Сыныптан тыс шара "Алаш арысы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Алаш арысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілерімен тарих пәні мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «АЛАШ АРЫСЫ»


Сланбекова Карлыга Боранкуловна,

Бақанас аграрлы-индустриалдық

колледжінің тарих-

география пәндерінің оқытушысы


Мақсаты: Білім алушыларға қазақ халқының азаттығы мен жарқын болашағы жолында аянбай еңбек еткен дара тұлға, Алаш партиясының төрағасы, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, cаяси және құнды ғылыми еңбектері туралы мәлімет беру, патриоттық сезімін қалыптастыру, өз Отанын, елін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Алаш арысы-Ә. Бөкейханов» атты кітап көрмесі, буклет, қанатты сөздер, слайд, тақырыптық видео.

Барысы:

«Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатындығына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады».


Әлихан Бөкейханов.


Слайд-шоу


1-жүргізуші: Қайырлы күн , құрметті оқытушылар мен білім алушылар !

2-жүргізуші:Қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы , ғұлама ғалым-Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туылғанына – 150 жыл толу құрметіне арналған «Алаш арысы » атты ғылыми- практикалық конференцияға қош келдіңіздер!

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туылғанына – 150 жыл толу құрметіне арналған «Алаш арысы » атты ғылыми-практикалық конференциясының алғы сөзі колледж директорына беріледі.

1-жүргізуші:

Биылғы жылы Алаш  қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды. Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі.

2-жүргізуші:

Ендеше , көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, , қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы туралы деректі фильмге кезек береміз.


«Алаштың Алиханы» фильм

1-жүргізуші: Әлихан Бөкейханов-ормантанушы, тарихшы, этнограф, публицист, бір сөзбен айтқанда-көрнекті тұлға. Оның елінің тәуелсіздігі үшін күрескен азамат екендігін жас ұрпаққа паш ету біздің парызымыз. Ендігі кезекте колледж білім алушыларының Ә.Бөкейханов туралы дайындаған зерттеу жұмыстарына кезек береміз.

1.ҚР Кіші Ғылым Академиясының 25 –ші облыстық ғылыми-практикалық конференциясының 3 дәрежелі дипломының иегері Тоқтар Жадыраның «Әлихан Бөкейханов және біртұтас алаш идеясы» тақырыбындағы зерттеу жұмысына кезек береміз.

2. «Алаштың бас көсемі»-Асылбекова Айсулу

3.«Ә.Бөкейхановтың қоғамдық қызметі»-Абдикадирова Камила

4.«Алаш арысы» - Ирсаева Диана

5.«Алаштың Әлиханы» -Мейрамбек Ерназ

6. «Алаштың қайсар ұлы» Еркінбек Дамир

7.«Ә.Бөкейханов туралы бір дерек..»- Саятбек Эльвира

8. « Әлихан Бөкейхановтың еңбектеріндегі дәстүрлі қазақ шаруашылығының мәселелері»-Дауылбай Айша


2-жүргізуші: Заманының ащы шындығы мен запыраны Әлихан Бөкейхановтың «Заман сөзінде» көрініс табады. Қазаққа теңдік, бостандық алып беру үшін арпалысқан Алаш зиялыларының қай-қайсысының сөзі болсын, ұлттық иіс аңқып тұрады. Сондықтан

Ә. Бөкейхановтың қанатты сөздері  бүгінгі ұрпақтың да санасына сәуле құяр деген үміттеміз.

Ә.Бөкейхановтың қанатты сөздері


Қорытынды:


1-жүргізуші:

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.

2-жүргізуші:

Қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы , ғұлама ғалым-Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туылғанына – 150 жыл толу құрметіне арналған «Алаш арысы » атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдере отырып, сертификаттарды тапсыру колледж директорына беріледі!





















«Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» МКҚК


















«АЛАШ АРЫСЫ»

ғылыми- практикалық конференция











Сланбекова Карлыга Боранкуловна,

тарих-география пәндерінің оқытушысы






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2018
564
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі