Сыныптан тыс шара "Болашақ мектептеп басталады!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Болашақ мектептеп басталады!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік концерт
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы,

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы

Жосалы ОМБК тәлімгері Н.Ихсанова


Мерекелік концерт

1-жүргізуші:

Армысыздар жас ұрпаққа білім мен тәрбиені егетін аяулы жандар!

2-жүргізуші:

Армысыздар ардақты ұстаздар!

1-жүргізуші:

Адамзат ықылым заманнан білімге бас қоюмен келеді. Өйткені, білім арқылы ғаламның ғаламат сыры ашылды. Өмір өзгеріп, қоғам дамыды. Қазір де барлық әлем сол білімнің алтын ордасы мектепті құрмет тұтады.

2-жүргізуші:

Бүгінгі күні еліміздің мектептерінде сан мыңдаған ел ертеңі білім алуда. Солардың ішінде жауынгер ақын, ер бабамыз Абдолла Жұмағалиев атындағы қара шаңырақтың да өз үлесі бар.

1-жүргізуші:

Бұл мектептен есімі елге белгілі талай ардагер азаматтар қанаттанды. Бүгінгі жас ұландардың ішінде де алда жүрген жүйріктері жетерлік. Бұлардың бірі өнерімен, бірі білімімен, бірі балауса жырымен танылған таланттар.

2-жүргізуші:

Әрине, жақсы ұстазсыз жақсы шәкірт те болмайтыны белгілі. Біздің де оқушыларымыздың жетістіктерге жетуіне ұстаздар қауымының қосып жатырған үлесі аз емес.

1-жүргізуші:

Жақсыға жан сүйсінеді емес пе?! Біз де мектебімізде саналы ұрпақтың сапалы біліммен қаруланып жатқанына мерейленеміз. Реті келгенде оқушылармыздың өнер, білімін ел жұрттың талқысына салып, ұсынатынымыз да бар. Бүгінгі шараның барысында біз сіздерге өз ұландарымыздың дарынының бір үзігін көрсететін боламыз.

2-жүргізуші:

Ендеше, «Болашақ мектептен басталады» атты шарамызды бастаймыз!

/Хабарлаусыз: «Саыарқа» биі/

1-жүргізуші:

Олай болса алғашқы сөз кезегін мектеп директорыны Әскербек Серікқалиұлына береміз.

2-жүргізуші:

Келесі сөз кезегін кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырғали Қамешұлына береміз.

1-жүргізуші:

Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ән: «_________________________________________»

2-жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың ақ бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Ән: «________________________»

1-жүргізуші:

Мектеп - сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп – сенсің жамандықты күйреткен.

Мектеп – сенсің жақсылықты ұран қып,

Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

2-жүргізуші:

Мектеп деген – білім кені, жыр кені,

Мектеп деген - ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген – тәрбиеші адамға,

Мектеп деген – даналардың мекені.

Келесі кезекті жырқұмар жастарымызға береміз.

/Мәнерлеп оқу Ғабдықұл Арман «Бүгінгі Қазақстан», Қосанов Аман «Қызыл кітап», Серік Гаухар, Кәрімжан Айсұлу, Серікқали Аружан, Уразова Гүльфия/

2-жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашайық.

Барлығын таң қалдырып,

Өнерден күмбез жасайық.

1- жүргізуші:

Саусағыңнан бал тамған,

Сан түрлі бүгін күйші бар.

Бұрала басып билейтін,

Буынсыз сұлу биші бар.

«Айгөлек» би үйірмесінің бишілерінің орындауында «Валенки» биін тамашалаңыздар

2-жүргізуші:

Шарықтасын шат көңілдің алабы,

Шат жүрекке ақ тілектер қонады.

Дархандай кең біз қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы.

1-жүргізуші:

Денсаулық-ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

1-жүргізуші:

Күлкісіз әр таң атпасын,

Әрқашанда шарықтасын жақсы атың.

Өнерімен түрлі сайыстарда көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Қоңыр қырандары» командасының өнерін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: _________________________________

2-жүргізуші:

Оятып таңның бұлбұлын

Құстары келсе көктемнің,

Кеудеме тағып қыр гүлін

Жайнатты мені, мектебім!

1-жүргізуші:

Жомарт қолмен жылды аттап

Жинаса жұрт еккенін,

Алтын күзбен құндақтап

Нұрланттың мені, мектебім!

2-жүргізуші:

Көрсең жазғы даланың

Жұпар желі ескенін,

Жаз болғай деп жанарың

Демедің мені, мектебім!

1-жүргізуші:

Өмір деген биіктің

Ең алғашқы өткелін.

Сездім тұңғыш, сүйіктім,

Сенен алтын менің мектебім!

Міне, ардақты ағайын, осымен «Болашақ мектептен басталады» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды.

Екі жүргізуші бірге: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі