400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара : Математика- ғылымдар патшасы. 5- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сын тқрғысынан ойлау қабілетін дамытып ,математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс шара: Математика-ғылымдар патшасы



Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін дамытып білімге қызығушылығын арттыру.Ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру. Бір-бірімен достық,ынтымақтастықта болуға, топ үшін жауапкершіліктерін нығайтуға және бірлікке тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Әдісі:Сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: А4 қағаз топтары, маркер, сызғыш, таблицалар. , Нақыл сөздер:1. « Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға

пайдалы да, қажет те » (Р.Бэкон)

2. Математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан да

оны оқу керек. ( В.Ломоносов)

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар «Математика –ғылымдар патшасы» дегендей бұл ғылым адам өміріне, оның ой- өрісінің дамуына аса қажет.Сондықтан да біз бүгін 5 «Б» сынып оқушылары арасында «Математикалық сандық» сайысын өткізгелі отырмыз.

2- жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат.Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады . « Білімді азамат- ел ертеңі », « Білекті бірді жығар , білімді мыңды жығар» деген даналық сөздер бекерге айтылмаса керек.

1-жүргізуші: Асып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық.

Еркіңді билеп барынша,

Жарыста сірә қалыспа.

2- жүргізуші: Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын , достарым

Осылайша шабытпен,

Қане , енді бастайық.

1-жүргізуші: Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш-жігер , білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық, ортамызға.

Ал қанеки, кім шығады сайысуға.

2- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты.

1-жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық

  1. Кезең « Таныстыру» кезеңі, мұнда әр топ жетекшісі топпен таныстырады.

1-топ және 2-топ кезегімен ортаға шығып таныстырады.

  • Әділ –қазылар әр топты бағалайды.

2-жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы , дей келе 2-Кезеңді яғни

«Қас-қағым сәт» кезеңін бастаймыз.

Бұл кезеңде әр топқа

Сұрақ беріледі әр дұрыс жауапқа, 1- ұпай беріледі

  • Қане , бастайық.

1-топ « Алғырлар» тобы бастайды.

  1. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып алуға болады .1 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады ? (200 тг)

  2. Қандай екі натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең?(2)

  3. Үстелде 5- шыны айран бар, Алихан 1-шыны айранды ішіп қойды. үстелде неше шыны бар? (5-шыны)

  4. 7 –санымен аяқталатын сан берілген.Ол 300-ден артық, 310-нан кем.Берілген санды табыңдар. ( 307)

  5. Егер 2-кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1 кг кірпіштің салмағы неше кг? (6кг)

  6. Жарты теңгенің жартысы неге тең? (25-тиын

1-жүргізуші: Келесі топ «Тапқырлар» тобына кезек беріледі.

  1. Нанды 5-бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек? (4-рет)

  2. Інісінің 14- асығы бар ағасының 5-асығы артық.Екеуінің неше асығы бар? (33 асық)

  3. Үстелде 4-алма жатыр, оның біреуі кесілген, үстелде неше алма жатыр? ( 4-алма)

  4. Бөрененің ұзындығы 150см, оның бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша см? (100см)

  5. 8 –санымен аяқталатын сан берілген. Ол 500-ден артық, 520-нан кем.Берілген санды табыңдар. ( 518)

  6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? (12 ұшы бар)

2-жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытығды үнемдеп,

Кім шығады қанекей, жауабын мен білем деп.

Сайысымыздың келесі кезеңі « Кім тапқыр» бөлімін

бастаймыз. Мұнда жұмбақ есептер беріледі, әр дұрыс жауап

10- ұпаймен бағаланады.

« Тапқырлар » тобы бастайды.

Табақтағы жемісті,

Былай ғана бөлісті.

Екі анасы , қос баласы,

Әжесі мен немере,

Бір-бірден тиді алмасы.

Айтшы қанша жан басы?

(3-жан :әжесі. шешесі, немересі)

«Алғырлар» тобы

Қанша кісі?

Атам, әжем,ағаммен,

Әкем , інім және мен,

Анам және енесі,

Енесінің бөлесі,

Отыр еді шай ішіп,

Жеңгем келді майысып.

Арқасында кіші інім,

Саны қанша айта ғой,

Үйдегі бар кісінің?

(11-кісі)

1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі: « Кім жылдам» деп аталады ,әр топқа берілген сызба бойынша сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 5-ұпаймен бағаланады.

Сызбада неше үшбұрыш бар?

1-сызба , Жауабы: 8

2-сызба ,Жауабы:5

2-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-дей келе «Ойымды жалғастыр» бөліміне кезек береміз.Әр топ шапшаң жауап беруі керек .Дұрыс жауап 5- ұпаймен бағаланады.

«Тапқырлар » тобына кезек беріледі.

  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,........(төртеу түгел болса төбедегі келеді)

  2. Білекті бірді жығар,.........(білімді мыңды жығар)

  3. Мың қосшыға,......(бір басшы)

  4. Ер жігіттің екі сөйлегені.......(өлгені)

  5. Бір елі ауызға-......(екі елі қақпақ)

  6. Білгенің бір тоғыз,........( білмегенің тоқсан тоғыз)



1-жүргізуші: « Алғырлар тобы»-на кезек беріледі.

  1. Отыз тістен шыққан сөз,........(отыз елге тарайды)

  2. Досыңды үш күн сынама,......(үш жыл сына)

  3. Жеті жұрттың тілін біл,........(жеті түрлі білім іл)

  4. Бір кісі қазған құдықтан,.......(мың кісі су ішеді)

  5. Екі жақсы қас болмас,.......(екі жаман дос болмас)

  6. Жүз теңгең болғанша,.......(жүз досың болсын



2-жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі « Шығармашылық жұмыс » деп аталады.Енді оқушыларымыздың ақындық талантын сынап көрелік.Бойыңда ақындық қасиет болмаса, математик те бола алмайсың. Өйткені ақындар басқаның көре алмағанын көреді деген екен атақты математик Софья Ковалевская.

Мына жолға бір шумақ өлең ұйқасын табыңдар. (10-ұпай)

«Бес жерде бесім жиырма бес,

Аққу мен бұлбұл тең емес.

Арғы жағын айтпаймын,

Ақылың болса өзің шеш»

1-жүргізуші:

Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағыңды жақсы оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші:

Қадірін білсең егер сен

Қол ұшын берер ол саған.

Есептеп жүрсең бәрінде,

Сүрінбейсің өмірде.

1-жүргізуші:

Сайысымыздың соңғы сәті де таяп қалды ,ендігі сөз кезегін әділқазылыр алқасына береміз.

...........................................

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.













































« Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға

пайдалы да, қажет те » (Р.Бэкон)













































2. Математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан да

оны оқу керек. ( В.Ломоносов)











































«Алғырлар»

Алғырлар биіктерде қалықтасын,

Жеңіспен әрқашанда шалықтасын.



«Тапқырлар»

Тапқырлар , алға биікке самға.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі