Материалдар / Сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту мақсатында "Жұлдызды сәт" интеллектуалдық ойынын өткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2022
595
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс іс-шара.

Өткізілген сынып: 5, 6 сынып

Өткізген пән мұғалім: Бакижанова Гульназ Бауржаовна


«Жұлдызды сәт» ойыны

Ойынның мақсаттары: 
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту;
 
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
 
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметті, көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.
 
Сабақтың көрнекілігі : тапсырмалар жазылған қиықшалар, слайд, жалаушалар, эпиграф.
 

Ойынның барысы: 
1
.Кіріспе сөз .

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған қатысушылар.

Біздің Отанымыз- Тәуелсіз Қазақстан. Биылғы жылы мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай өткізілгелі отырған "Жұлдызды сәт" интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!


Ал Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. 
Бүгінгі біздің өткізгелі отырған "Жұлдызды сәт" ойынының мақсаты-осы мемлекеттік тіл- қазақ тілінің білгірін анықтау. Осы сайысымызға ат салыса қатысып, әр оқушы өзінің білімділігімен, тапқырлығымен жарқырай алады.

Ал бұл ойынды жүргізетін 10 сынып оқушылары Короткова Елизавета мен Шмелев Никита.


Короткова Елизавета:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
 
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
 
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
 

Бүгінгі мерекеге арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

5Б сынып оқушысы Бражникова Мария


Шмелев Никита:

Олай болса, ойынымыздың шартымен таныстырып кетейін. Бұл интеллектуалдық ойынға 5Б және 6 "М" сынып оқушыларынан 8 оқушы қатысады. Ойын 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең тапсырмаларын орындай отырып, ойынға қатысушылар жұлдызшалар жинайды, аз жұлдызша жинаған оқушы ойыннан шығып отырады. Соңғы кезеңде қалған екі оқушының біреуі жеңімпаз болып анықталады.


Короткова Е.

Сайыс мынандай кезеңдерден тұрады.

1. «Бәйге» .Сұрақтарға жауап бер
2. Полиглот

3. Адасқан сөздер
4. Мақалды аяқта
5. Жорға

6. Аудармашы
7. Бір сөзден көп сөз


Шмелев Никита:

Сонымен, сайысымызды бастайық! 1-кезең «Бәйге».

Сайыскерлердің қолында дұрыс жауап нұсқалары жазылған карточка. Сұрақтарға жауап бергенде сол карточканы көтересіздер. Сайыс соңында аз жұлдызша жинаған сайыскер ойыннан шығады.

 

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні? (Дұрыс жауап : 16 желтоқсан)

2. Қазақстан Республикасында тұңғыш Елбасы кім? (Дұрыс жауап- Назарбаев)

3. Қазақстан Республикасының астанасы? ( Дұрыс жауап: Нұр-сұлтан)

4. Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? (Дұрыс жауап: Өскемен)


Тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңыздар.

Қолдарыңыздағы жұлдызшаны санап ең аз жинаған оқушыны анықтайық.

Өкінішке орай, көп жұлдыз жинай алмадыңыз, сондықтан сізге тыныштандыру сыйлығын беруге рұқсат етіңіз, енді сіз жанкүйерсіз!


Короткова Е:

Келесі кезеңімізді бастамас бұрын 6 "М" сынып оқушысы ________________

ортаға шақырсақ.

(өлең -стих)

Рахмет, ойынның келесі кезеңін бастайық. "ПОЛИГЛОТ". Сіздерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтарды шешіп, орыс және ағылшын тілдеріне аударасыздар.

1. Алыстан қарасаң, аппақ

Татып көрсең, тәтті-ақ (Дұрыс жауап: Қант-сахар-sugar )

2. Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (Дұрыс жауап: Аю-медведь-bear)

3. Түнде бар,

Күндіз жоқ. (Дұрыс жауап: Жұлдыз- звезда- star )

4. Суға батпайды, отқа жанбайды. (Дұрыс жауап: Мұз- лёд-ice)


Тапсырманы жақсы орындап шықтыңыздар.

Қолдарыңыздағы жұлдызшаны санап ең аз жинаған оқушыны анықтайық.

Өкінішке орай, көп жұлдыз жинай алмадыңыз, сондықтан сізге тыныштандыру сыйлығын беруге рұқсат етіңіз, енді сіз жанкүйерсіз!


Шмелев Никита:

Келесі кезекте ортаға 5 "Б" сынып оқушысы Ментаев Русланды шақырайық.

(өлең-стих)

Ары қарай ойынымызды жалғастырайық, келесі 3 кезең "Адасқан сөздер" деп аталады. Сіздер Қазақстан, тәуелсіздік тақырыбына берілген адасқан сөздерді дұрыс қойып, сөйлем құрайсыздар.


1. Дұрыс жауап: Менің туған жерім-Қазақстан

2. Дұрыс жауап: Біздің Отанымыз- тәуелсіз мемлекет.

3. Дұрыс жауап: 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

4. Дұрыс жауап: Қазақстанның табиғаты өте әдемі.


Тапсырманы сәтті орындап шықтыңыздар.

Қолдарыңыздағы жұлдызшаны санап ең аз жинаған оқушыны анықтайық.

Өкінішке орай, көп жұлдыз жинай алмадыңыз, сондықтан сізге тыныштандыру сыйлығын беруге рұқсат етіңіз, енді сіз жанкүйерсіз!


Короткова Е:

Келесі кезеңімізді бастамас бұрын 6 "М" сынып оқушысы ________________

ортаға шақырсақ. Ән: " ..................."

Келесі 4 кезең "Мақалды аяқта" деп аталады. Берілген мақалдарды дұрыс аяқтаймыз. Ойланып, дұрыс жауап беруге тырысыңыздар!


1. Дұрыс жауап: Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

2. Дұрыс жауап: Отан оттан да ыстық

3. Дұрыс жауап: Туған жер- алтын бесік

4. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.


Тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңыздар.

Қолдарыңыздағы жұлдызшаны санап ең аз жинаған оқушыны анықтайық.

Өкінішке орай, көп жұлдыз жинай алмадыңыз, сондықтан сізге тыныштандыру сыйлығын беруге рұқсат етіңіз, енді сіз жанкүйерсіз!


Шмелев Никита:

Енді ортаға 5 "Б" сынып оқушысы Бражникова Марияны шақырайық.

(өлең-стих)

Ары қарай ойынымызды жалғастырайық, келесі 5 кезең "Жорға " деп аталады.

Берілген сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап беруге тырысыңыздар.

1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі? (дұрыс жауап: қазақ тілі)

2. ҚР қазіргі Президенті ( дұрыс жауап: Тоқаев Қ.К.)

3. Мемлекеттік тудың авторы ( дұрыс жауап: Шәкен Ниязбеков)

4. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (дұрыс жауап: Тоқтар Әубәкіров)


Бұл тапсырманы да жақсы орындап шықтыңыздар.

Қолдарыңыздағы жұлдызшаны санап ең аз жинаған оқушыны анықтайық.

Өкінішке орай, көп жұлдыз жинай алмадыңыз, сондықтан сізге тыныштандыру сыйлығын беруге рұқсат етіңіз, енді сіз жанкүйерсіз!


Короткова Е:

Енді 6 "М" сынып оқушысы ____________ ортаға шақырсақ.


Шмелев Никита:

Қазір ойыншыларымыз біраз демалып алсын, ал біз қазір жанкүйерлермен ойын ойнайық. Сіздерге қазір бірнеше сұрақтар қоямыз. Сол сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз.

1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар? (ту, елтаңба, әнұран)

2. Нұр-сұлтан қаласының бұрынғы атауы қандай? (Астана, Ақмола, Целиноград)

3. Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? ( 1991 жылы)

4. Әнұран авторлары кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)


Короткова Е:

Жанкүйерлерге рахмет, енді ойынымыздың келесі 6 кезеңін бастайық.

Бұл кезең "Аудармашы" деп аталады. Сіздерге берілген сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын табасыздар. Ойланып, дұрыс жауап беруге тырысыңыздар!


1. Тәуелсіз мемлекет (дұрыс жауап: независимое государство)

2. Многонациональное государство (дұрыс жауап: көпұлтты мемлекет)

3.Қазақтың салт-дәстүрі (дұрыс жауап: казахская традиция)

4. Богатство Казахстана (дұрыс жауап: Қазақстан байлығы)


6 кезең тапсырмасын да жақсы орындап шықтыңыздар.

Қолдарыңыздағы жұлдызшаны санап ең аз жинаған оқушыны анықтайық.

Өкінішке орай, көп жұлдыз жинай алмадыңыз, сондықтан сізге тыныштандыру сыйлығын беруге рұқсат етіңіз, енді сіз жанкүйерсіз!


Шмелев Никита:

Енді ортаға 5 "Б" сынып оқушысы Алтаева Раминаны шақырайық.

(өлең-стих)


Ойынымыздың ең соңғы шешуші кезеңін бастайық. Бұл кезең "Бір сөзден көп сөз" деп аталады. Соңғы кезеңге жеткен оқушылар берілген сөзден бірнеше сөз құрайды. Кім көп сөз құраса, сол бүгінгі ойынның жеңімпазы болады.


Тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңыздар. Жазған сөздеріңді санап, бүгінгі ойынның жеңімпазын анықтайық.


Короткова Е:

Сөздерді санап нәтижесі шыққанша ортаға 6 "М" сынып оқушысы ___________

ортаға шақырайық.


Шмелев Н:

Сонымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, ал бүгінгі ойында, барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, көп жұлдызша жинаған жеңімпаз

_ сынып оқушысы _________________________


Құттықтаймыз! Жеңімпазымызды марапаттауға рұқсат етіңіздер.


Қорытынды сөз (мұғалім)

Бүгінгі ойынға қатысқан оқушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Оқуда озат, еңбекте алда болып, тәуелсіз еліміздің туын берік ұстауларыңызға тілектеспін.

! Мереке құтты болсын! деп бүгінгі мерекелік шарамызды Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен аяқтайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!