жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара. « Айтуға оңай » бағдарламасы негізінде
Сыныптан тыс шара: ( « Айтуға оңай » бағдарламасы негізінде)
Өткізген: биология пәнінің ІІ санатты мұғалімі Дендерова Назира Ерғалиқызы
Сыныбы: 10 сынып
Тақырыбы: « Аурудың жолын іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
Мақсаты:
1.Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және арттық салмақтың зияндылығы туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.
2. Дүниетанымын, ой-өрісін , қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс тамақтануға және денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеу.
Басқа пәндермен байланысы: биология, химия, валеология, психология, тарих.
Азық-түлік қауіпсіздігі – қай елдің болса да тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқаты артуының кепілі. Яғни, халықтың лайықты өмір сүруі оған қажетті сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдерін пайдаланумен өлшенсе керек. Сондықтан біздің күнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы кім-кімді де ойландыруы тиіс. Өйткені, ол – сіз бен біздің денсаулығымыз.
Ендеше, ішіп-жеп отырған азық-түлігіміздің құрамы қандай? Оның зияны, пайдасы қайсы? Қауіпсіздігі қалай қорғалған? Бүгінгідей сырттан қаптап келіп жатқан азық-түліктің сапасы тексеріліп, бақылана ма? Жергілікті жердегі өндірілетін өнімнің құнарлылығы, жұғымдылығы, қасиеті шеттен әкелінетін өнімнен ерекшелігі қандай?
Осы және өзге сауалдарға жауап алу мақсатында Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Мұратбек Ғарифоллаұлын
студияға шақырған едік.
–Мұратбек мырза, қазекеңнен сөз қалған ба, «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген мақал бар. Бұған не дейсіз?
–Қазекең, данышпан халық қой. Сол заманның өзінде сапасыз, артық ішкен тағамның адам ағзасына қаншалықты ауыр, зиян екенін білген ғой. Бұл мақал өміршеңдігін әлі жоймай келеді. Өйткені, қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселенің бірі. Бұл да еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі.
– Қауіпсіз азық-түлікті айтқанда, халықтың аса көп мөлшерде қолданатын тағамдары – сүт пен ет. Қазақстанда қазіргі таңдағы сүт өнімдерінің 40 пайызға жуығы сырттан жеткізіледі. Олардың дені стерильденген өнімдер. Халық бағасы төмен болғандықтан, отандық өнімдерімізден гөрі, соларды көбірек тұтынады. Маман ретінде пастерленген сүт пен стерильденген сүттің ара-жігін айырып, артықшылығы мен кемшілігін айтып берсеңіз.
– Жалпы адамзат үшін жоғары технологияның адам өміріне әкелетін пайдасы мен зиянының ара қатынасы – көптен ойлантып жүрген жайт. Себебі, сүтті аса күшті стерилизациялау барысында зиянды бактериялармен қатар пайдалы микрофлорасы да, бүкіл дәрумендері де жойылып кетеді. Оның ағзаға сіңімділігі нашар.
Ферменттер 85-95°С-қа дейін қыздырудың өзінде бұзылысқа ұшырайды. Сондай-ақ, сүтті қоюландыру және құрғату арқылы қайта өңдеу кезінде барлық дәрумендердің мөлшері 10-35 пайызға дейін азаяды. Осылайша, жоғары температураның әсері сүттегі ақуыздар құрылымының, май домалақтары қабықшаларының бұзылысына, басқа да қайтымсыз өзгерістерге апарады, олардың нәтижесінде тағамдық және биологиялық құндылығы нашарлайды, сондай-ақ, сүт консервілерінің сақтауға тұрақтылығы төмендейді.
Ал ұзақ сақтау үшін өндірісте түрлі ынталандырғыштарды, гормондарды қолдану, трансмайлардың болуы тағамның ақуыздық табиғатын бұзылысқа ұшыратады, адам организміндегі алмасу үрдісін қиындыққа душар етеді. Әсіресе, майы өте улы затқа айналады. Яғни, ақуыздың табиғи қасиетінің бәрі жоғалып, басқа түрі пайда болады. Стерильденген соң қажеттісін де, қажетсізін де жойып жібереді. Дәмі жақсы, оралған қораптары тартымды. Осыдан барып, қазіргі таңда қатерлі ісікке шалдыққан адамдар санының молаюы, семіздіктің жаппай қатерге айналуы, қант диабетінің ушығуы, ана сүті арқылы берілетін организмнің туа бітетін аллергиялық серпіні заманауи өмірдің қалыпты құбылысына айналған қайғылы көріністердің шығуына себеп болады.
Рас, шетелден әкелінетін өнімнің қазір бағасы төмен болғандықтан, көпшілік соларды таңдайды. Ал болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қамқорлық жасауда отандық өндірушілердің өнімдерін тұтыну қолайлы және қауіпсіз екендігін айтуға міндеттіміз. Себебі, біздің елде шығарылатын өнімдер, мысалы, пастерленген сүт аз уақыт – көп болса үш-төрт күн сақталады, бірақ пайдалы. Ал стерильденген сүт алты айдан бір жылға дейін сақтала береді. Ол ыңғайлы. Бірақ қасиеттері бір-біріне қарама-қайшы. Демек, пастерленген сүтте пайдалы табиғи қасиеттер көбірек сақталады және жергілікті жағдайда өсірілген отандық өнімге тұрғындардың организміндегі зат алмасу үрдісі көбірек бейімделген. Бастысы, жергілікті өнім қатаң санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан өтеді.
Шетелдік өнімнің сақталу мерзімінің ұзақтығы да, көбінесе, жағымды жайт емес. Ол үшін түрлі белгісіз тектес сақтауыштар қолданылады. Өсімдік тағамдарын, оның ішінде ет өнімдерін жедел өсіру үшін пайдаланатын антибиотиктер мен гормондардың адам ағзасына келтіретін зияны орасан, әсіресе, қауіпті ісікке апаратындығы анықталған. Демек, сүттің қасиеттерін сақтайтыны – пастерленген сүт. Ал пастерленген сүт 100 пайыз отандық өнім. Тіпті, жақын тұрған Орынбор, Омбының өзінен Астанаға төрт күннің ішінде пастерленген сүт алып келе алмайды. Алып келуге олардың тәуекелдері де жетпейді. Өйткені, пастерленген сүт төрт күннен кейін бұзылып, жарамайды. Сондықтан Қазақстан аумағында өндірілетін, осы жердің құнарынан жасалған азық-түліктің артықшылығын айтып, халыққа қатар тұрған екі өнімнің ішінен саналы түрде адам ағзасына пайдалысын алу керектігін түсіндіруіміз керек. Қалай десек те, ұлттың денсаулығы – ұлттың қауіпсіз өз дастарханында.
– «Арзанның жілігі татымас» деген, біздерді пастерленген пайдалы сүт ішуге шақырасыз ғой.
– Жалпы, майлы тағамның адам ағзасына зиянды деп жататынын білеміз, бірақ оның қаншалықты екенінен хабарсызбыз. Оның үстіне, қазақ майлы тағам жегенді жек көрмейді. Осы мәселені таратып айтып берсеңіз…
Жалпы, трансмай қышқылдары жүрек-қан тамырлары, онкологиялық ауруларға шалдығу қаупін арттырып, диабетті, инсулинге төзімсіздікті ушықтыратындығы, және семіздікке апаратындығы анықталған. Біз соңғы уақытқа дейін тек қаныққан май қышқылдарының зиянды жағын айттық, зерттеулер осының төңірегінде ғана жүрді. Шын мәнісінде, май қышқылдарының трансизомерлерін тұтынудың жүрек-қан тамырлары ауруларына теріс әсері қаныққан май қышқылдарын тұтынуға қарағанда айтарлықтай жоғары келеді. Мысалы, май қышқылдарының трансизомерлерін қаныққан май қышқылдарына алмастыру жүректің ишемиялық ауруын 20 пайыз азайтатындығы анықталған. Сонымен қатар, МҚТ агрессиялық мінез-құлықты тежеуге ықпал ететін «Омега-3» май қышқылдарының әсерін азайтады, күйгелектік пен агрессияны күшейтеді, тұтынатын колорияны арттырмай-ақ, салмақ қосуға және іш аумағындағы майдың мөлшерін ұлғайтуға ықпал етеді.. Соңғы дәлелденген ғылыми деректер бойынша бұл әйелдерде емшектің қатерлі ісігіне, ерлерде – қуықасты безінің қатерлі ісігіне апарады.
– Мұратбек Ғарифоллаұлы, сонда бізге майлы, қуырылған тамақтарды жеме деп отырсыз ғой. Бұл тығырықтан шығатын жол бар ма? Біз енді не істеуіміз керек?
– Қазір дүниежүзінің ғалымдары алмастыратын қоспалар іздеп, пальманың майын қолданса, сол пайдалы деген шешімге келді. Бірақ, пальма майының дәмі нашарлау. Осы жайға қарап, адамзат баласы МҚТ-дан құтыла алмайды деп ойлауға болады. Мәселен, сиыр сүтінің өзі табиғи МҚТ-дан жасалған. Біз пальма майын алыс шетелдерден әкелетін болсақ, ол қымбатқа түседі, әрі өте күрделі. Ал бізде МҚТ алмастырудың аса оңтайлы көзі бар. Ол біздің ұлттық ең құдіретті тағамымыз – жылқының еті мен сүті. Ендеше, табиғи майларды талдай келе, жоғарыда келтірілген нормаларға аса жоғары дәрежеде сай келетін жалғыз май өнімі – Қазақстан халқының тамақтануында дәстүрлі қолданылатын жылқы майы екендігі туралы қорытындыға келдік. Жылқы майы – майқышқылдық құрамы бойынша үйлескен, көп қанықпаған май қышқылдары бойынша оңтайлы қатынаста, құрамында май қышқылдарының трансизомерлері жоқ.
Жылқы майының ерекшелігіне сай жаппай тұтынуға және емдік-профилактикалық бағыттағы жаңа өнімдерді, кондитерлік, нан-тоқаш, сүт, астық, ет-өсімдік және тағамдық концентраттық негіздегі, құрамында май қышқылдарының трансизомерлері жоқ болашақтағы өнімдерді әзірлеуге зор мүмкіндік ашады. Жақсы сапасы мен дәм-иістік қасиеттерін қамтамасыз етуде табиғи хош иістендіргіштерді, шөп сығындыларын қосуға болады. Балаларға арналған, ем-дәмдік, емдік-профилактикалық және жаппай тұтынуға арналған жылқы майы, еті мен бие сүті негізіндегі, құрамында МҚТ, қаныққан майлар жоқ, холестерин болмайтын жаңа өнімдер ұлттық және этностық дәстүрді жаңғыртумен қатар, халықты сауықтыруға күш салысады, сондай-ақ, жас сәбилердің, жүкті және емізетін әйелдердің, егде және қарт адамдардың арасындағы аурушаңдық пен өлім-жітімді азайтуға, тағамдық қауіпсіздік мәселелерін шешуге ықпал етеді.Көрсетілген технологияларды өндіріске енгізу отандық нарықты әлемдік нарықта кездеспейтін, бәсекеге сай ұлттық функциялық тағам өнімдерімен қанықтыруға мүмкіндік береді. Халықтың тамақтану құрылымын жақсарту үшін, жұқпалы емес аурулардан болатын өлім-жітімді және аурушаңдықты азайту үшін жаппай тұтынуға арналған, жылқы майы, еті мен бие сүті негізіндегі, құрамында май қышқылдарының изомерлері, қаныққан майлар, холестерин болмайтын жаңа өнімдер жасаумен қатар, май қышқылдарының транс-изомерлерінің мөлшеріне мемлекеттік бақылауды күшейту қажет, отандық өндірушілерге май қышқылдарының трансизомерлерінің мөлшері жоғары болатын өнімдердің импортын азайту, шығарылуын бақылауға алу үшін Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет.
Біздің елімізде халықтың денсаулығына байланысты қандай шаралар ұйымдастырлмақ?
ДДҰ тағам өнімдері саласындағы Еуропа комитетінің 2015-20 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының мақсаты:
— біріншіден, саламатты тағам өнімдері мен сусындарды тұтынуға оңтайлы орта құру;
— екіншіден, өмірдің барлық кезеңдерінде үйлесімді тамақтану рационына септестік ету, әсіресе, халықтың аса әлжуаз топтары үшін;
— үшіншіден, саламатты тамақтану рационын қалыптастыру үшін денсаулық сақтау саласын нығайту;
— төртіншіден, эпидемиологиялық қадағалауды, мониторинг пен бағалауды, ғылыми зерттеулерді күшейту.
Сонымен бірге, жоғарыда айтылған бие сүтінің тамаша қасиеттеріне сай күнделікті қолданысқа енгізуге байланысты, біздің Қазақ тағамтану академиямыз Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Еуразия Инвест ЛТД» компаниясымен бірлескен ғылыми-қолданбалы зерттеулер жобасын орындау үстінде.
– Бұл мәселе қазір өткір тұр. Бұл қазақстандықтарды ғана емес, барша әлемді толғандырып отырғаны байқалады. Бірақ әлем халқының бәрі бірдей қазақ секілді қымыз бен шұбаттың қадіріне жеткен емес. Соңғы кезде біздің елімізден Германияға көшіп барған немістер ғана қымыздың құнарлылығын неміс жұртына насихаттай бастады. Демек, әлем қымыздың қадірін білетін болады. Төрегелді Шарманов ағамыздың тағамтану ісіне қосқан үлесі айрықша, дұрыс тамақтану қажеттігін ұдайы көтеріп келеді. Бұл жолы да құнарлы тағамдардың тек Қазақстанда ғана өндірілетінін айтып отыр. Яғни, бұл мәселе әлі орнықты шешімін таппады деген сөз. Енді академик ағамыздың осынау құнды пікірлерін әр облыстың, әр ауданның, қала берді елімізде шығатын барша қазақ газеттері, орысшаға аударылып, орыстілді газеттері көшіріп басса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонда еліміздің барша азаматтары – үлкені де, кішісі де тегіс құлақтанады.
Біздің бүгінгі бағдарламамызға өз ойымен бөлісуге Ақжайық аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмас Мұратұлы мырзада қатысып отыр. Бүгінгі бағдарламамызға қош келдіңіз. Дәрігер ретінде бұл тақырып бойынша өз ойыңызды айтсаңыз. Халық арасында қаптап кеткен жүрек-қан тамыр аурулары, атеросклероз, инфаркт, инсульт, гипертония, онкологиялық ауруды семіздік пен қант диабеті, психикалық депрессия, остеопороз бен артроздар аурулары не себепті жиі таралып жүр деп ойлайсыз? Және оның емі бар ма?
Алмас Мұратұлы, дәрігер: - Алдыма келген науқас кісімен бірге мен де қиналамын. Адамның басты байлығы – денсаулығының ақауы қоғам үшін де тиімсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында салауатты өмір салтына тегіннен-тегін алаңдаушылық білдіріп отырған жоқ. Өйткені оны қалыптастырудың маңызы орасан зор. Мына бір деректерге назар аударып көрейікші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша адам денсаулығы өмір сүру салтына – 53%-ға тәуелді болса, қоршаған ортаға – 20%, генетикаға – 18%, ал денсаулық сақтау ұйымдарына 10% тәуелді болады екен.
Салауатты өмір – сәндік сөз емес, ол денсаулықты күту, ол – мәнді ғұмыр кешу, ол қоршаған ортаға қамқорлықпен, үлкен сүйіспеншілікпен қарау, ол – тәнді тоздыратын темекі мен арды аздыратын арақтан, нашақорлықтан аулақ болу. Елдің санитарлық сауаттылығын көрсететін денсаулықтың алғы шарттарының бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Кейде бір тойғанды шала байығанға балап, «аурудың астан» екенін ескере бермейміз. Халық арасында қаптап кеткен жүрек-қан тамыр аурулары, атеросклероз, инфаркт, инсульт, гипертония, онкологиялық ауруды семіздік пен қант диабеті, психикалық депрессия, остеопороз бен артроздар осы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туындап отыр.
Мәселен, дүниеге келген нәрестелердің 19-20%-ы шала туады және тең жартысы бір жасқа дейін мешелге шалдығады. Бұл – ана организміндегі ас құрамында «Д» витаминінің және ритофлабиннің пренатальды жетіспеушілігінен болады. Қарап отырсаңыз, қуанарлық жағдай емес. Сол себепті сіздерге әр тағамның пайдалы жағын бөліп саралап айтып отырмын . Ал организмде мыс жетіспесе, адам шашы мезгілінен бұрын ағарып кетеді. Егер сіз шоколодқа не одан да тәтті тағамға мөлшерден тыс қызығатын болсаңыз – бұл сіздің организміңізде хромның не ванадийдің жетіспеушілігінен деген сөз. Қалайы жетіспеушілігі шаштың түсуі мен кереңдікке алып келеді. Мырыш жетіспесе – дәм сезе алмайсыз. Міне, бұл белгілі дәрумендердің жетіспеушілігінен орын алатын жағдай.
Демек, кальцийдің жетіспеушілігінен 147 ауру туындайды. Қалыпты өмір сүру үшін және денсаулығымызды күту үшін қажет болатын заттар:
1) 60 минералдар;
2) 12 аминқышқылдар мен протеині бар белоктар;
3) 16 витаминдер түрі жиынтығы – күнделікті диетаға қажетті 91 қоспа керек. Олай болмаған жағдайда аурулар пайда болып өрши түседі. Қорыта айтқанда, жоғарыдағы аталған тағамда табиғи қажетті витаминдер, макро-микро элементтері бар минералдар болу керек. Дұрыс тамақтану дегеніміз осы. Кальцийдің жетіспеуінен қан қысымы көтеріледі, остеопороз, бауыр, бүйрек тастары, аллергия пайда болады. Қанның ұюына еттердің жұмыс істеуіне, инсулин түзілуге де осы кальций керек. Біздің клеткамыз әлсіз сілтілі орта да жақсы жұмыс істейді. Ал кальцийсіз сілтілі ортаны ұстап тұру мүмкін емес.
Ендігі бұл олқылықтардың орнын немен толтыруға болады. Англияның тамақтану саласының маманы Джон Карпер көкөністер мен жемістерді күніне кем дегенде 5 рет жеп тұру керектігін айтады.
Сондай-ақ сүзбе, ірімшік, сүт, холодец және биологиялық (табиғи) активті қоспаларды кеңінен пайдалану керек. Сонда ғана аурудан, көптеген кеселдерден құлантаза айығып кетуге болады.бағдарламада бәрін жеткізіп айту мүмкін емес. Салауатты өмір салты өзін-өзі ас ішуді шектей білуден бастау алады. Бәрінен де бұрын бұл әр адамның өз пайдасы.
(Видео көрсетіледі). «Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Аурудың жолын іздегенше, Ауырмайтын жол ізде дегіңіз кеп тұр ғо. Ия расымен біз өзіміздің денсаулығымызға жауаптылықпен қараумыз керек. сіздің сөзіңізге толықтай келісемін.Біздің бағдарламамызға әуесқой бишілерімізде қатысып отыр. Салауатты өмір салтын қалай сақтайды екен?? Және де сымбатты болу үшін не істеуміз керек тақырыбында бишілерміздің ойын білсек.
Асел Сергейқызы, әуесқой биші: – Арықтау үшін өзіңді шаршататын жаттығулармен, ашығумен азатпаудың, күмәнді дәрілер ішудің керегі жоқ. Менің ойымша, арықтау үшін билеу керек. Би – бұл спорт. Ал спорт – денсаулық, салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Би сымбаттылық пен дене мүсінін, төзімділік пен икемділікті қалыптастыратын жаттығу. Ол икемділікті дамытады және бұлшық еттердің қалпын сақтауға ықпал етеді, бұл әсіресе буындары дімкәс адамдарға өте пайдалы.
Мен би үйірмесіне сегіз жасымда қатыстым. Одан бері он жеті жыл уақыт өтіпті. ¬азір кейбір құрбыларыма қарағанда қимылым да жеңіл, дене сымбатымнан да ұялмаймын. Ал ең бастысы, арықтау керек деп дәрі ішпеймін. Диетаның да маған керегі жоқ. Бір түсінгенім, би адамның көңіл-күйін көтереді, тамақты сіңіруге көмектеседі. Бұлшық еттің дамуына да ықпалы зор. Әйел ағзасы үшін әсіресе ішті қозғалта билеу («belly-dance») өте маңызды.
Бөксені кіші және үлкен шеңбермен айналдыру, дірілдету ішкі органдардың, іштің және бөксенің бірегей массажы болып саналады. Бұл іш қатудың алдын алып, тік ішектің қан айналымын, қозғалыс қызметін жақсартады. Бимен айналысатын әйелдер жеңіл босанады. Ішті қозғалта билеу кезінде омыртқаның барлық бөлімдері қимылдайды, бұл сколиоз бен остеохондроздың алдын алады.
