Материалдар / Сыныптан тыс шара : Білімді ұрпақ ел тірегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара : Білімді ұрпақ ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдері мен біліктерін бекіту. • Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа,алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыландыру. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ынтымақтастыққа, жұмыс істеуге дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2022
369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы, Атырау қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің

жас маманы математика пәнінің мұғалімі Саингалиева Асылай Адилханқызы

Тақырыбы: Білімді ұрпақ ел тірегі

Сыныбы: 8

Мақсаты:

  • Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдері мен біліктерін бекіту.

  • Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа,алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыландыру. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ынтымақтастыққа, жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, кеспе қағаздар, түрлі-түсті

Сайысымыздың жүру барысы:

1.Таныстыру

2.Викториналық сұрақтар

3.Сиқырлы кубик

4.Мергендер сайысы

5.Математикалық пазлы

1 – жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

2 – жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

1 – жүргізуші:Гүлназ Омарқызы, Математика деген ел бар. Ол қайда орналасқан ? Білесіз бе?

2 –жүргізуші: Иа,Асылай Адилханқызы. Алыстағы жұлдыздар сияқты , шындығында ол бізге жақын жерде екен. Өте жақын жерде екен. Күн сайын ол жерде қонақта болып, оның тұрғындарымен жиі кездесіп жүретінімізді де байқамай қаламыз . Сондықтан бұл ел-ғажайып ел . Айналамыз тұнған-сол ел МАТЕМАТИКА екен.

Ендеше, бүгінгі турнир керемет ғылым –МАТЕМАТИКАҒА арналады.

1 – жүргізуші:Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!
2 – жүргізуші:

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп ,сайысқа қатысушы топтарды таныстырамыз.

1 – жүргізуші:Біздің математикалық турнирдің топтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! :

1-топ:

2-топ:

2 – жүргізуші:

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

1 – жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2– жүргізуші:Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ойлар сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда 
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

2 – жүргізуші :Біздің әділқазыларымыз::

1 – жүргізуші:

2 – жүргізуші:

1-жүргізуші:Сайысымыздың І кезеңі Викториналық сұрақтар. Бұл кезеңде топтар өздері таңдаған ұяшықтағы ұпай бойынша сұрақтарға жауап береді.

20-

30- Әділ тақтаға екі сан жазды. Мейрамбек олардың қосындасын қасына жазды. Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны бес болса, Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең? Жауабы: 5+5+10=20

40-Глобуста 17 параллель және 24 мередиана сызылған. Глобустың беті неше бөлікке бөлінген?

Шешімі: 18*24=432



20-

30-Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?

Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат

40-Ғажайыпелде А, Б, В деген 3 қала бар. А қаласынан Б қаласына 6 жол, ал Б қаласынан В қаласына 4 жолапарады. Нешетәсілмен А қаласынан В қаласынажетугеболады?

Шешімі: 6*4=24

20-

30-Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады?

Шешімі: 5*3=15

40-Қай кезде 15 санына қарап тұрып, 3 деп айтамыз?

Шешімі:Сағаттың тілі 15 ті көрсетіп тұрғанда.

20-

30-Поштада 5 әртүрлі конверт және 4 әртүрлі марка сатылады. Неше тәсілмен 1 конверт пен 1 марка сатып алуға болады?

Шешімі: 5*4=20

40-Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша?

Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия

2 – жүргізуші:

Сайысымыздың екінші кезеңі:«Сиқырлы кубик » деген сайысымыздың турында зейіндік танытып, фигураларды лақтыру арқылы қанша үшбұрыш, тіктөртбұрыш барын анықтайық.



Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7


Shape8

Shape9


Shape10 7 үшбұрыш


Shape11 Shape12

Shape14 Shape15 Shape13



8 үшбұрыш




5 төртбұрыш

3 5 үшбұрыш


13 төртбұрыш




8 үшбұрыш




«Мергендер сайысы»

Оқушылар  математикалық  сөзжұмбақтар  шешеді.

Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Қайда барайын дегізді (шексіздік)

  • Алды артымыз шексіз де
    Жете алмайсың біздерге.
    Сәуле менен кесінді
    Шыққан тегін білсе де. (түзу)

  • Екі ғана қабыртқа
    Белбеуі бір жануар
    Белбеуіне жазылған
    Өзінің меншік заңы бар.
    Бірі кіші, бірі үлкен
    Қос табаны тағы бар
    Мұндай ғажап нәрсеге
    Әркімнің де заңы бар (трапеция)

  • Басынан координатаның өте алмайды,
    Осьтерге жақындайды, жете алмайды.
    Екеуі екі бөлек тұрғанымен,
    Ажырап бір бірінен кете алмайды. (гипербола)

  • Мені  көрде  - жерді  көр,

Қозғалыстың  көкесі.

Айналыстан  туады,

Планеталар  бір-бірін,

Шыр  айнала  қуады.       Шеңбер


Оқушылар  осы  сөздерден  математикалық  термин  құрастырады. 

  • Ге-нс-тан  (тангенс)

  • Мет-диа-тр       (диаметр)

  • Аки-тем-фира (арифметика)

  • Нал-ди-ого (диогонал)

  • Сия-грес-про (прогрессия)

«Тарихи  залға»еніп,  сұрақтарға  жауап  береді.

  • Русьта   сынықсан  депдеп  қандайсанды  атаған? Бөлшек  санды

 

  • Алғашқықазақша  алгебра  оқулығын  жазған  кім?      Қ.  Сатпаев

 

  • “Трапеция” сөзін  ежелгі  гректермына  ұғымдардың  қайсысымен  атаған?        үстел

 

  • Қандай гүл математик  әйелдің  құрметіне  аталған?    Гортензия

  • Ондықбөлшекті  алғаш  рет  ашқан XV  ғасырда  өмір  сүргенөзбек  математигі  кім?  Әл-Каши


Әр команда кезек-кезек сұрақтарға тез мүдірместен жауап беру керек.


2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3.Ең кіші натурал сан? (1)

4. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)

5.-100 ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы? (0)

6. 20 минут 1 сағаттың неше бөлігі? (1/3)

7. Қандай 3 санды қоссаң да, көбейтсең де мәндері бірдей болады? (1,2,3)

8.Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)

    1. теңгенің 10 проценті ? (10 теңге)

10.Кімбарлықтілдесөйлейді? ( жаңғырық)


1 – жүргізуші:«Математикалық пазлы»

Ендігі кезекті математикалық пазлы сайысына береміз. Алдарыңызға берілген қағазға математикалық есептерді шығару арқылы пазлы құрастырып, оған ат қою керек.

2 – жүргізуші:

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Шынымыз биік болар, білім қусақ.


1 – жүргізуші:

Осымен математикалық турнирымыз аяқталды, әділқазылар алқасы өз бағаларын бергенше жанкүйерлер мен көрермендер арасында ойын жүргіземіз.

2-жүргізуші:

Бұл тур «Сұрақ-жауап» деп аталады. Әр топтың жанкүйерлеріне сұрақтар қойылады.

1. Жеті күнге тең, уақыттың өлшем бірлігі. (апта)

2. Шеңбер салуға арналған құрал. (циркуль)

3. Көбейту нәтижесі. (көбейтінді)

4. Алымы мен бөлімдері тең болатын жай бөлшек қалай аталады? (бұрыс бөлшек)

5. Шеңбердің радиусы 6 см тең. Диаметрі нешеге тең? (12)

6. Миллиард санында неше нөл бар? (9)

7. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (шаршы)

8. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп)

9. Төрт жылда неше ай бар? (48)

10. Үштің квадраты тоғызға тең, төрттің квадраты он алтыға тең. Ал квадраттағы бұрыш нешеге тең? (90°)


1 – жүргізуші:

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.


2 – жүргізуші:

Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде!

1-жүргізуші:

Жеңімпаздарды шын көңілмен құттықтаймыз! Бәріңіздің қатысқандарыңызға рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!