Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз»
Мақсаты:
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек»
балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы
жалпыадамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс -
шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім берудің дамуына
өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы –
өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасына
тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: - Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біз
«Өзін-өзі тану» онкүндік аясында өтетін «Алтын жүрек анамыз» атты
мәнерлеп оқу сайысына жиналып отырмыз.
- Өзін-өзі тану әлемінің басты мақсаты – ұл-қыздарымызды жеке және
өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. -
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ұлағатты ұстанымдары арқылы жас
ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына
жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат,
достық секілді ізгілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
Жетімдердің анасы, жесірлердің
панасы.
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өт ептеп,
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз.
Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан
Баспана боп оларға келе жатсың болып нан,
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн.
Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл жол да алыс,
Шешек жару, гүл ату – Жер ананың төл ісі.
Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс.
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы».
«Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім
балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім
балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш
«SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық
болды.
«Бөбектің» анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге
ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына,
қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді.
Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS
Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы
ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.
Дограмачи атындағы және «Юнита»халықаралық сыйлығының лауреаты
болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды
қорғау туралы Заң қабылданды.
2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет
атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
2012 жылы С. А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы
Қазақстанның жас ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі
үшін «Достастық» жұлдызы сыйлығы табыс
етілді.
Жүргізуші:
Күлкісіне сәбидің толсын деп
кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.
"Алтын жүрек анамыз" атты Сара Алпысқызының құрметіне орай бүгінгі
2-ден 10-шы сынып оқушылар арасындағы мәнерлеп оқу сайысымызды
бастаймыз. Сайыстың әділ-қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат
етіңіздер:
-
Приурал мектеп балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Отепова Г.Н
-
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кузнецова С.Е
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кабышева М.М
-Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек,
Адамдар бірін-бірі,
Құрметтеп, сыйлау керек,
Жастарға білім керек,
Бәрінде білу керек,
Азамат болсаң алғыр,
Анашың:"Күнім"- демек!
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек,
Бойыңда бар жақсыны,
Халқыңа арнау керек.-деп ақын жырлағандай мәнерлеп оқу сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырамыз.
- Келесі сөз кезегі орта буын
сыныптар атынан келіп отырған қатысушыларды сахна төріне
шақырайық.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар,
қонақтар! Ертеңгілігімізді Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген
айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен
еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді
үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа,
айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа.
Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын
пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға
деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа
ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысымызды «Бала
тілегі»әнімен аяқтайық. Қош сау
болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара: Алтын жүрек анамыз

шағым қалдыра аласыз