Материалдар / Сыныптан тыс шара. Білім тарландары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара. Білім тарландары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал физика және математика пәндерінің мұғалімдеріне апталық кезінде өтетін сыныптан тыс шара ретінде қолданып, өткізуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

«Спортқа дарынды балаларға арналған

мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты» КММ

физика пәнінің мұғалімі

Жайлыбаева Сымбат Төлегенқызы

Сайыстың өтілу барысы:

Слайд № 1 (титул)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар!

2-жүргізуші: Слайд №2 (тақырып)

Мектебімізде жаратылыстану- математика бағыттағы онкүндік аясында 7 «а» сыныбында өткелі отырған «Білім тарландары» атты сайысымызға қош келдіңіздер ! Бүгінгі сыныптан тыс шарамызда өзіміздің теориялық білімімізді сайыс кезеңдеріндегі тапсырмаларды орындауда қолдана біліп, өмір мен байланысын көрсете білуіміз керек.

1-жүргізуші: Оқушылар бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық, алдарыңыздаға ұсынылған бір суретті таңдауларыңыз сұралады.(оқушыларды ортаға шақырып суреттер бойынша топқа бөлу)

2-жүргізуші: Слайд №4 (суреттер шығады)

Тақтаға қарап суреттер бойынша өз топтарыңызға орналасуыңыз сұралады.

1-жүргізуші: Оқушылар енді тақтадағы суреттерге назар аударайық, сурет туралы не айтар едіңіздер? ( оқушылар жауап береді)

Слайд №3 (суреттер талисман, эмблема)

2-жүргізуші: Ия, оқушылар дұрыс айттыңыздар.

1-жүргізуші: 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада болып өтті. Универсиада осы спорттың 12 түрінен өткізілді.

Бұлар: биатлон

  • шаңғы спорты,

  • кёрлинг,

  • коньки спорты,

  • шаңғы қос сайысы,

  • шаңғымен жарыс,

  • шаңғымен тұғырдан секіру,

  • сноуборд,

  • мәнерлеп сырғанау,

  • фристайл,

  • шайбалы хоккей,

  • шорт-трек.

1-жүргізуші:

Универсиадаға 57 елден 2000 мыңнан астам спортшы қатысты. Универсиада ойындарында 12 сайыс бойынша 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте Ресей командасы бірінші орын алды.. Екінші орында Қазақстан құрамасы. Біздің спортшылар байрақты бәсекеде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жеңіп алды.

2-жүргізуші: Қазақстандық спортшыларымызды мақтан тұта отырып,бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған жас спортшы сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.Жеңіп шығу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет.
1-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер, әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші:(әділқазылар алқа мүшелері мен таныстыру)

  1. Шапошникова Ольга Вясячеславовна жоғары санатты математка пәнінің мұғалімі

  2. Каримова Шолпан Нурболатовна ІІІ деңгейлі математика пәнінің мұғалімі

  3. Тюребаева Альфия Талгатовна физика пәнінің мұғалімі

  4. Зекенова Индира Канаткалиевна ағылшын пәнінің мұғалімі

  5. Ильясова Эльмира Мұратқызы мектеп психологі

1-жүргізуші: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Слайд№4 (сайыс кезеңдері) Ең алдымен сайыскерлер мен көрермендерді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік.

САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ: ( екі жүргізуші кезектесіп оқиды)

1.Топ таныстырылымы

2. Жедел сұрақтар эстафетасы

3. Логикондар (үштілде жауап беру)

3. Сен білесің бе?

4. Үй тапсырмасы

5. Топтар бірін-бірі бағалау.(Екі жұлдыз бір тілек)

6. Сыйлық (көрермендер сайысы)

(Әділқазылар қорытындысы)

1-жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастайық. Сайыстың шарты бойынша 1-ші кезеңінде топтар өздерін таныстырады.Әрбір топ өзінің тобының атын, ұранын таныстырады. Әзірлену уақыты- 2 мин. Іске сәт!

I. ТАНЫСТЫРУ 
(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) 
1-топ: «Серпін» тобы 
Ұраны: Жарыс десе жанамыз, 
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз. 
2-топ: «Ойшылдар» тобы 
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, 

Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 

2-жүргізуші:

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

Сайыстың 2-ші кезеңінде орындалатын тапсырма жедел сұрақтар эстафетасы

Слайд№6 (сұрақтар) Бұл турда сіздерге математика және физика бойынша сұрақтар беріледі. Сол сұраққа тез, дұрыс жауап берулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.

1-жүргізуші: Алдымен «Серпін» тобына сұрақтар қойылады

1.Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2-жүргізуші:

2.Физика нені зерттейді? (табиғат құбылыстарын)

1-жүргізуші:

3. 5 алманы 5 қызға тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек. (1 алманы себетпен қоса беру керек)

2-жүргізуші:

4.Дененің немесе заттың жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама қалай аталады? (температура)

1-жүргізуші:

5. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)

2-жүргізуші:

6. Бір зат молекулаларының екінші бір зат молекулаларына араласу құбылысы? (Диффузия )

1-жүргізуші:

7. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)

2-жүргізуші:

8.Күштің өлшем бірлігі қандай? (Ньютон)

1-жүргізуші:

9. Бос ыдыстың ішінде қанша жаңғақ бар? (0)

2-жүргізуші:

10. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (қар, мұз күйінде болады)

1-жүргізуші: Енді « Ойшылдар» тобына сұрақтар қойылады

1. 7 май шам жанып тұр. Екеуі сөніп қалды, қанша май шам қалды? (2)

2-жүргізуші:

2.Табиғи жарық көзі қалай аталады? (күн)

1-жүргізуші:

3.Үшбұрыштың төбесін  қарсы жатқан қабырғасынының ортасымен қосатын кесінді (медиана)

2-жүргізуші:

4.Күнге ең жақын планета ? (Меркурий)

1-жүргізуші:

5. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (параллель)

2-жүргізуші:

6. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

1-жүргізуші:

7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (1800)

1-жүргізуші:

8. Астрономиядағы белгілі зерттеу құралы (телескоп)

1-жүргізуші:

9. Ең кіші натурал сан. (1)

1-жүргізуші:

10. Физиканың басты зерттеу әдісі (эксперимент)

1-жүргізуші: Сайыстың 2-ші кезеңі бойынша бағалау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.

2-жүргізуші: Рахмет. Сайыстың 3-ші кезеңінде орындалатын тапсырма «Логикондар». Бұл тапсырмада әрбір командаға берілген математикалық және физикалық ұғымдарды өздері білетін түсініктерімен толықтырып,үш тілде жалғастырып жазу керек. Әр топқа әр пәннен 2 ұғымнан барлығы 4 тапсырма беріледі. (Слайд№5). Осы тапсырмалар жазылған қағаздар топтарға үлестіріледі. Тапсырмаларды алдыңыздар. Әзірлену уақыты 3 мин, ал қорғау уақыты - 2мин. Іске сәт! (оқушылар берілген бетті флипчартқа жапсырып, жалғастырып жазады) (логикондар шығарып әзірлеу, үштілде орындату)

Физика пәні бойынша: 1. Табиғат құбылыстары- Явления природы- natural phenomena

Найзағай-гроза – storm lighnning

Қар – снег- snow

Жел- ветер- wind (winder)

Кемпірқосақ – радуга-rainbow

Жаңбыр- дождь-rain

Бораг –метель- blizzoud

2. Заттың күйлері – Состояния вещества- states of matter

Қатты- твердый-solid

Сұйық – жидкость- liquid

Газ- газ- gas

Математика пәні бойынша:

  1. Шеңбер-окружность-circle (сээкл)

Радиус-радиус-radiuc (плэйдиес)

Центер-центр-centre (сеэнтэ)

Хорда-хорда-chord (коорд)

Диаметр-диаметр-diameter (дэаметэе)

  1. Үшбұрыш-треугольник-trianqle (чаййнгл)

Үшбұрыш төбесі-вершина треугольника-apex of the rianqle (эй пайкосбо чейнгол)

Қабырғасы-ребро-edqe (эдж)

Бұрышы-угл-uql (юджиал)

Медиана-медиана-median (мидиан)

Биіктік-высота-heiqht (хайд)

Биссектриса- биссектриса-bisector (бэсекся)

Ортада «Бәйтерек» биі орындалады. ( Оқушылар геометриялық фигураларға 28-ші қысқы универсиада алтын медаль жүлдегерлерінің суреттері көрсетілген фигуралармен билеп , соңында «Бәйтерек» бейнесін шығарады)

1-жүргізуші: Берілген уақыт аяқталды. Ортаға «...» тобын шақырайық. т.т.б.

( Топтарды қол соғып, қошеметтеп отырайық)

2-жүргізуші: Сайыстың 3-ші кезеңі бойынша бағалау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.

1-жүргізуші: Рахмет. Сайыстың 4-ші кезеңіндегі тапсырма «Сен білесің бе?».

Алдымен оқушылар физика мен математикадан берілген 3 тапсырманы орындайды, сосын сандықтағы тапсырманы орындайды.

2-жүргізуші: Оқушылар! 1-ші топ бірінші жолдың бір ұяшығын таңдаңыз, 2-ші топ осы жолдың бір ұяшығын таңдаңыз т.с..с. Соңғы тапсырманы алтын сандықтан таңдаңыз.Әзірлену уақыты 5 мин.

1-жүргізуші: Берілген уақыт аяқталды. Ортаға « » тобын шақырайық. т.т.б.

( Топтарды қол соғып, қошеметтеп отырайық)

1-жүргізуші: Сайыстың 4-ші кезеңі бойынша бағалау үшін сөз кезегі әділғазыларға берілсін.

2-жүргізуші: Рахмет. Өздеріңізге белгілі сайыстың 5-ші кезеңіндегі үй тапсырмасы Слайд№17 (ертегі) «Ерте, ерте, ертеде», яғни математикалық және физикалық ертегі құрастырып келулеріңіз керек болатын, әзірленген ертегілерді әділқазыларға тапсыруларыңыз сұралады.

( уақыт қалса мазмұнды бір ертегіні қойылым түрде көрсету).

1-жүргізуші: Сайыстың 5-ші кезеңін және барлық сайыстың қорытындысын әділғазылар жинақтағанша біз сайыстың соңғы кезеңіне кірісе берейік.

2-жүргізуші: Сайыстың соңғы кезеңін көрермендер мен ойнаймыз. Слайд№18 (сыйлықтар) Бұл кезеңде сыйлықтар ойналады. Сыйлықтар жұмбақпен жасырылған, шешуін тапқан көрермен сыйлығын алады.

1-жүргізуші: 1-ші сыйлық ойналады (Слайд № оқылады ). Жауабыңыз қабылданды, дұрыс жауабын көрейік. Дұрыс таптың, Жарайсың!

Алтын сандықтан сыйлығыңызды алыңыз. ( Таба алмаған жағдайда топ мүшелерінен сұралады.)

2-жүргізуші: 2-ші сыйлық ойналады (Слайд № оқылады) Жауабыңыз қабылданды, дұрыс жауабын көрейік. Дұрыс таптың, Жарайсың!

Алтын сандықтан сыйлығыңызды алыңыз. ( Таба алмаған жағдайда топ мүшелерінен сұралады.)

т.т.б. жалғасады. (Ослайша кезектесіп аяқталады)

1-жүргізуші: Біз сыйлықтарымызды ойнатып болдық. Енді екі топ бірін-бірі «Екі жұлдыз , бір тілек» бағалау түрімен бағаласын. Сөз кезегі «Серпін» тобына беріледі, келесі сөз кезегі «Ойшылдар» тобы баға берсін.

2-жүргізуші: енді сөз кезегін әділқазыларға береміз.(Әділқазылар сөйлейді.)

Сонымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысқа қатынасып, өз білім-

дерін, ұшқыр ойларын білдірген оқушыларымызды тағы қол шапалақтап қошемет көрсетіп жіберейік!

1-жүргізуші: Ортаға бүгінгі кеште ерекше танылған топ, яғни сайыс жеңімпаздарын шақырайық. Құттықтаймыз! (Басқа топтарға да беріледі)

Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі: Гүлназ Айсағалиқызына беріледі.

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысқан, көрермен болған оқушыларға, ұстаздарға көп-көп рахмет! Сайысымыз аяқталды.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысты жүргізген: Опиева Алуа «9а»сынып оқушысы,

2-жүргізуші: Сатқан Бауыржан «9ә» сынып оқушысы (кезектесіп айтады.)

Қош сау болыңыздар! (бірге айтады)



































































































Физика пәні бойынша: 1. Табиғат құбылыстары- Явления природы- natural phenomena

Найзағай-гроза – storm lighnning

Қар – снег- snow

Жел- ветер- wind (winder)

Кемпірқосақ – радуга-rainbow

Жаңбыр- дождь-rain

Бораг –метель- blizzoud

2. Заттың күйлері – Состояния вещества-

Қатты- твердый-solid

Сұйық – жидкость- liquid

Газ- газ- gas

Математика пәні бойынша:

  1. Шеңбер-окружность-circle (сээкл)

Радиус-радиус-radiuc (плэйдиес)

Центер-центр-centre (сеэнтэ)

Хорда-хорда-chord (коорд)

Диаметр-диаметр-diameter (дэаметэе)

  1. Үшбұрыш-треугольник-trianqle (чаййнгл)

Үшбұрыш төбесі-вершина треугольника-apex of the rianqle (эй пайкосбо чейнгол)

Қабырғасы-ребро-edqe (эдж)

Бұрышы-угл-uql (юджиал)

Медиана-медиана-median (мидиан)

Биіктік-высота-heiqht (хайд)

Биссектриса- биссектриса-bisector (бэсекся)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!