Испанның «Фламенко» биі арқа бұлшық еттерін нығайтып, денені еңкіштенуден сақтайды, қыпша бел етуге септігі тиеді. Ал «Хип-хоп» пен «Брейк-денс» жоғарғы және төменгі иық бұлшық еттері үшін таптырмас жаттығу. Би өзіңді нәзік, сұлу да сүйкімді, жеңіл әрі қуанышты сезінуге көмектеседі.
Ең бастысы, бимен кез-келген жастан бастап, кез-келген жас мөлшерінде айналысуға бола береді, тіпті үй жағдайында да билей беріңіз. Би өмірді ұзартады, жұмысқа, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады.Конец формы
Сымбаттылық жөнінде әңгімемізді әрмен қарай жалғастырсақ. Бұл жөнінде диетолог мамандар қандай кеңес береді екен? Яғни тағы бір маманымызды ортаға шақырсақ:
Ақбөбек Талғатқызы, диетолог: – Менің тәжірибемде әдемі мүсінді боламын деп тамақтан бас тартып, нәтижесінде бекерге ауру жамап, асқазанын бұзып алған адамдар кездесті. Сондай-ақ баласының аузына барды тығып, тамақтану режимін бұзып, семіздікке ұрындырған ата-ананы да көрдім. Мәселенің бәрі дұрыс тамақтануда. Семіздік те, ауру да тамақтан келеді.
Мынаны қараңыз: Еуропа, Үндістан, Қытай, Ресей және Латын Америкасында да семіздер мен толық адамдар басым. Ал жеміс-жидек пен көкөністі, сүт тағамдарын жиі пайдаланатын Румыния, Болгария, Грузия, Түркия секілді елдерде семіздердің саны өзгелермен салыстырғанда анағұрлым аз. Осыдан-ақ көп нәрсені түсінуге болады.
Маман ретінде айтарым, дәрігермен кеңеспей аздыратын дәрі, әртүрлі шайларды ішпеңіздер. Өйткені олардың пайдасынан бөлек, зияны да бар. Адам арықтау үшін де алдымен ағзасының әлсіз тұстарын біліп алуы керек. Кейде семіздік ішкі органдардың бірінің ауруынан да болуы мүмкін. Осыны анықтап алу керек емес пе? Азудың жолы осы екен деп бас салып диета ұстайтын қыздар көп. Оларға айтарым, диета ұстаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Осыны есте ұстаңыздар.
Батыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Айым Бейсенбайқызы бүгінгі қатысып отырған бағдарламамызға қосатын пікірі қандай екен?
Айым Бейсенбайқызы, психолог – Психологияда артық салмақ жинамау үшін не істеу керектігі туралы нақты жаттығу не болмаса ереже жоқ. Дегенмен диета ұстауға, уақытылы әрі дұрыс тамақтануға өзіңді психологиялық тұрғыдан дайындауға болады. Өзінің толықтығынан ұялып, сүйкімсізбін деп қысылатын, сол үшін көпшілікпен араласудан қашқақтайтын жанды кездестіргенім бар. Бұл мүлде дұрыс емес. Оның орнына жаттығу жасап, спортпен айналысып, таза ауада көбірек жүру, таңертең жүгіру керек қой. Толықпын деп тамақ жеуден бас тартатындарды да құптай алмаймын. Адамға ең керегі денсаулық десек, оны салауатты өмір салты мен спортпен байланыстырғандарыңыз дұрыс.
Видео ролик. «Дұрыс тамақтану пирамидасы»
Зерттеушіміздің пікірі.
Ермахан Жақыпұлы слайдпен түсіндіреді.
Көрермендерден бүгінгі тақырып жөнінде өз ойларын айтады.
Қорытынды сөз.
Тұщымды да пайдалы әңгімелеріңіз үшін көп рахмет. Аурудың жолын іздегеннен ауырмайтын жол іздейік. Айтуға оңай аман-сау болыңыздар.
Жарылғасын Аружанның орындауында Құрманғазының күйі « Балбырауынды қабыл алыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген