Материалдар / Сыныптан тыс шара "Білмегенді-үйрендім, Үйренгенді-меңгердім" 5-11 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Білмегенді-үйрендім, Үйренгенді-меңгердім" 5-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал технология,көркем еңбек пәні мұғалімдеріне көмегін тигізеді деген ойдамын.Мұғаліммен бірге оқушылар практикалық жұмысты жасап көрсетеді.Сыныптан тыс шара болғандықтан басқада пән мұғалімдері қызығушылықтарын танытып жатты.Болашақта оқушыларғада қосымша мамандық таңдауға көп көмегі тиеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2018
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітілді»

Оқу ісінің меңгерушісі:

Атанбай А.С__________

« » « » 2017-18 о.ж

Сыныбы: 5-11

Тақырыбы: «Білмегенді- үйрендім, үйренгенді- меңгердім»

Мақсаты: Оқушылардың жыл бойына алған білімдерін қорытындылау бағытында өз қолдарынан не келетінін, не үйренгендерін ,нені меңгергендерін іс жүзінде көрсету арқылы дәлелдеуі.Қазіргі заманға лайықты сапа, түр беріп тұратын сәндік бұйымдар жасап үйрету.Қосымша мамандық ретінде оқушылардың қолөнерге, аспаздыққа, тігіншілікке деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: практикалық

Шараның өткізілу барысы:

Жүргізуші:

Шешендікті құрметтеп барлық елде,

Сөз тапқанға дауа жоқ, әрбір жерде.

Сөз жүрегі мақал деп босқа айтпаған

I.Қалыппа екен қыздарымыздың сол есінде,-деп мақалмен бастасақ.

Мақалдың жалғасын тап:

1.Еңбегі бардың .........бар(өнбегі )

2.Өнерсіздің бір саусағы......(кем)

Өнерлінің он саусағы.......(тең)

3.Алтын балтаның сабыда.....(ағаш)

4.Көрнекті ісің......болады(үлгі)

Көрнексіз ісің..... болады(күлкі)

5.Өнерлінің ...........алтын(қолы)

Өлеңшінің...........алтын(сөзі)

6.Қыздың шебер боларын........танырсың(бармағынан)

II.Ендігі кезекте «Дәмді асхана» айдарына берсек.

6- сынып қыздары Аяна мен Динараны ортаға шақырайық.

Кыздарымыз тез жасалатын тәтті дайындайды. «Рафаэлло»

Печенье және вафлиді оқтаумен үгітіп,қойылтылған сүт қосып арластырып шариктер жасайды.

III.Әркімге керек қолөнер,

Он саусаққа он өнер.

Түгел болар дүниең,

Біліп алсаң оны егер.

«Керек кеңес» айдары.

Пластикалық бөтелкелерден мастер класты тамашалауға шақырамыз.

IV. Бір тігіспен тігілетін кешкі көйлек. Мастер класс.

Технология пән мұғалімі: Анар Рахатқызы көрсетеді.

V.Сән үлгісі.

10-сынып оқушылары өз қолдарымен технология сабағында тіккен иық бұйымдарын көрсетеді.

Біздер осымен шарамызды аяқтай келе оқушыларымыздың жасап көрсеткен жұмыстарына қарап қаншалықты үйренгенін,меңгергенін біліп отырмыз.

Оқушыларға шығармашылық табыс тілей отырып,қонақтарға шараға қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз

VI. Қорытындылау.

Сөз кезегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұржан Берікұлына беріледі.

.Сау болыңыздар!



























Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп – балабақша кешенінің технология пәні мұғалімі Калиуллина Анар Рахатовнаның 2017-2018 оқу жыл бойынша үйірме есебі

Қазақ халқының қол өнері сан ғасырлық ақыл-ойдың тәжірибесі, оны түсіне білу мен шеберліктің құдіретті туындылары шеберлердің қолынан шыққан туынды. Ол адам жанын байытып, көңіл көк жиегін кеңейту құралы іспетті. Балалар тәрбиесіне қосатын орасан зор үлесі бар.

Мақсат-міндеттері:

Балалар қолөнер бұйымдарын жасай отырып, сабырлылық, татулық, шыдамдылық, адамгершілік пен әдемілік секілді қасиеттерді бойына дарытады. Осы бағытта үйірме жетекшісінің алдына қойған мақсаты нәтижелі шығуы үшін оқушылармен жеке дара немесе топтастырып жұмыс жасауға баулу. Оқушының қолөнерге деген қызығушылығын оятып, білуге, үйренуге ұмтылдыру. Сондықтан баланың сабаққа қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, тәрбиелеу мақсатында үйірмеге қажетті материалды түрлі ақпарат көздерінен (интернет, газет-журналдар, оқулықтар) іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты көрнекі құралдарды , құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануды меңгерту. Қарапайы түстерді үйлестіруге, эскиз дайындауға, материал таңдауға дұрыс бағыт бере отырып, шығармашылыққа баулу. Үйірмеде шығармашыл, қабілетті, ізденімпаз, көппен жұмыс жасай алатын оқушылар қалыптасады. Ұлттық қолөнердің идеялық-тәрбиелік маңызы болашақ мамандардың еңбекке деген құлшынысын оятып, халық шеберлерінің туындыларына, олардың жасаған құнды шығармашылықтарына деген қызығушылығын ұлғайту.Соның нәтижесінде олар ғасырлар бойы халық шеберлері жасаған құнды шығармаларға өз бетінше талдаулар жасап,сұлулық пен әдемілікке, өнерге деген өздерінің жеке пікірлерін қалыптастырады. Сонымен қатар қолөнер туындыларын оқушылар өз бетінше талдау арқылы шеберлік деңгейін жоғарғы сапада көрсете алады.

Қамтылатын тақырыптар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, икемділігіне қарай, жеке және топтасып орындайтын жұмыстардың күрделілігіне байланысты жоспарланады.Атап айсақ:

Киригамми (қағаздан 3Д суреттерін қиып ашық хаттар жасау)

Крейзи (тоқыма жіптен өрнектеу арқылы картина жасау)

Скрап букинг (әр түрлі шілтер,қатырма қағаздармен дәптердің сыртын әрлеу)

Кинусайга (тігіссіз құрақ құрау)

Канзаши ( атлас ленталармен шашқа тағатын бұйымдар жасау)

Кусудама ( қағаздарды бүктеу арқылы желімсіз шарлар дайындау)

Текстильді қуыршақтар (матадан тігілген қуыршақтар)

Фельтинг (жүннен арнайы кертпесі бар инемен жанши отырып, картина жасау)

Вафли драпировкасы (матадан жасалатын өлшемді нүктелі кесте)

Бисер (кеселеу,сәндік бұйымдар жасау)

Осы тақырыптарды пысықтау барысында 2016 жылдан бастап оқу жылы аяғында оқушылармен ұстаздар арасында мастер класты ұйымдастырып келемін. Бұндай шарада оқушылар әр қайсысы өздерінің үйренгендерін ортаға салып көрсетеді. Биылда 2017-2018 оқу жылында үйірмеге оқушыларды тарту мақсатында «Өнерліге өріс кең» атты мектеп ішілік ашық есік күні ұйымдастырылып, мастер класс көрсетілді.





Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасауда жоғары этетикалық талғамға қол жеткізіп, сұлулық пен әсемдікті аса жоғары бағалап эстетиканы этикамен ұштастыруға баулу және үйрету өз міндетім деп білемін















































































































































































Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені









Тақырыбы: «Білмегенді үйрендім,

үйренгенді меңгердім»

(сыныптан тыс шара)









Сыныптар: 5 - 11 сынып

Өткізген: технология пәні мұғалімі

Калиуллина А.Р

2017-2018 оқу жылы









Хабарландыру



Ұстаздар,оқушылар!

Сіздерді бүгін 17-сәуір күні сағат 15.30 технология және бейнелеу өнері апталығы аясында ұйымдастырылып жатқан «Білмегенді уйрендім, үйренгенді меңгердім» атты тақырыпта 5-11сынып оқушылары аралығында өтетін шеберлік сыныбын тамашалауға шақырамыз.



Бағдарламада:

1.Мақалдың жалғасын тап

2.Дәмді асхана

3.Керек кеңес айдары

4.Бір тігісті кешкі көйлек

5.Сән үлгісі











Жауапты: технология пәні мұғалімі Калиуллина А.Р

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!