстыру

Сырлы сауалдар

Мақал-мәтелдер

Логикалық есептер

Әннің физикалық мағынасын ашу.

Тәжірибе жасау

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын тербелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңызды «Көңілді тапқырлар» атты сыныптан тыс сайысына қош келдіңіздер! Біз бүгінгі іс-шарамыз 7– сынып оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.


Кім білімді, өнерпаз білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділқазылар алқасына тек әділдікті,
Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!


Ендеше, ортадағы ойыншыларымызбен таныс болайық.

7 «А» сынып- «Білгірлер» тобы

7 «Ә» сынып- «Ойшылдар» тобы

7 «В» сынып- «Тапқырлар»тобы


Жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Оларға құрметпен қол соғылады.

Жүргізуші:
« Әділқазы береді,

Өздеріңе бағаны.

Өз көзімен көреді,

Кім білімді, кім мықты?- деп деп, сайыскерлерімізді бағалайтын,
шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар

1___________________________________

2___________________________________

3___________________________________



Ал олай болса сайыстың кезеңдерімен таныстырып кетейін

Сайыс кезеңдері:

  1. Әр топ өзін өзі таныстыру (ұран, эмблема) /10 ұпай/

  2. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар) /әр дұрыс жауап 1 ұпай/

  3. Мақал-мәтелдер (сәйкестендіру) /әр дұрыс жауап 1 ұпай/

  4. Логикалық есептер /әр дұрыс жауап 1 ұпай/

5.Әннің физикалық мағынасын ашу. /10 ұпай/

6.Тәжірибе жасау /10 ұпай/

Жүргізуші:

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаты

Әрқашанда мектепте

шығып жүрген жақсы аты

Жиналған ылғи дарындар,

жүректе от көздерінде жалын бар деп әр топ өздерін таныстырсын.

1 кезең Әр топ өзін өзі таныстыру (ұран, эмблема)

/Әділқазы әр топты бағалайды/



Жүргізуші:

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе келесі «Сырлы сауалдар» кезеңімізге өтейік

/Ережесі: ноутбуктан «Кахот» программасын ашып, викториналы сұрақтарға жауап беру/

2 кезең «Сырлы сауалдар»

1.Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы

піспеді. Не үшін? (Атмосфералық қысым төмен болғандықтан)

2.Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?

(Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек)

3.Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?

(Болмайды, бұл жағдайда тамшының температурасы лезде өзгереді)

4.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

(Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.)

5.Теңіз суы 0- та неге қатпайды? (Тұзды судың қату температурасы 0- тан төмен)

6. Сұйықтың буға айналу процессі? (Конденсация)

7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп

аталады. (диффузия)

8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (булану)

9.Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

10.дененің бос ортада түсуі қалай аталады? (Еркін түсу)

11.Файлды сақтау үшін ____батырмасын басыңыз.

/Әділқазы әр топты бағалайды/

Жүргізуші:

Қаруланып жарысқа жауабыңды сайлап бар,

Қиялыңды ойыңа шешілместей байлап бар.

Көргеніңді қайталап жаз ұмытпай,

Көреген өткір көздеріңмен байқап қал — дей келе сайысымыздың мақал-мәтелдің кезеңіне жол берейік.

3 кезең «Мақал- мәтелді сәйкестендір»

Информатика пәнінен мақал-мәтелдер

1.Байт биттен құралады. / Теңге тиыннан құралады /

2.Компьютерді вирус өлтіреді, жадыны намыс өлтіреді

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді

3.Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды /Досы күштіні-жау алмайды/

4. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.  /Шегірткеден қорыққан, егін екпес/ 

5.Интернеттен үйрен, вирустан жирен /Жақсыдан жирен, жаманнан жирен/

6.Пернені бассаң ерінбей, толады құжат тіленбей

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

7.Бір ядролы процессордан, екі ядролы артық  /Бір ақылдан, екі ақыл артық/

Физика пәнінен мақал-мәтелдер

8.Қарыстан сүйем жақын   / Жылу өткізгіштік/

9.Тонның жылуы терісінен емес жүнінен /Физикалық шама/

10.Қимылдаған қыр асар  /Заттың агрегаттық күйі/

11.Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. /энергияның сақталу заңы/
12.Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/
13. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/
14.Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/
 15.Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/
16.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/
17.Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды. /Конвекция/
18.Қол жұмылмай - жылынбайды. /Жылу берілу/

/Әділқазы әр топты бағалайды/


Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын

4 кезең Логикалық есептер

1. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

2. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

3.Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)

4. Термометр аязда – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? /Екі термометр де үш градус көрсетеді./

5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

/ Жоғары қарай/
6.Шамды бұрау үшін қанша программист қажет? 

/Бірде-біреуі қажетсіз. Бұл программистер шешпейтін аппаратты проблема./
7.
Бауырсақ ертегісінде алгоритмнің қай түрі көрсетілген? /сызықтық/

8.Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? /53 жексенбі/

9.Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар? x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)

10.Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді? 9 есе.

Видеодан жасалған логикалық есептер

https://stan.kz/logikalyk-suraktar-zhauabymen-logika

/Әділқазы әр топты бағалайды/


Жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып- деп Әннің физикалық мағынасын ашу сайысымызға кезек берміз.

Тапсырма:Үйден  дайындап  келген  физикалық  құбылыстарды сипатталған әндер айту сайысы. /Ережесі топтар айтылған өлеңнің мағынасын табады/

5 кезең Әннің физикалық мағынасын ашу

1. 7 «Ә »Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу құбылысы)
2. 7 «В»Жау-жау жаңбыр /табиғаттағы өзгерістер, құбылыстар/

3. 7 «А» Туған жер /табиғаттағы өзгерістер, табиғат құбылыстары/

/Әділқазы әр топты бағалайды/


6 кезең Тәжірибе жасау

Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем
Бүгінде физика информатика барлық жерде.
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның игеріңдер
Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!
- деп, бүгінгі «Қызықты тәжірибелер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Физикадан тәжірибелік жұмыс

1. Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? (жарықтың екі ортада таралуы)

2. Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (шар электрленеді)

3. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатпаймыз. Олар бір - біріне тебеді, неліктен? (аттас зарядтар тебіледі)


Информатикадан тәжірибелік жұмыс

Білім ленд 7 сынып Информатика жаттығулар орындайды. /әр дұрыс жауап 1 ұпай/


1-топ Компьютер жадының құрылғылары 7 А

2-топ Компьютер жадының түрлері 7 Ә

3-топ Операциялық жүйені жүктеу 7 В

/Әділқазы әр топты бағалайды/


Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір- күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.



Әділқазы алқасы сайыстың қорытындысымен оқушыларды марапаттайды.


Қорытындылау!

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!




















































Бағалау парағы

Сайыс

түрлері











Командалар

Әр топ

өзін өзі таныстыру (ұран, эмблема)

/10 ұпай/

Сырлы сауалдар

(талас сұрақтар әр дұрыс жауап 1 ұпай)

Мақал-мәтелдер

(сәйкестендіру)

/әр дұрыс жауап 1 ұпай/


Логикалық есептер



Әннің физикалық мағынасын ашу.

/10 ұпай/

Жұмбақтар әлемі

/әр дұрыс жауап 1 ұпай/

Тәжірибе жасау

физика

/10 ұпай/

Информ.

/әр дұрыс жауап 1 ұпай/


7 «А» сынып- «Білгірлер» тобы









7 «Ә» сынып- «Ойшылдар» тобы









7 «В» сынып- «Тапқырлар»тобы







































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1025
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі