400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара " «ОРММИК» спортсмендер қатарына қабылдау салтанатты шарасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге әдістемелік құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» тәрбиеші Умурзакова Шолпан Калымовна.

Мектептің ашылу күніне байланысты жыл сайын 1 қарашада өтетін дәстүріміз бар. Ол мектеп табалдырығын аттаған 7 сынып оқушыларын спортсмендер қатарына қабылдауға арналған салтанатты шара.

«ОРММИК» Спортсмендер қатарына қабылдау

салтанатты шарасы


(Музыкалық фон, ән " Чемпион әні"

2 Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар! Мейрамдарымыз

құтты болсын!

Ерекше бүгінгі күн, салтанаты сән,

Тербетер әр жүректі бір әсем ән.


1 Жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті достар! Мектебіміздің табалдырығын аттап жатқан жас спортшыларды біздің қатарымызға қосылуына арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!


1 Жүргізуші:

Құтты болсын мерейтойың, мектебім,

Шүкіршілік, осы күнге жеткенің.

Ұмытылмайтын ұлы тұған күніңді,

Біздер-дағы атап өтпейді деп пе едің!


2 Жүргізуші Салтанатты шеру ашық деп жариялаймыз!


(Қ Р мемлекеттік әнұраны орындалады.)


2 Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Д.Е.Алимкуловаға беріледі.


( Фанфары. 7 а 8 Ә сынып оқушыларының сахнаға шығуы)


1Жүргізуші:Құрметті достар! Жаңадан келген 7А және 8Ә сынып оқушыларын сахна төріне шақырайық . Қарсы алыңыздар!


МОНТАЖ 7 «А» класс

1 оқушы: Шакрат Наржақұт

Қасиетті жердің,
Егеменді елдің
Біз шыныққан шымыр ұланы.
Самғай биік ұшқан,
Ғарыш төсін құшқан
Құрыш қанат қайсар қыраны.


2 оқушы: Жакенов Асылхан

Ұстаздарды тыңдап,
Шеберлікті шыңдап,
Дайындалып келдік жарысқа.
Достарымды демеп,
Команданы жебеп,
Үлес қосам ортақ табысқа.

3 оқушы:Азаматұлы Нұржігіт

Сен де достым, алға
Ұмтыл!
Артта қалма!
Тайсалмағын тартыс шабыста!
Өз мектебің үшін,
Өз ауылың үшін
Барыңды сал.
Тырыс намысқа!

4 оқушы: Таукенова Аида

Спартакиада өтер қыста, жазда.
Қатысармыз оған бәріміз.
Жеңіп алсақ сонда
Алтын, күміс, қола,
Ақталады төккен теріміз.


5 оқушы:Аблаев Расул

Спорттағы жарыс,
Тасқындаған табыс
Қол жеткізіп мақтау, беделге,
Қазақстан халқын, Қазақстан даңқын
Шығарайық бүкіл әлемге.

1 оқушы: Сануар Мансұр

Табалдырығыңды аттады,

Талай шәкірт бүгінде

Босқа ойнап жатпады,

Спортшы болар түбінде

2 оқушы:Нұрмұхаметов Бейбарс

Шұғылданып денеміз

Спортта алда келеміз

Еш уақытта тайынбай,

Қиындықты женеміз.

3 оқушы: Жақсыбаева Зарина

Мектептің сырты жайнап түр,

Іші біліммен қайнап тұр,

Міне, біздің мектепте,

Осындай дәурен ойнап түр.

4 оқушы: Аманкелді Мейіржан

Көптен күткен күн де жетті

Біз спортшы боламыз.

Оқу менен спортта

Әрқашанда алда боламыз.

Мектепке кір келтірмеуге

Сіздерге сөз береміз.

Болашақта ерінбей

БІРГЕ: Біз Жеңіске жетеміз!!!


Жаңадан келген оқушылардың орындауында Ән «Қазақ болып тумағанда нетер ем?»


1 Жүргізуші:

Біздің мектебіміздің үлкен белестерге жетуі әрине Қазақстан Республикасың тәуелсіздігіннің жемісі. Біздің мектебіміз үлкен табысқа жетті. Жана кабинеттер, жаңа оқу әдістері. Оқушылар облыстық, аудандық және республиқалық жарыстарға қатысады. Мектеп өмірі өте жемісті, қызықты.


2 Жүргізуші: Құрметті достар! Мектебіміздің ашылғанына биыл 23 жыл толып отыр. Білім ордасының аты өзгергенімен, оқып жатқан оқушыларымыздың спортқа деген сүйіспеншілігі өзгерген жоқ. Алтын ұя- мектебіміздің 20- жылдығына арналған фильмді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

(ОРММИК мектеп туралы фильм)

Олимпиадалық резевтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі 1996 ж. 1-қарашада ашылды. Оқушыларымыз еркін күрес, гимнастика, қазақша күрес, грек-рим күресі, волейбол, шаңғы тебу, таэквондо, дзюдо, бокс сияқты спорт түрлерімен шұғылданады. Мектептен шыққан спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткер спортсмендеріміз бар. Рио-де Жанейрода, Лондонда өткен Олимпиадалық ойындарға қатысқан Шабанбай Дәулет пен Ибрагимов Мамед бүгінгі күнде қаламыз – Павлодардың, Республикамыздың көк байрағын бетке ұстап жүрген түлектеріміз. Гимнаст қызымыз Сарыбай Айдана мұхит асып жарыстарға қатысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атақтарына ие болып жүр. Сарқытбаев Еркебұлан, Қабатаев Ернұр еркін күрестен спорт шебері,Савенко Антон греко-рим күрестен спорт шебері. Спортсмендеріміз тек республика көлемінде ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Арабия елдерінде, Нью-Иорк, Түркия, Якутия т.б. көптеген елдерге барып алтын, күміс, қола медаль иегерлері атанып жүр.

Мектеп ішінде спорт зал, мәжіліс залы, асхана, пән кабинеттері, психолог кабинеттері заман талабына сай жабдықталған. Ұстаздарымыз осындай еліміздің болашақ чемпиондарына аянбай білім беруде.



1 Жүргізуші: Міне достар, біздің мектеп қандай! Сіздерге ұнады ма? Олай болса, сіздерде мектептің гүлденуіне ат салысасыңдар деп сенім артамыз!. Сіздер де біздер сияқты тамаша шығармашылықты оқушылар болады деп деп сенім артамыз!

(Фанфары. 7 а 8 Ә сынып оқушыларының сахнаға шығуы )


2 Жүргізуші: Құрметті оқушылар !Мектебіміздің жыл сайын өтетін дәстүрі бойынша ант қабылдау рәсімі.

1 Жүргізуші: 7 А, 8 Ә сынып оқушылары, Ант беруге дайындалыңыздар!


1 Жүргізуші: Спорт мектеп-интернатының қатарына түсуіне орай салтанатты түрде ант етеміз:

  • Олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт интернат –колледжінің оқушысы бола тұрып ұқыпты, тәртіпті, адал болуға

Бірге «Ант беремін!»

  • Білімнің күшін, бұлшық еттерінің қуатын, жүрегімнің бар ыстығын спортқа беруге!

Бірге «Ант беремін!»

  • Спорт арқылы жетістіктерге ғана жетпей, сонымен қатар, денсаулығымызды, сүлулығымызды нығайтуға!

Бірге «Ант етеміз!»

  • Спортпен мектептегі оқуды сәтті үйлестіруге!

Бірге «Ант етеміз!»

  • Мектептің намысын жоғары ұстауға, салт-дәстүрлерін сақтап, спорт аренасында жетістіктерді арттыруға!

Бірге «Ант етеміз!»

  • «Шынықсан, шымыр боласың, салауатты өмір құрасын» деген ұранмен өмір сүруге!

Бірге «Ант етеміз!, Ант етеміз! Ант етеміз!»

1 жүргізуші: Бүгін шындығында сіздер үшін де, біздер үшін де ұлы мейрам. Сіздер бүгін қол ұстасып мейрімділікке жол ашып отырсыздар. 
Ғылым болып даналықпен көктерсің 
Оқысаң сен адалдыққа жетерсің. 
Шырақ болып қалғың келсе өмірде. 
Лаулап , лаулап биіктерге жетерсің! 

2 жүргізуші: Ал енді сіздер осы мектебіміздің спортшылар қатарына қабылдандыңыздар. Біздер сіздерді мақтан етеміз. Алда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер! Ата-аналарыңыздың сіздерге арнап дайындаған тәтті сыйлықтары бар.

( 7 а, 8 ә сыйлықтар таратылады, ескерлік фото)

1 жүргізуші:  Міне, салтанатты линейкамыз да өз мәресіне жетті. Біз сіздердің болашақта Қазақстан спортын халықаралық жарыстарда биік деңгейлерге көтеретіңдеріңізге сенеміз!

2 жүргізуші: Оқу мен спортта биік жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі