Материалдар / Сыныптан тыс шара: «Біз білімді де, салауатты тәуелсіз ел ұрпағымыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара: «Біз білімді де, салауатты тәуелсіз ел ұрпағымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 5 сынып оқушыларын қамтитын денешынықтыру пәнімен кіріктірілген сыныптан тыс шара. Оқушыларды спорттық ойындар арқылы ежелгі Қазақстан тарихынан білімдерін толықтыру, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамгершілік қасиеттерді дамыту. Этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2021
579
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс шара тақырыбы:

«Біз білімді де, салауатты тәуелсіз ел ұрпағымыз»


Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындар арқылы ежелгі Қазақстан тарихынан білімдерін толықтыру, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамгершілік қасиеттерді дамыту. Этикалық және эстетикалық тәрбие беру.


Түрі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: Доп,кедергілер,скакалка,ракетка, себет, қапшық. Әр топтың эмблемалары болады.

Қатысатын оқушылар: 5 сыныбынан 7 оқушыдан , екі топ және екі сыныптың оқушылары.

Пән байланысы: Қазақстан тарихы , дене шынықтыру пәні.

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:
Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет.. Бүгінгі өткізгелі отырған «Біз білімді де, салауатты тәуелсіз ел ұрпағымыз» атты жарыс сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жарысқа қатысатын топ мүшелерін сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық.

Жарысымызды бастамас бұрын әділ- қазылармен таныс болайық.
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз
.
Қазылар алқасы оқушыларға таныстырып өтіледі.
Ойын 6 кезеңнен тұрады әр кезеңді әділ –қазылар 1-5 аралығында ұпайлар қояды, сонымен бірге топ жетекшілері арасында сайыс және жанкүйерлермен сұрақ –жауап жүргізіледі.
Кезеңдермен таныстыру:

1.Питекантроп пен синантроп адамдардың аңға шығу алдыңдағы дайындығы Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сыңар аяқтап  секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады. Саптың соңындағы оқушы сұрақ жазылған конвертті алады, сұраққа жауап береді.

 2.  «Бифасты қолдану тәсілі» Доппен жарыс

Бірінші бала баскетбол добын алып, еденге соғып межеге жүгіріп барады да, допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Саптың соңындағы оқушы сұраққа жауап береді.

 3. Неандертальдар аңға шықты. /Қаппен жарыс/

Екі команда  ойыншылары бір-бірден шығып,қапты киіп жарысады, Соңғы оқушы сұраққа жауап береді. 

4.  Аңға шығардағы магиялық әдіс./ Таяқша және скакалкамен секіру ойыны/

Бірінші ойыншы  қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан скакалкаға дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойып, скакалкамен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, скакалканы тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай  жалғаса береді. Соңғы оқушы сұраққа жауап береді.

 5.Бизонды көздеп ату. Себетке заттарды дәл тигізу. Соңғы оқушы конверттегі сұраққа жауап береді.

6. Капитандар сайысы / Блиц сұрақтар/

Қазылар алқасы сайыстан бірінші келген топтың уақытын және дұрыс жауаптарын бақылау

Спортты серік ете біл,
Жарысқа түсіп қалайда.
Ата-баба тарихы Білім берер , күш берер –дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыру»

Сайыс тәртібі:

1.Кезең Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек)
эмблемаларын таныстырады.

Әділ-қазылар бағалауы

2. Кезең.

Питекантроп, синантроп адамдардың аңға шығу алдыңдағы дайындығы

Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сыңар аяқтап  секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады. Саптың соңындағы оқушы сұрақ жазылған конвертті алады, сұраққа жауап береді.

  Питекантроп, синантроп отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері,

Әр бірінің жігер – күші жалындап

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені

Сұрақ: 1. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылған жер/Ява аралы/

2. Кениядан табылған алғашқы адам қалай аталады? / Епті адам/

Әділ-қазылар бағалауы

3.  «Бифасты қолдану тәсілі» Доппен жарыс

Бірінші бала баскетбол добын алып, еденге соғып межеге жүгіріп барады да, допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Саптың соңындағы оқушы сұраққа жауап береді.

Сұрақ: 1.Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас / Бифас/

2.Ш. Уәлиханов атындағы тұрақтың қалындығы неше метр болады? /7 метр/

Әділ-қазылар бағалауы

4. Неандертальдар аңға шықты. /Қаппен жарыс/

Екі команда  ойыншылары бір-бірден шығып,қапты киіп жарысады, Соңғы оқушы сұраққа жауап береді. 

