400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Әкем, шешем және мен" спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобына арналған сыныптан тыс шара, спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әкем, шешем және мен
(спорттық мереке)

Мақсаты: отбасы мен даярлық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту, қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке үйрету, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру.
Көрнекі-құралдар: секірпелер, кеглилер, конустар, доптар, себеттер,арқан
Жаттықтырушы: құрметті, балабақша ұстаздары, тәрбиешілер, тәрбиеленушілері әкем,шешем және мен атты спорттық мерекемізге қош келдіңіздер! Денсаулық – зор байлық деп ата-бабамыз айтып өткендей, сіздерге денсаулық, жақсы көңіл-күй тілейміз. Спорттық мерекемізді бастамас бұрын әділ-қазылыр алқасымен танысып алайық:
Меңгеруші:
Әдіскер: 
Тәрбиеші: 
Ата-ана :
1-бала: Спорт деген денсаулық,
Спорт деген ойындар.
Спортпенен дос болып,
Біз спортсмен боламыз.
2-бала: Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
3-бала: Басты байлық-денсаулық,-
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып, 
Осы шақтан балалық.
Жаттықтырушы: Біз спорттық мерекемізді екі топ арасында өткізгелі отырмыз. Сондықтан ортаға жарысқа түскелі отырған топтарды шақырамыз. Қарсы алыңыздар.Екі топ ортаға шығады. Топ жетекшілері шығады. Сәлемдеседі. Ұрандарын айтады. 
Біздің топ: Қызылдар Біздің топ: Көктер
Біздің ұран: Біздің ұран:
Тұлпардай жүйрікпіз, Біз көңілді баламыз,
Сұңқардай биікпіз 1,2,3,4,
1,2,3, Сау болса денеміз,
Достықта біздің күш! Үлкен болып өсеміз.
Ата-аналармен таныстару. 
Музыкамен Толағай кіреді. 
Толағай:
-Ассаламағалейкум, уа халқым. Ммм, халық жиналып қалыпты, ал, бұл кімнің ауылы? Аа? (сыбырлап, қолымен қалқалап айтады). Қандай тойға жиналып қалдыңдар? 
Жаттықтырушы: 
-Сәлеметсің бе, қонағым. өзің кім боласың? Қайдан, қайда жол тартың? Не көргенің? Не білгенің бар?
Толағай: 
-Сәлеметсіңдер ме, сәлеметсіңдер, мен талай-талай жарыс пен сайыстарға қатысып таудай алыптарды алып ұрып, Жалмауызды жеңіп, Сусамыр мен Желаяқты дос қылған, Толағай батыр мен болам. Қанша уақыт өткенін білмеймін, алысатын алып жоқ, шабысатын жауым жоқ, тау мен тастың орнын ауыстырып, аспанға атып ермек етіп жүрмін. Мына жақтан бір әуеннің дауысын естіп, тағыда батырлар мен алыптар менсіз жиналып қалды ма деп, жүгіріп жеткенім осы.
Жаттықтырушы: 
- Иә, дұрыс айтасың, Толағай батыр. Біз мерекелік сайыс өткізіп жатырмыз. Бұл жерде шапшаң, жылдам, епті, төзімді мықтылар жиналған.
Толағай: 
– Бірақ, менешқандай мықтыларды көріп тұрған жоқпын.
Жаттықтырушы:
- Толағай батыр, сен біздің мерекеміздің қонағы бол, біздің батырларымыздың ептілігі мен шапшаңдығын қызықта.
Толағай:
- Жарайды, келген екенмін, қалайын,біраз тойлап, қызықтап қайтайын. Бірақ менің шартым бар. 
Жаттықтырушы:
- Ол қандай шарт?
Толағай:
- Мен бұл балалардың ептілігі мен байқампаздығын білгім келіп тұр.
Жаттықтырушы:
- Қалайша?
Толағай:
- Қазақтың ұлттық-спорттық, әйгілі биі Қара жорғаны барлығы менімен бірге билесін.
Қара жорғаға шеңбер құра қимылдарды келтіру.
Жаттықтырушы:
- Рахмет, саған Толағай, біздің балалар біраз сенімен билеп сергіп қалды. Енді біздің сайысымызды бақылап, жеңімпаздарды анықта.

Эстафета: Секіртпелер
Балалар: гимнастикалық таяқшалардың арасынан қосаяқпен секіру. Кері ұайту барысында конусты анала түзу жүгіру. Жеңімпаздар жылдамдықпен анықталады.
Ата-аналары: секірпелерден (скакалкамен) қосаяқпен секіре мәреден сәреге қайтады. Ойыншылары бірінші біткен топ жеңіске жетеді.
Толағай:
- Ой, шынымен де балалар, сендер нағыз епті екенсіңдер! Мен де сендерге өзім жақсы көретін бір ойынды ұсынғым келіп тұр.

Тақия эстафетасы:
Ата-аналар балалардың қолдарынан ұстай тұрады. Белгі берілгенде кедергілердің арасынан жыланша айнала жүгіре, конустағы тақияны баланың басына кигізе кері түзу қайтады. Тақияны келесі балаға кигізе келесі ата-ана ирелеңдеп кедергілердень өте конусқа тақияны қалдырады да, кері түзу қайтады. Балалар саны бойынша ата-аналар ауысып отырады. 
Жаттықтырушы: 
- Толағай батыр, қандай қызық ойын, рахмет саған. Мен сені біздің балалармен ойнауға шақырамын. Балалар келіңдер, барлығымыз шеңбер құра отыра қалайық. Қазақтың ұлттық ойыны Тақия тастамақты ойнайық.
Ойым бар,
Ойын бастамақ
Аты оның Тақия тастамақ!
Аспаймын, саспаймын,
Тақияны тастаймын. (барлық балалармен ойналады)
Жаттықтырушы: 
- Жарайсыңдар, ал, Толағай батыр саған ұнады ма?
Толағай:
- Иә, ұнады. Тағы қандай өнерлерің бар?
3. Құлатып алма эстафетасы:
Балалар: ракеткамен допты бір себеттен екінші себетке тасиды.
Ата-аналар: екі гимнастикалық таяқшамен допты (д25см) себетке тасиды.
Кім жылдам? эстафетасы:
Балалар: Жұптаса тұрады. Ұлдар құрсауды көтереді. Қыздар құрсаудан өтеді. Кері қайтуда конусты айнала түзу жүгіреді.
Ата-аналар мешокпен секіреді.
Зейінді бол! эстафетасы: 
Балалар:кедергілердің арасынан допты қолмен алып жүреді.
Ата-аналар: допты кедергілердің арасынан аяқпен алып жүреді.
Толағай: 
-Иә, балалар шынымен епті, шапшаң, мықты екен ал, ата-аналары да сондай мықты екенін жеке байқап көрсек деймін.
Жаттықтырушы: 
- Жарайды, онда біз әкелерімізді ортаға шақырайық. Қазақтың ұлттық сүйікті ойыны Арқан тартуды ойнайық.(Әкелері, аналары жеке – жеке ойнайды).
Жаттықтырушы: осымен біздің сайысымыз мәресіне жетті. Біздің әділ-қазылар алқасы шешімін айтқанша, біздің балалардың дайындаған шағын музыкалық нөмерді тамашалаңыздар!
Әділ-қазылар шешімі.
Ата-аналарға алғыс хатты тапсыру. 
XXI ғасырдың жас ұрпақтары алдарыңда тұрған Алатаудың асулары мен белдерін асып өтіп, ешбір қиындыққа мойынсынбай, Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ер-азаматтары болып, Алатаудың шыңынан көріне берулеріңе №51 балабақша ұжымы сәттілік тілейді. Бала өміріне, денсаулығына спорттың, салауатты өмір салтының маңызды екендігін өз белсенділіктерімен ат салысқан ата-аналарымызға тағы да алғысымызды білдіреміз. Осымен біздің бүгінгі Әкем,шешем және мен атты спорттық мерекеміз өз мәресіне жетті. Сау – саламат болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі