400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Бабаның сөзі– ұрпаққа аманат!" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу; Халқымыздың салт–дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бабаның сөзі– ұрпаққа аманат!» сайысы

Мақсаты: Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу;

Халқымыздың салт–дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге үйрету

І. Ұйымдастыру Топ оқушылары 2 топқа бөлініп, әр топ 6 оқушыдан құрылады. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру. Әділ- қазылар алқасын сайлау.

ІІ.Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

1. «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым»

(Оқушыларға қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білгендерін айту. )

2. «Бабалар сөзі-тәрбие көзі» ( Бабалар сөздерін жатқа айту )

3. «Сандар сыры» (Киелі сандарға тоқталу )

4. «Мақал- сөздің мәйегі » ( Мақалдың жалғасын табу. )

5»Ескірмейтін есті сөздер»( Күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздерді айту. )

“Өткендi бiлмей, келешектi бiлу мүмкiн емес. Бұрынғының парқын бiлгендер ғана, бүгiнгiнiң парқын ұғады”,- деген болатын Ғабит Мүсiрепов ағамыз.

. Тәрбие тамыры – халық қазынасында,- дегендей, бүгін екі топ арасында өткелі отырған «Бабаның сөзі - ұрпаққа аманат!» атты сайысқа қош келдіңіздер! Енді сайысымызды бастамас бұрын, топтарымызға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтелік.

Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтелік.

1-топ «Мұрагер», 2-топ «Мирас», Сайыс кезеңдері:

1- кезең «.. «Бабалар сөзі-тәрбие көзі» ( Бабалар сөздерін жатқа айту )

Мұрагер тобына:

– Балаға ми жеуге болмайды – мидай былжыр, ынжық болып өседі деп тыйым салған.

– Омыртқаның жұлынын жегізбеген – суға кетіп қалады деген жаман ырым бар.

– Қойды аттама – ол киелі мал. Меккеге барған деп аттауға тыйым салған.

– Бос бесікті тербетпе – балалы болмайсың – деген жаман ырым.

– Терезе, әйнектің алдына отыруға болмайды – ол күн шұғыласымен таласқандық болып есептелінген. Яғни, үйге күн сәулесінің түсуіне кедергі жасағандық деп тыйым салған.

– Ыдыстағы суға аузыңды малма – себебі сол ыдыстағы су арам болады дейді. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.

– Жақын адамға мылтық, пышақ сыйлама – жақын туыстың, ағайын адамдардың арасы суып кетеді, – деп ұрлап алуға рұқсат берген.

– Жақын адамнан иттің күшігін алма – итше ырыл­дасып өтесің деген жаман ырым бар. Күшікті де ұрлап алу керек дейді.

– Қонаққа кетік, жарық кесемен шай берме – қазақтың ырымында ондай ыдыспен шайтан бірге ұрттайды дейді әрі қонақты сыйламағандыққа жатады.

– Тісіңді қайрама – өлімге мойынсұнған адам солай істейді деп тыйым салған.

– Бетіңді баспа – қайғылы адам бетін басады деген жаман ырым бар. (жақындары қайтыс болса, т.б.)

– Тұзды баспа – астың иманы, төресі деп киеліге са­найды.

– Отқа түкірме – қазақта жаңа түскен келін май құйып, отқа табынады. Ал отқа түкіру деген ол үйдің оты өшсін, иесіз қалсын деген мағынамен жаман ырымға саналған.

– Жатқан кісіні аттама – талай қасиетті киелі адамдар болған, болады да, кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Жалпы, адамның үстінен аттап жүру тәрбиесіздікті көрсетеді.

Мирас тобына:

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жаса­латын той.

Бесікке салу – жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы.

Қырқынан шығару – баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомыл­дырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып, дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалынатын ғұрып.

Ат қою – қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

Айдар – бабаларымыздың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Кекіл – жас балалардың шашын ұстарамен алып та­стайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қияды.

Базарлық – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.

Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

Тілашар – баласы 7 жасқа толған соң, балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар той» деп атайды.

Асату – ет желініп болған соң, төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жас жігіттерге асатады.

Сүйінші – қуанышты хабар жеткізуші адам – «Сүйінші! Сүйінші!» – деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал!» – дейді немесе оған риза бола­тындай сыйлық береді.

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанат­ты дәстүр.

Ерулік – басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

Енші – балалар ер жетіп, жеке үй болғанда ата-анасы дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады.

Аманат – бір адамның екінші біреуге беріп жіберген заттары аманат деп аталады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды.

Сыбаға – құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын- жуығына сақтаған кәделі ет мүшелері.

Жеті ата – халқымыздың кейінгі ұрпаққа жеті ата­сын білуге міндеттеген. (өз жеті атасын атап шығу)

2. кезең «Бабалар сөзі-тәрбие көзі» ( Бабалар сөздерін жатқа айту ) 1. Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өскеніңді өшерсің.

Жауабы: (Қазыбек би)



2. Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты – ұту,

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты – жету.

Жауабы:(Сырым шешен)



3. Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ,

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген пәни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен де қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ...

Жауабы: (Әйтеке би)

4. Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы қара сөзі)

3. кезең «Сандар сыры» (Киелі сандарға тоқталу )

.: « 3 » санына байланысты

Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/

Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/

Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/

Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/

Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/



« 4 » санына байланысты

Төрт тұлға /от, су, жер, жел/

Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/

Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/

Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/  Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/

«5 » санына байланысты

Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/

Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/

Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/

Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/

Бес өсиет /Топасқа сенбе, Жауға иілме, Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба, Жарлыдан сый алма/

«7 » санына байланысты

Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/

Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/

Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/

Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/

Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/

4.кезең «Мақал- сөздің мәйегі » ( Мақалдың жалғасын табу. )

2. Айла алтау,

... Ақыл жетеу.

Айла мен ақыл қосылса,

... Алдырмайтын екеу.

3. Ұлтарақтай болса да

... Ата қонысы жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

... Туып өскен ел қымбат.

4. Жақсыны арман оздырар,

... Жаманды құлқын тоздырар.

5. Түпкі айылдын батқанын

... Иесі білмес, ат білер.

Ер жігіттің қадірін

... Ағайын білмес, жат білер.

6. Жақсының жақсылығын айт,

... Мейірі тасысын,

Жаманның жамандығын айт,

... Құты қашсын.

7. Жеті атасын білмеген ....

8. Атаның ғана баласы болма, ... баласы бол.

9. Атаға қарап- ... бала өседі,

Анаға қарап- ... қыз өседі.

5 кезең »Ескірмейтін есті сөздер»( Күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздерді айту. )





.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі