Материалдар / Сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Қанмен, термен келген Ұлы Жеңіске арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2023
183
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жантурина Ботакөз Болатқызы

Тарих пәні мұғалімі

Murager_bb@mail.ru 87075830107

Ақтау қаласы

«Қайталанбайтын ғасыр – қайталанбайтын ерлік»

(Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған сазды кеш)

І-бөлім

Музыка жүріп тұрады, қараңғылық. Көрініс «Шығыс ұлына хат»

ІІ-бөлім.

(Жарық жағылып, залға оқушылар кіреді, жағалай тұрады)

Жүргізушілерге сөз беріледі.

1-жүргізуші: Арыстандай ақырып,

Дұшпан күнін батырып.

Ерлерім жүрген майданда,

Барлық жауды жапырып.

2-жүргізуші: Талай батыр оққа ұшты,

Өзегіне от түсті

Жалпақ жердің бетінде

Жаудың күлі көкке ұшты

1-жүргізуші: Жерді жаудан тазартқан,

Батырларды білеміз

Өздеріңді еске алып,

Мәңгі сүйіп өтеміз

Құрметті ұстаздар,оқушылар! Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған 7 сыныптардың «Қайталанбайтын ғасыр-қайталанбайтын ерлік» атты сазды кешімізді бастаймыз.

Ән «Анаға хат»

Ән «Майданға»

Арнау

1 оқушы: Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын

Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын

2 оқушы: Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты

Бізді жалмамақ болған ажалды,

Өр кеудесімен қақты

3 оқушы:Ол арыстанша алысты,

Өлім соққысын өз үлесіне алды

Денесін оқ пәршелесе де,

Ел намысын қорғап қалды.

4 оқушы: Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын

5 оқушы: Батырлар- менің үмітім,

Үзілмейтін, өшпейтін.

Батырлар – менің бақытым

Маңдайымнан көшпейтін

6 оқушы: Дарияның көзіндей

Сарқылмайтын саңлағым

Отанымның өзіндей

Санаң менен салмағың

7 оқушы: Мәрмәр тастан қашалып,

Ескерткіш болып жасалып,

Тұғырда тұр батырлар,

Ұрпақпен бірге жасарып.

8 оқушы: Жас та, сәби, кәрің де

Келген бүгін бәрің де

Соғады мәңгі алауға,

Батырға сәлем беруге

9 оқушы: Жалындасын жас жігерлер,

Бойда қайнап күш-қуат,

Біздің заман сонша қызық,

Біздің тұрмыс рахат

10 оқушы: Барабанның ащы даусы

Қаттырақ шық, саңқылда.

Ей, бүгінгі жас ұрпақтар

Батырларды ұмытпа! (хормен)

ІІІ-БӨЛІМ

1-жүргізуші: Қырық бірінші жылдың жазы.

Кенет жаулар анталап

Соғыс ашты елімізге

Басқан ізін жайпап-талап

1941ж 22 маусымында еліміз естіген құлаққа түрпідей тиетін «соғыс» деген сөз естіді.

Көрініс. (Жастар паркте сырласып отырады)-

  • Ертең мектеп бітіреміз. Бүгін мектебіміз туралы жақсы сөздер айтайық, асыққан, арман еткен балалық шағымыз қандай еді?

  • Осы уақытты көп күттік, ойынды да ұмыттық, міне, нарттай жанып, қуаныштың есіп лебі жоғары оқу орнына да бармақшымыз.

  • Көп ойнайтын ойынымыз «Тоғыз құмалақ» еді ғой. Есте түйіп қалған жерім мынау: тоғызқұмалақ ойынында біздің сыныптың командасы үнемі жеңімпаз болатын еді ғой.

  • Естеріңде ме, өз мектебіміздің қабырғасында пионерге алынған сәтіміз? Қашан?Қашан? Пионерге өтеміз- деп жүретін едік гой. Анам «Құтты болсын галстугің!» дегенде екі езуім құлағыма жетті.

  • Комсомолға өткен кезіміз ше? Көкірегімізді кере көтеріп жүрдік қой. Комсомолға өтсем, жақсы оқимын деген уәдем бар атама берген. Соны, міне, ақтап шыққан сияқтымын.

  • Шынында да, сен «Алтын белгі» алайын деп жатырсың ғой. Қайда бармақшысың?

  • Инженер болғым келеді.Жанар сен неге сөйлемейсің?

  • Естеріңде ме, бастауыштағы апайымыздың ертегісі. Байғазыға жалғыз баласы анасынан не сұрайтын еді, айтыңдаршы, кәне!

  • Мен ұмытқан жоқпын. Баласы анасынан жақсылық сұрайды.

  • Жүріңдер, балалар, су жағасына барып, әрі қарай қуанышымызды жалғастырайық!

2-жүргізуші: Бүгін оны мектебі де,

Аялап алдан шыққан екен

Кім болам? Деп күнде-күнде

Ол асыққан, арман екен.

Естігенің жалған ба екен?

Ия, соғыс басталыпты.

Қиялданған осы ұрпақтың

Мақсаттары арман боп-ты....

Көрініс. «Москва үшін шайқас»

Ал, жауынгерлер!Оқ та бітті, не күш қалды? Тіс қайрап, тура аттап, алға ұмтылу ғана қалды.Сүйеу болып, бір-бірімізге еліміздің жүрегі – Москваны жауға бермеуіміз керек!

  • Бірден көрдім сендерді мен, сатқын болмай, қорықпаңдар! Сергелдеңге түскен Отанымызды жанталаса қорғаңдар!

  • Бұл жердің әр орманы да асыл.Мен білмейтін қуысы жоқ.Осы жерде кіндік қаным тамды. Жарық сәуле берген елім үшін фашистерге қарсы тұрам!

  • Жиналыңдар, жауынгерлер!Бауыржан Момышұлы келді!

  • Ал, солдаттар!Ерлік, елдік тапталмасын!

Алдарыңда тұрған жауды

Жас жауынгер, құрыш қайрап

Тапта дереу табаныңмен!

  • Құп болады!Міне, комбат, мен де қайраттандым! Ең ақырғы күшімді жидым.Түніменен түйіліп, анама хат жазып, бүгінгі шайқастың маңызды, шешуші екенін айттым!

  • Білесіз бе комбат?Қолымдағы автоматымды 3 рет сүйіп, Отанға берген сертімді бұзбау үшін ант бердім өзіме!

  • Даяр деген сертіміз бар,

Біз ерлікке, ел қорғауға

Біздер емес сертін бұзар,

Бас имейміз өлмей жауға!

ІҮ –БӨЛІМ.

1 оқушы: Қиян-кескі бір арпалыс,

Москваның төңірегі

Әр төбешік, әр қалтарыс-

Өлім әлде өмір еді

2 оқушы: Осындай бір төбешікті,

Топ жауынгер жатты қорғап.

Өңмеңдеп жау өре шықты

Жанталаса жан-жақты орап

3 оқушы: Күн өткенше, түн жеткенше,

Дұшпан жолын бөгеді ерлер

Тізе бүгіп күнелткенше,

Деп,- бас имей өледі ерлер!

4 оқушы: 28 панфиловшылардың Москва үшін шайқастағы ерлігі аңыз болып қалмақ.

1941 жыл Москва үшін шайқас.Бұл – даңқ пен ерлік шайқасы! 316-шы атқыштар дивизиясы.( Көрініс )


Ү – БӨЛІМ. 1943 жыл Сталинград майданы.

1 оқушы: Шымқай қызыл сол қандарды

Қалай біздер ұмытайық?

Әңгіме қып ұрпақтарға,

Ерлік сәтін ұғынайық!

Сталинград майданы! Тапталмаған!

Тоқтатар күш табамын мен!

Ерлігіңе сүйсініп кеп,

Ғасырлардан қарадым мен

1943 ж Сталинград үшін болған шайқас – еліміздің жарқын беттерінің бірі болды.

Көрініс

1оқушы: - Солдаттар! Ертең Сталинград үшін шешуші шайқас болмақшы!

  • Айбек, сен неге үнсізсің?Отты көзің қайда жалындаған?

  • Мен бе Бекнұр?Іштей беркініп тұрмын ғой! Қарашы, мына қызыл галстукті сарғыш тартқан, қалтама салып алдым,ал, мынау – әскери мандатым! Өлсем де ерлік жасап өлейін, артымдағылар әскери мандатыма қарап, менің батыр екенімді білсін!

  • Әскери мандат дейсің бе?Дұрыс айттың, бірге шыққан танысымдай осы әскери антым – бойтұмарым болсын!

  • Солай,солай,галстук, мандат – сақтағайсың адал оны!

2 оқушы: Солай, солдат,ол мойныңда

Бірге кеткен тынысыңдай

Сақтағайсың оны ойыңда,

О да тудың бір ұшындай

Ел анадан туады, иә,

Дана болсын, батыр болсын!

Дейді қарап ұланына –

Сорып комбат папиросын!

ҮІ – БӨЛІМ.

1 оқушы: 1945 жыл, Ұлы Жеңіс –Ұлы Тағдыр!

2 оқушы: 1945 жыл, Ұлы Жеңіс – Ұлы Бақыт!

3оқушы: 1945 жыл, Ұлы Жеңіс – Ұлы Мақсат!

4оқушы: 1945 жыл, Ұлы Жеңіс – Ұлы Халық!

5 оқушы: 1945 жыл, Ұлы Жеңіс – Ұлы Күш!

Ән: «День победы»

Би: «Әлия»

1 - жүргізуші: Теңдесі жоқ Ұлы Отан соғысына біздің өлкемізден де елін қорғауға солдаттар майданға аттанды. Солардың төртеуі елімізге Кеңес Одағының Батыры боп оралды.

Монолог.

1-жүргізуші: Міне, бүгінде Жеңістің 72 жылдығын тойлап та жатырмыз. Ардагер аталар, сіздердің ерліктерің мәңгі өлмейді. Ән-жырмен шашу шашсақ, ерліктеріңе!

Би: «Смуглянка»

Ән: «Алға, қазақ жігіттері»

1-жүргізуші: Ардагер аталар, сіздердің ерліктерің ұмытылмайды! Сіздерге қарыздармыз, жақсы оқуға, тәрбиелі болуға болашақ ұрпақ атынан ант етеміз!(хормен)

Би: «Катюша»

2-жүргізуші: Жарқылда Жеңіс, жарқылда,

Қайта қайтып келгенше!!!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!