Аңшылық десе таза біздің арымыз,

Жалындайды жүгіргенде жанымыз.

Мергендікпен ұстаған «жануарларды»

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

Сұрақ: 1.Көне заманда Жезқазғанда 1 миллион тоннадай кен өндірілді деген қай ғалым? / Қ. И. Сәтбаев/

2.Қола дәуіріндегі ежелгі қала?/Арқайым/

Әділ-қазылар бағалауы



5.  Аңға шығардағы магиялық әдіс./ Таяқша және скакалкамен секіру ойыны/

Бірінші ойыншы  қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан скакалкаға дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойып, скакалкамен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай  жалғаса береді. Топ мүшесі сұраққа жауап береді.

Сұрақ: 1.Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттеу үшін қай жылы археологиялық экспедиция құрды? /1946 ж./

2. Көкшетау жерінде зерттелген Шағалалы қонысынан не табылды?/Қола шалғы/

Әділ-қазылар бағалауы



6.Бизонды көздеп ату. Себетке заттарды дәл тигізу. Топ мүшесі конверттегі сүраққа жауап береді.

Сұрақтар:1. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Ата Заңы қай жылы қабылданды?/1995 ж, 30 тамыз/

2. 1993 жылы төл ақшамыз шықты. Қай айда және қай күні? /15 қараша/

Әділ-қазылар бағалауы



7. Топ басшыларының сайысы / Блиц сұрақтар/

1 топтың басшысына

1.Неандерталь адамы табылған жер /Германия/

2.Жер беті күрт суи бастады?/ 100 мың жыл бұрын/

3.Алғашқы адамдардың құралдары неден жасалды? /тастан/

4.Кения жерінен табылған алғашқы адамды қалай атады? /епті адам/

5. Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған кезеңі/ерте палеолит

6.Ең бірінші қолданған металл /Мыс/

7.Пиктография дегеніміз не?/тасқа түсірілген хат- суреттер/

8.1100 тонна қалайы шығарылды деген, ол қай кен орындар? /Нарым мен Қалба/

ІІ топтың басшысына

  1. «Кроманьондық адам» қайдан табылды?/Франция/

  2. Микролит деген /ұсақ жаңқа тастар/

  3. Мезолитте пайда болған қару / садақ пен жебе/

  4. Бағыштау дегеніміз/инициация/

  5. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелілігі/жерлеу орындарының ірілігі/

  6. Андрондықтардың бет-бейнесіқай нәсілге жатады? /еуропеоид/

  7. Қыш құмыралар заманы -/неолит/

  8. Бұдан 13 мың жыл бұрын не болды? / мұздық еріді/


Әділ-қазылар бағалауы


- Әділ –қазылар бүгінгі сайысымыздың әділ қорытындысын шығарғанша осы топтардың жанкүйерлерімен сұрақ –жауап сайысын бастаймыз

8.Жанкүйерлерге арналған сұрақтар

1. Жіп орнына не пайдаланды?/Жануарлардың сіңірлері/

2. Гректер сақтарды қалай атады?/Азиялық скифтер/

3. Парсылар сақтарды қалай атады?/Құдіретті еркектер/

4. Тиграхаудтар қай жерде мекендеген/Жетісу, Тянь-Шань/

5.Кир кімнен жеңілді?/Томиристен/

6.Шырақ малшы кімнің әскерін шөлді далаға апарып тастайды?/І Дарий/

7.Исседондар Қазақстанның қай өңірінде мекендеген?/Орталық Қазақстан/

8.Ратайштар дегендер-/жауынгерлер/

9. Қорытынды

Білімге биік сеніңіз,
Сайыста жеңген әр топқа
Әділ баға беріңіз! – деп сөз кезегі қазылар алқасына
(әділ-қазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялайды).
Назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Дұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау, білімдеріңіз терен болсын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз. Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын.








 















Қарағанды қаласындағы № 86 ЖББМ



Тақырыбы: «Біз білімді де, салауатты

тәуелсіз ел ұрпағымыз»




Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 5 сыныптарына сабақтан тыс шара /тарих және дене шынықтыру пәндерінен кіріктірілген шара/

Дайындағандар: тарих пәні мұғалімдері Зекенова А.Ы., Сыздыкова А.А.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!