15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "8- сынып химигі"
Іс-шараның тақырыбы: « 8-сынып химиктері»
Мақсаты: Оқушылардың білімдері, есеп шығару, ойлау қабілеттері дамиды. Химия пәніне деген қызығушылықтары артып, басқа сыныптармен бірлесе жұмыс істеу қабілеттері күшейеді.
Типі:білімдік шара
Түрі:сайыс
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,презентациялар. Тәжірибе құралдары.
Барысы:
1. Таныстыру.
2. Жүйрік болсаң шауып көр.
3. Полиглот.
4. Кім тапқыр?
5. Есептер додасы
6. Ғажайып әріптер.
«8- сынып химиктері» сайысы.
Жүргізуші:Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары»демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы. Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8 сыныптар арасында өткізілгелі отырған«8-сынып химиктері» сайысына қош келдіңіздер!
Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.
1. Ітоп 8«ә» сыныбы
2. ІІтоп 8«а» сыныбы
Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. Ш. Баймұханова биология пәнінің мұғалімі.
2. Ш. Құлболаева биология пәнінің мұғалімі
3. Ж. Қосақбаев география пәнінің мұғалімі.
Сайысқа қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:
1. Таныстыру.
2. Жүйрік болсаң шауып көр.
3. Полиглот.
4. Кім тапқыр?
5. Есептер додасы
6. Ғажайып әріптер.
Жүргізуші:Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды бастай отырып, І кезең «Таныстыру» ға кезек береміз. Бұл кезеңде әр топтың топ басшылары өз топтарымен таныстырады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар.Ікезеңнің ұпайларымен таныса кетейік.
Келесі кезекті ІІ кезең «Жүйрік болсаң шауып көр» кезеңі. Бұл турда әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10ұпайдан беріледі.
І топ сұрақтары:
1.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар не деп аталады?
2.Коэффицент нені көрсетеді?
3.Күкірт қандай валенттілік көрсетеді?
4.Химиялық элемент нешеге жіктелді?
5. Периодтық жүйеде қанша элеент бар?
6.Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?
7.Жану реакциясы кезінде не байқалады?
8.Мыстың латынша атауы?
9.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі?
10.Кез келген заттың 1 молінде қанша бөлшек бар?
ІІ топ сұрақтары:
1.Периодтық жүйеде қанша метал бар?
2.Индекс нені білдіреді?
3.Натрий неше валентті?
4.Екі элементтің біреуі оттегі болатын заттар?
5.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
6.Ауада оттек неше пайыз?
7.Судың салыстырмалы молекулалық массасы?
8.Оттектің латынша атауы?
9.Отынның жануы қандай құбылыс?
10.Газдарды 1мольінің қалыпты жағдайда алатын көлемі?
Жүргізуші:Рахмет сендер белсенділік көрсеттіңдер,енді сөз кезегін әділ-қазы алқасымен берсек.
Әділ-қазы сөзі:------------
Жүргізуші:Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз бойланып,
Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр
Полиглот кезегіде келіп тұр,-деп полиглот турына кезек береміз.Турдың шартымен таныстырып өтетін болсам, екі топқа да .жұмбақтар ортақ қойылады. Және жауаптарын 3тілде жауап беру керек (қазақша, орысша және латынша немесе ағылщынша).
Өзім газбын, менімен дем аласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді « ауа , воздух, air »
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. «тұз, соль, salt»
Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді. «темір , железо, феррум »
Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады. «қорғасын, свинец, плюмбум »
Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. «сутек , водород, гидрогениум »
Жүргізуші:Рахмет,топтарымыздың ұпай санын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі кезегі «Кім тапқыр? »деп аталмақ..Алдарыңызда керекті заттар берілген Ітоп тормен суды төкпей тасуыңыз керек, ал ІІтоп тормен құмды тасуыңыз керек. Саттілік тілейміз! Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі туры «Есептер додасы»
деп аталмақ. Екі топқа есептер берілген Дұрыс есепке 20 ұпайдан беріледі.
І топ
2 моль көмір қышқыл газының (қ.ж) көлемін есептеңдер.
ІІ топ
1.5 моль оттек газының массасын есептеңдер.
Жүргізуші:Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарысиа тар өресі
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі. Келесі кезеңіміз «Ғажайып әріптер» кезеңі. Бұл кезең шарты алдарыңыздағы берілген әріптер арқылы элемент аттарын құрау. Әр элемент атына 5 ұпай беріледі.
Жүргізуші: Химия ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді,
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған,
Ашылды табиғаттың жасырыны.
Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырыңа,
Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,
Химия дәру болған сауығуға.-дей отырып бүгінгі сайысымыз міресіне жетті. Жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз. Сау болыңыздар!
Құланды орта мектебі мемлекеттік мекемесі
«8-сынып химиктері»
Сыныптан тыс шара.
Пән мұғалімі: Башіғұлова М.
2017жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген