400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Сыныптан тыс сайыстың жоспары "Білім биржасы" 5-7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сайыстың жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, алған білімін қорытындылауда, ой-өрісін және танымдық қаблеттерін, ынтасын арттыру.

  1. «Білім аукционы»

  2. «Эрудиттер сайысы»

  3. «Адасқан әріптер»

  4. «Сурет аукционы»

  5. «Сыйлықтар аукционы»

І – кезең: «Білім аукционы»

Құны 200,500,1000 теңгеден тұратын сұрақтар беріледі.Әр топ өзі қалаған бағадағы сұрақтарды таңдап жауап береді,егер жауап жоқ болса теңге берілдмейді.

200 теңге сұрақтары:

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы.

  2. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша.

  3. Ақпараттың өлшем бірлігі.

  4. Бос орын қалдыру пернесі.

500 теңге сұрақтары:

  1. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан?

  2. Жаңа жолға түсу пернесі.

  3. Монитор мен көздің ара-қашықтығы қанша болу керек?

  4. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы.

1000 теңге сұрақтары:

  1. Құжатты сақтау батырмасының аты қазақша ,орысша,ағылшынша.

(сақтау,сохранить как,Save as)

  1. Сурет салу программасы қазақша ,орысша,ағылшынша.

(сурет салу,Рисовать,paint)

  1. Компьютерде берілетін командаларда жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы қазақша,орысша,ағылшынша.

(тышқан,мышь,mouse)

  1. Терезені жабу батырмасының аты қазақша,орысша,ағылшынша.(жабу,закрыть,exit)

ІІ – кезең: «Эрудиттер сайысы»

Бұл кезеңде пәндер таңдау арқылы сұрақ қойылады.

Берілген уақыт 1 минут.Әрбір дұрыс жауап құны 500 теңге.

Қазақстан тарихы

  1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қай жылы алды?/16 желтоқсан 1991ж/

  2. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?/ тастан/

Қазақ тілі

  1. Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ дыбысталуы әр түрлі сөздер тобы? /синонимдер/

  2. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала /фонетика/

География

  1. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/

  2. Жердің су қабатын қалай атайды? /гидросфера/

Математика

  1. Ортақ бөлгіші 1 - ге тең сан /өзара жай сан/

  2. Алматыдан Астанаға ұшақ 1 сағат 20 минутта ұшып барды.Ал Астанадан Алматыға қарай 80 минутта ұшып жетті.Бұл қалай?

ІІІ– кезең: «Адасқан әріптер»

МОНИТОР КОЛОНКА

ПРИНТЕР СКАНЕР

ТЫШҚАН ДЖОЙСТИК

ДИСКЕТА ПЕРНЕТАҚТА

ІV– кезең: «Суреттер аукционы»

Әр топтың салған суреттерін аукционда бағалау 500теңгеден 1000 теңгеге дейін.

V– кезең: «Сыйлықтар аукционы»

Аукционға сыйлықтар қойылады.Жиналған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар.жасырылған жұмбақтың жауабы дұрыс болса- сыйлық сіздікі.

Бастапқы баға – 200 теңге.Ең жғарғы – 1000 теңге.

1.Он екі ақ парақ,

Он екі ақ қанат.

Жауабы әсем-ақ

Сызылған тақталап.

/дәптер/


2.Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.

/өшіргіш/


3.Жоқ өзінде баста,қаста,мойында

Ұзындығы жазулы бір бойында.

/сызғыш/


4.Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді

/қалам/


5.Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.

/қарындаш/

Қорытынды:Барлық қатысқан топтар жинаған соммалары бойынша жүлделі орындарға иеленеді. Әділқазыларға сөз беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі