сыныптан тыс шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана жұмысында бір күн акциясы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Бір күн ата-ананың жұмыс орнында » акциясы өтті

Осы акция қарсаңында желтоқсанның сегізінші жұлдызы күні 10 «б» класс оқушылары Қайырлы Алиханның анасы Абилова Жанат апайдың жұмыс орнына, яғни Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Иснститутына барды. Біз оқу орны ғимараттары көріністерімен, студенттердің оқу үрдістері мен нәтижелері және олардың жетістерімен таныстық. Ондағы Биохимия пәні оқытушысы Абилова Жанат апайдың және ІІ курс студенттері дайындаған «Зат алмасу» тақырыбындағы дәріс сабағын тыңдадық. Дәріс- сабақта оқушылар адам ағзасындағы зат алмасу түрлері, ағзадағы нәруыз, көмірсу және майлардың мөлшері туралы толық мағлұмат алды. Осы заттардың артуы және жетіспеушілігі кесірінен болатын әр түрлі ауытқулар мен ақаулар жөнінде түсінік алды. Артық салмақпен күресудің дұрыс жолдары туралы да мәліметтер айтылды. Сабақ өте әсерлі әрі қызықты болды. Оқушылар өздерін бір күн студент сезініп, жүздеріне күлкі үйіріліп, кейбіреулері медицина саласына қызығушылықтарын да айтып қалды. Сонымен қатар Алиханның анасы жұмыс орнындағы лаборатория бөлмесінде анализ құрамына тәжірибе жасап көрсетті, ал оқушылар оны ары қарай өз қолдарымен жасап көрді. Лабораториядағы қауіпсіздік ережелері, құралдардың тазалығы мен зарарсыздандырылуы, ондағы түрлі құрылғылардың, аппараттардың құрылысы мен жұмыс жасау принциптері туралы біраз түсінік берді. Қызығы мен қиындығы бірге жүретін медицина саласының біраз қырларымен таныс болдық. Оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын жаудырды. Осындай әсерлі сәттер сыйлаған Абилова Жанат апайға, оқушыларды тасымалдауға үлес қосқан Хамидулла Гүлшаттың әкесі Саттаров Абат ағамызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Мектебімізде ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсетін шаралар көбейе берсе екен деп ойлаймын.

Класс тәрбиешісі: Нугманова К.К.





Ғимарат ішіндегі Марат Оспанов ескерткіші



Дәріс залы





Дәріс сабағынан көрініс

Лабораториямен танысу Тәжірибе
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2019
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі