Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара. «Балалық шаққа саяхат» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, Бердібек Соқпақбаев өмірімен толық таныстыру, сахна мәдениетіне үйрету, сөздік қорларын молайту, ұжымшылдыққа баулу. Бұл материалдың сынып жетекшілер үшін маңызы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Балалық шаққа саяхат

Мақсаты: оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, Бердібек Соқпақбаев өмірімен толық таныстыру, сахна мәдениетіне үйрету, сөздік қорларын молайту, ұжымшылдыққа баулу

Көрнекілігі: суреттер, слайд

Түрі: сайыс

Тәрбие сағатының барысы:

І.Кіріспе бөлімі

Әділет:

Сәлем, достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда

Бізге білім үйреткен

Шәкірттерін ойлайтын

Ұстаздарым аман ба?

Бізді әрдайым ойлайтын

Ата-аналар аман ба?

Жанна:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Міне, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Бердібек атамыз жайында,

Кешімізді бастаймыз.

Әділет:Иә, әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше

Жанна:Себебі, балаларға арнап қызықты шығармалар жазу екінің бірінің еншісіне тие бермейді. Жазған шығармасы арқылы балалардың көңілінен шығу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді

Әділет:Қазақ балалар әдебиеті осындай таланттарға кенде емес. Солардың ішінде шоқтығы биік балалар жазушысы , жерлесіміз – Бердібек Соқпақбаев атамыз да бар

Жанна:Ендеше біздің бүгінгі сайысымыз Бердібек атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналмақ

ІІ.Негізгі бөлім

Әділет: 4 ә сынып ұлдары мен қыздары

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады

Жанна:Уа, құрметті халайық

Сайысты енді көріңдер

Топтарды енді шақырып,

Сіздерге жеңіс тілейік

Әділет:Ендеше бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырайық

Әділет:Сайыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Жанна: Бүгінгі сайысымыз 6-кезеңнен тұрады: 1-кезең «Кел, танысайық». Әр топ өз топ атымен, ұранымен таныстырып, төс белгісін қорғайды

Әділет:2-кезеңде математикалық тапсырма, бұл кезеңде әр топқа бір –бірден ден математикалық тапсырмалар беріліп, математикалық білімдері тексеріледі

Жанна: 3-кезең «Үй тапсырмасы» әр топ 1-4 сынып ана тілі оқулығы бойынша алдын ала бөлініп берілген әңгімелері бойынша сахналық көріністерін көрсетеді

Әділет:4-кезең әр топтан 1 оқушы Бердібек Соқпақбаев атамыздың өлеңдерінен 1 өлеңін мәнерлеп жатқа оқып береді

Жанна:5-кезең береді «Шебердің қолы ортақ» Бердібек Соқпақбаев шығармалары бойынша әр топтан көрме және сол көрмені әр топтан бір оқушы қорғайды

Әділет: 6-кезең «Кім жүйрік» бұл топ басшыларының сайысы. Бұл кезеңде топ басшыларына 5 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

Жанна:Оқушылардың Бердібек Соқпақбаевқа арнап жазған шығармалары, арнау өлеңдері жеке бағаланады.

Әділет: Уа, құрметті халайық

Сайысты енді көріңдер

Топтарды енді шақырып,

Сіздерге жеңіс тілейік

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер

Жанна: Бүгінгі сайысымызда әділ бағасын беретін әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар

Әділет:Біздің сынып алғырлары

Көрсетсін қане білімін

Бір-бірінен қалыспай

Орындасын шарттарды

-Ендеше, сайысымызды бастайық.

Жанна:Деген екен қазақ халқы сәлем сөздің анасы

Біледі оны еңкейген қарт еңбектеген баласы

Амандасу ізгіліктің сыпайылықтың белгісі

Сәлем достар амансың ба?Қалайсың?

Сайысымыздың 1-кезеңі «Кел, танысайық». Әр топ өз топ атымен, ұранымен таныстырып, төс белгісін қорғайды

1-топ: Қыран тобы

2-топ: жас өрен тобы

3-топ: Алау тобы

Жанна: 1-кезең бойынша әділқазы алқалары бағаларын берсе

Жанна : Қайсысы әнші, қайсысы биші

Талабына қарайық

Кімдер зерек, кім жылдам

Талаптарын табайық . 2-кезең «Үй тапсырмасы» әр топ 1-4 сынып ана тілі оқулығы бойынша алдын ала бөлініп берілген әңгімелері бойынша сахналық көріністерін көрсетеді

1-топ: «Менің атым-Қожа»

2-топ: Ағаштар неге ашуланады?

3-топ: Компас

Әділет: 2-кезең бойынша әділқазы алқалары бағаларын берсе

Жанна: Мақсатымыз ер жету талапты боп

Не үйрендік? Не білдік?Не білмекпіз?

Танылайық жарыста ынталы боп

Топ атына лайық даралансақ. 3-кезең әр топтан 1 оқушы Бердібек Соқпақбаев атамыздың өлеңдерінен 1 өлеңін мәнерлеп жатқа оқып береді

Жанна: 3-кезең бойынша әділқазы алқалары бағаларын берсе

Әділет:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер. 4-кезең береді «Шебердің қолы ортақ» Бердібек Соқпақбаев шығармалары бойынша әр топтан көрме және сол көрмені әр топтан бір оқушы қорғайды

1-топ: Шынықсын денеміз

2-топ: Саққұлақ

3-топ: Шалғынбай

Әділет: 4-кезең бойынша әділқазы алқалары бағаларын берсе

Жанна:Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан өтсең егер сүйінші

Жүлде сенде, қуана бер күлімде

Келді кезек тапқырлықты танытар. Сайысымыздың соңғы кезеңі «Кім жүйрік» бұл топ басшыларының сайысы. Бұл кезеңде топ басшыларына 2сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай болып есептеледі.

1-топ: Хадиша

2-топ:Айдос

3-топ: Балауса

  1. «Менің атым-Қожа» фильмінде Қожаның анасының ролінде кім сомдады?

  2. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін, сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдағыш кім?

  3. «Менің атым –Қожа» фильмінің режиссері?

  4. Бодан қай әңгіменің кейіпкері

  5. Қожа рольін сомдаған кім?

  6. Қамқорлық әңгімесінде не жайлы айтылған?

Жанна: 5-кезең және оқушылардың Бердібек Соқпақбаевқа арнап жазған шығармалары, арнау өлеңдері бойынша әділқазы алқалары бағаларын берсе

Әділет:

Кел, балалар, ойнайық

Ойнайық та, ойлайық

Қандай сұрақ болса да

Шешпей оны қоймайық

Әділқазы алқалары әр топ ұпайларын есептеп болғанша біздің көрермендерге деген сауалымыз, және сол сауалға дұрыс жауап берсе сыйлығымыз да бар

  • Біздің сауалымыз Бердібек атамыздың ұлы шығармасы «Менің атым-Қожа» жайлы болмақ

  1. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз бұл кімнің кімге айтылған сөзі \Қожаның ұстазы Майқановаға\

  2. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр . бұл сөзді айтқан кім? \мектеп күзетшісі Сәйбек қа

  3. Оқудың түбіне сен жет. Мүмкін дырдай бастық боларсың сонда маған шапағатың тиер \Сұлтан\

  4. Бұл қай сәт? Маңдайымнан бу бұрқырап, есік алдына шықтым, Сәйбек қарт көрінбейді, омырауымды ағытып, желпініп ойланып тұрмын \педкеңесте Қожаны мектептен шығару мәселесі қаралған кез\

  5. Мынау кім? Келесі сабаққа бақа ала келіңдер\Оспанов жануартану пәні мұғалімі\

Әділет:

Бала жайлы шығарманың төресі

«Менің атым-Қожа» деген повесі

Өзімізді сол повестен табамыз

Шалқып тасып қиялдардың кемесі

Жанна:

Сол Қожадай тентек бала ақылды

Бар баланы ізгілікке шақырды

Әдебиетке балалықты әкеліп

Әлем үшін тұлға болды татымды.

Әділет:

Жазушының көп еді ғой арманы

Балаларға көп дүние арнады

Өткен дәурен балаларын ерт іп кеп

Дәл бүгінгі буынменен жалғады

Жанна:

Шүкір деймін Алла нұрын төккеніне

Оқып жүрмін атам атындағы мектебінде

Бердібектің гүлдері жайқалады

Балалықтың бейкүнә көктемінде

-Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар. Осымен біздің сайысымызы аяқталды. Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12