15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "Ана- өмір,ана-жыр"
Күні: 07.03.2019ж
Сыныбы:4
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Ана деген-адамзаттың данасы
Ана деген-сәбилердің панасы
Ана деген-жарық,жұлдыз шырағың.
Ана деген-қайнар ыстық бұлағын.
Ана деген-өмірдегі қамқорың,
Ана деген-сүйенерің қамқорын.
Ана деген-бар асылын байлығын.
Баршаңызды 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Тақпақтар 2-3
І ж Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын алтын анам
Қуанышты берекең
Хор: « Аяулы анашым»
Вальс:3класс
Гүлдер биі:орындайтын 4 сынып
Мәнерлеп оқу:Ержігіт Гүлназым
І ж 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік .Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
2кл «Айдидарлы анашым» Жанболатқызы Балауса.
Қожахметова Асылайым
Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік , жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы ,жарай ма?
Мәнерлеп оқу «Ана сен бақыттысын жыламаған»
Кеулімжай Дина «Асыл әжем»
Халық әні: «Еркемай»4 класс
2 класс «қазақ» биі
І ж Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
Іж Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған
«Қайда әжем» Рыскелді Аягөз
І ж Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
І ж. «Қыз бала гүл» Жылқыбаев Дәулет
І ж Әнде шырқап би де билеп жатырмыз
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз
І ж Менің анам алтын
І ж Менің де анам алтын
І ж Аналарды құрметтеп
ІІ ж Қол соғыңдар жалпың
Хор»:Ақ мамам»3 класс
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!
Флешмоб 4класс
Ананы да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берер.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
«Айналайын ақ мамам»жылқыбай Сезім
Сейтқазықызы Әнел
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
«Джентелмен» әні Кеулімжай батыр
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жаһанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Хор: «Анаға сәлем»
Кезекпен:
О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың дағы кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!-деп бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген