Тақырыбы:
Білгірлер отауы
Сайыстың
мақсаттары:
Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі
тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша
байланыстырып сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс
жауап беруді меңгерту, жұмбақтар,
логикалық тапсырмалар орындау арқылы
оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін
кеңейту;
Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік
қорларын дамыту; монологты сөйлеу
шеберліктерін жетілдіру;
Сабақтың
көрнекілігі
: тапсырмалар жазылған қиықшалар,
интерактивті тақта, топшамалар
Көп
тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге
озар.
Қай
елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік
тілді үйренген жөн болар.
Ойынның
барысы:
1.Кіріспе. Сәлеметсіз бе
құрметті қонақтар, аяулы оқушылар,
қатысушылар. Бүгінгі сайысымызға қош
келдіңіз.
Сайысқа 8 оқушы қатысады.Тапсырма
саны-7,3 кезеңнен
кейін ұпай сандары аз ойыншылар ойыннан
шығады.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1.
«Бәйге»
.Сұрақ-жауап кезеңі. Әр
дұрыс жауапқа 1 ұпай
2.
«Зейін». Әр сөз
1 ұпай
3.
«Дәлел». Жұмбақ
шешу. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай, орысша
жауабына қосымша 1 ұпай
Осы
кезеңнен кейін ұпайы аз 3 ойыншы ойыннан
шығарылады.
4. «Зерде». 3 тапсырма.Әр
дұрыс тапсырма 1 ұпай
5. «Зерек».Тұрақты
тіркестер мен сөздіктер. Әр дұрыс жауапқа
1 ұпай
6. «Дарын». Логикалық тапсырма.
Әр дұрыс жауап 1 ұпай
7. «Дода». Әр
дұрыс жауап 1 ұпай
3.Сайыстың жүруі:
1-кезең
«Бәйге».
1-оқушыға:
1.
Зат
есім дегеніміз не?
2.
Мысал деген не?
3.
«Өзін-өзі жеңген бала» кім туралы?
4.
А.Құнанбаев кім?Қай жерде дүниеге келген?
5.
Нешінші сұрағына жауап беретін сөздер
ата.
6.Ешкінің
пірі, төлі қалай аталады?
2-оқушыға:
1.Етістік
деген не?
2.
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
3.
«Ұшқан ұя» мәтіні кім туралы?
4.
Қадыр Мырза Әли деген кім? Қай жерде
дүниеге келген?
5.
Не сұрағына жауап беретін сөздер ата.
6.Қойдың
пірі, төлі қалай аталады?
3-оқушыға:
1.Сын
есім деген не?
2.Ертегілердің
неше түрі бар?
3.
«Оқымысты бала» әңгімесі кім туралы?
4.Ы.Алтынсарин
кім? Қай жерде дүниеге келген?
5.Неше
сұрағына жауап беретін сөздер ата.
6.Жылқының
сүті қалай аталады?
4-оқушыға:
1.Сан
есім деген не?
2.Пейзаж
деген не?
3.
«Менің атым – Қожа» әңгімесінің авторы
кім?
4.А.Байтұрсынұлы
деген кім? Қай жерде дүниеге келген?
5.Қандай
сұрағына жауап беретін сөздер ата.
6.Жылқының
пірі, төлі қалай аталады?
5-оқушыға:
1.Жалғау
деген не?
2.Портрет
деген не?
3.
«Не үшін» өлеңінің авторы?
4.Ж.Жабаев
деген кім? Қай жерде дүниеге келген?
5.Кім
сұрағына жауап беретін сөздер ата.
6.Сиырдың
пірі, төлі қалай аталады?
6-оқушыға:
1.Түбір
деген не?
2.
Диалог деген не?
3.Бауыржанның
әкесі кім болған?
4.Ғ.Мүсірепов
деген кім? Қай жерде дүниеге келген?
5.Не
істеді сұрағына жауап беретін сөздер
ата.
6.Түйенің
пірі, төлі қалай аталады?
7-оқушыға:
1.Жұрнақ
деген не?
2.
Монолог деген не?
3.Қожа
қандай бала?
4.Б.Момышұлы
деген кім? Қай жерде дүниеге келген?
5.Кімдер
сұрағына жауап беретін сөздер ата.
6.Түйенің
сүті қалай аталады?
2-кезең
– «Зейін».
Есте сақтау қабілетін анықтауға арналған
тапсырмалар.8 сөз көрсетіледі, сосын
жабылады. Есінде қалған сөздерді жазу
керек. Ұпай саны жазған сөздеріне
байланысты есептеледі.
Кілем,
наурыз, көгершін, бәйшешек, алтыбақан,
балапан, сақина, оқулық.
3-кезең
– «Дәлел».
Жұмбақтар шешу. Әр оқушыға 2 жұмбақ
жасырылады.Әр жұмбаққа 10 ұпай,егер жауап
бере алмаған жағдайда келесі оқушыдан
сұралады. Ұпай саны тапқан оқушыға
қосылады.
1.Мамықтай
ұлпа,қанттай ақ.
Қыста жер бетін
басады,
Жазда сайға қашады.
Немесе-
қыста келген,көктемде еріген (қар-снег-snow)
2.Қаласы
бар,үйі жоқ.
Өзеңі бар,суы жоқ.
Орманы
бар,бүрі жоқ.
Бақшасы бар,гүлі жоқ.
( карта-карта-map)
3..Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың болса аттама!
4.Түк
білмей барасың,
Тәлім аласың.
Есейіп
кетсең де,
Қарыз болып қаласың. (
мектеп-школа-school)
5.Суға
батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед-ice)
6.Табаныма
байладым,қос таяқпен айдадым (
шаңғы-лыжи-snow-sri)
7.
Оқушыға күнде еріп жүретін не? (
күнделік-дневник-biary)
8.Сылдыр
сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ
болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады
? Жауабы: сүт – молоко
9.
Ақ
сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.
10.
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.
Жауабы: кiтап – книга
11.
Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың
ұясы.
12.Бала,
бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн
ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік
таянған? Жауабы: ана – мама
13.Жазудан
бір жалықпаған, жаза-жаза
арықтаған.
Мел-бор
14.
Ти десем, тимейді
Тиме
десем, тиеді
Осы
кезең бойынша жинаған ұпай сандары
есептеліп, ұпайлары аз 3 ойыншы ойыннан
шығады. Ойын әрі қарай 4 ойыншымен
жалғасады.
4-кезең
– «Зерде».
Әр оқушыға 3 тапсырмадан беріледі.Әр
тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.
(бала,
дәрі, құрылыс, қой, аң, еңбек, кітап)
1.Жұрнақ
2.Жалғау
3.Сөйлем
5-кезең
– «Зерек». Қатысушыларға
тұрақты тіркестер мен сөздік беріледі,
мағынасын табу керек.
1.Көзайымына
айналу –қуанышы болу
2.
Төбе шашы тік тұрды – қорықты
3.
Аспан айналып жерге түскендей – күн
қатты ыстық
4.
Жытыру – тығу
5.
Зауалын беретін – сазайын тартқызатын
6.
Қыңбау – қорықпау
7.Жабырқаңқы
- көңілсіз
8.Мәжнүн
– ессіз, ақылсыз
9.Сыбаға
– өзіне тиісті олжасы
10.Басына
іс түсу – қиындыққа тап болу
6
-кезең
– «Дарын».Түрлі
фигуралармен, белгілермен сөздер
беріледі, соны табу керек.3 мин уақыт
беріледі.
1. қара
2
.
қайық
3
.
қырық
4
.
сарқыт
а
й
қыр
тай
7-кезең
– «Дода».
Оқушылар берілген сөзді туынды етістікке,
күрделі етістікке, болымсыз етістікке
айналдырады.
Әшекей,
мекен, су, қыс
Қорытынды.
Ұпай саны көп оқушы жеңімпаз атанады.