400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара Биология әлеміне саяхат 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға білімдерін жинақтауға, табиғатты сүюге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы «№6 ЖОББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі А.Ж.Жұмағазина

Сыныбы: 7 сыныптар

Сабақтың тақырыбы: Биология әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулу, өсімдіктердің таңғажайып түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру

Міндеттері:

1.Білімдік: Оқушыларға жемістердің түрлері,құрамы,адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру

2.Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушылардың жеке,топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарастарын дәлелдеп қорғай білу,танымдық қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік:Оқушыларды табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға,экологиялық мәдениеттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық сайыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар

«Биология әлеміне саяхат» атты 7— сыныптар арасында биология  пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен  таныстырып өтетін болсам:

Тапқыр,білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Топтарды таныстырып кететін болсам:

1-топ: «Бәйшешек»

2-топ: «Қызғалдақ»

3-топ: «Жауқазын»

Сайыс турлары:

I. «Ойлы болсаң - озып көр» қызықты сұрақтар-10ұпай

II. «Өсімдіктерге байланысты метафорлық теңеулер» - 5 ұпай

III. Логикалық сұрақтар?-5 ұпай

IV. «Менен сұрақ, сенен жауап» кезеңі жұмбақ шешейік 5 ұпай

V. Жарнама – біздің өмірімізде -5 ұпай

Ұранымыз:

1-топ. –Біздің топтың аты: «Бәйшешек»

-Біздің ұран:

Біз «Бәйшешек» тобымыз, 
Білімі көпке танылар. 
Сынасуға келсең –кел, 
Сайыста бәрі сыналар. 

2-топ. –Біздің топтың аты: «Қызғалдақ»
-Біздің ұран:

Тобымыз біздің «Қызғалдақ»,

Талғаммен қара жарыспас. 
Ойланып әрбір ойынды, 
Сайысың болсын жаңылмас. 

3-топ. –Біздің топтың аты: «Жауқазын»
-Біздің ұран:

Тобымыз біздің «Жауқазын»,

Серпілдер, көңіл күй сыйлап.

Сайыста бірлік танытар

Жеңіске мықты танылып.


I-кезең. «Ойлы болсаң - озып көр» қызықты сұрақтар

«Бәйшешек» тобының сұрақтары:

  1. Жасыл эвгленаның қозғалыс мүшесі (талшық)

  2. Өсімдікке тән органоид? (пластид)

  3. Өрмекшітәрізділердің тыныс алу мүшесі (дем түтік)

  4. Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (жылдықсақина)

  5. Вегетативті мүшелерді атаңыз? (тамыр, сабақ, жапырақ)

  6. Эндопаразиттер дегеніміз не? (организмнің ішінде тіршілік ететін паразит)

  7. Діні ең жуан ағаш (баобаб)

  8. Прокариоттар дегеніміз не? (ядросы жоқ ағзалар)

  9. Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша, көктерек)

  10. Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)




«Қызғалдақ» тобының сұрақтары:

  1. Қызғалдақтың отаны атанған ел (Қазақстан)

  2. Алма,шие,өрік қай тұқымдасқа жатады? (раушангүл тұқымдасы)

  3. Лейкопласт дегеніміз не? (өсімдікте қор жинауға қатысатын түссіз пластид)

  4. Ұлғайтқыш құрал (микроскоп)

  5. Эукариоттар дегеніміз не? (ядросы бар ағзалар)

  6. Тозаңдану дегеніміз не? (аналық аузына аталық тозаңның келіп түсуі)

  7. Өсімдіктің өсімді мүшесі (жапырақ)

  8. Генеративті мүшелерді атаңыз (гүл, жеміс, тұқым)

  9. Орман тазалықшысы атанған құс (тоқылдақ)

  10. Буынаяқтылардың денесінің сырты немен қапталған? (хитин)




«Жауқазын» тобының сұрақтары:

  1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)

  2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)

  3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)

  4. Өсімдіктің көбею мүшесі (гүл)

  5. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)

  6. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)

  7. Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)

  8. Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)

  9. Ұша алмайтын құс (Пингвин)

  10. Үндістан ненің отаны:     (Күріш)


ІІ-кезең. Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер-10ұпай

Оқушыларға уақыт беріледі әр сөздің қасына тиісті сөздерге стрелка қою арқылы дұрыс жауабын табамыз


1.Кактус – түн аруы

2. Күріш – ақ маржан

3. Мақта – ақ алтын

4. Бәйшешек – көктем гүлі

5. Картоп – екінші нан

6. Емен – ағаш алыбы

7. Зығыр – жібек түрі

8. Итмұрын – емдік бұта

9. Жүзім – оңтүстік шырыны

10. Сексеуіл – оңтүстік отыны




ІІІ.Логикалық сұрақтар

І-топ:

1 сұрақ. Екі қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда қанша саусақ бар? /50/

2 сұрақ. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастадық, қанша бұрыш қалды? /5/

3 сұрақ. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын 1,5 есеге арттыр. /999/



ІІ-топ:

1 сұрақ. 3 майшам жанып тұр еді 2-уін сөндірсе нешеуі қалады? /3/

2 сұрақ. Апамнын сандығында бәрі бар ,не жоқ? /бос орын/

3 сұрақ. Бұл жануарда 2 оң аяқ және 2 сол аяқ, 2 аяғы алдында, сонша аяқ артында. Бұл жануардың аяғы нешеу /4/


ІІІ-топ:

1 сұрақ. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг?( 3кг)

2 сұрақ. Балықтар неліктен сөйлемейді?(Су жұтып қоймау үшін)

3 сұрақ. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).



IV. «Менен сұрақ, сенен жауап» кезеңі қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық – әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай

1-топ: «Бәйшешек»

  1. Атасы қисық ағаш,

Анасы жайма шелпек,

Бір сабақта құж-құж жентек (жүзім-виногад-grape)

  1. Сайқымазақ қулығы бар

Барған жерде ұрлығы бар

Бұл қандай аң ұғып ал (түлкі-леса-fox)

  1. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз-лук-onion)

  1. Бұл не деген көп киім,
    Жетпіс қабат көк киім? 
    Үй ішінен табасың.
    Тамаққа да саласың (
    қырыққабат-капуста-cabbage)

  2. Екі ағайынды, екеуі де бір үйде

Бірін-бірі көрмейді.                     (Көз – глаз –eyes)



2-топ: «Қызғалдақ»

  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр. (қызылша-свекла-beet)

  1. Тәтті көрсе бас салар ,
    Айнымайды баладан
    Үп үлкен боп жасқанар
    Кіп-кішкентай арадан
    (Аю-медведь-bear)

  2. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым.        (Сәбіз - морковь - carrots)

  1. Күннің нұрын сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым жоқ мойнымда,

Үлкен қапақ киемін.        ( Күнбағыс- подсолнечника - sunflower)

  1. Үлкендігі алмадай,

Сырты жанған қызыл от,

Ішін жарып қарасаң,

Майда ,майда қызыл шоқ (анар-гранат-romegranete)


2-топ: «Жауқазын»

  1. Тоқсары емес, сары,
    Дөңгелек емес, сопақша,
    Көкөніс емес, жеміс
    Бұл не? (
    лимон-lemon)

  2. Көк ала киім киеді
    Күнді болса сүйеді
    (карбыз-арбуз-watermelon)

  3. Қанаты бар ұшпайды, 
    Жұрт айламен,ұстайды.
    (Балық – рыба - fish) 

  4. Қанаты жоқ – ұшады,
    Аяғы жоқ – қашады.
    (Жел – ветер - the wind)

  5. Көкпеңбек еді көктемде,
    Қызарды күзге жеткенде.
    (алма-ябоко-apрle)



V. Жарнама – біздің өмірімізде -5 ұпай


“Артық болмас білгенің” Видео «Табиғат кереметтері»


Әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.

Сөз кезегін әділ – қазы алқаларына береміз. Ендігі кезек марапаттау кезеңіне өтеді.
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,

Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.

Ей болашақ саулығың өз қолыңда,

Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

Сайысқа қатысушыларға және көрермендерге алғысымызды білдіреміз! Келесі кездескенше сау болыңыздар! Шуақты күндерде жолыққанша!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
2587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі